Астана жастары ақын Бақытбек Смағұлмен кездеседі

Бөлісу:

13.04.2015 3238

Бақытбек Смағұл.jpg

Астана қаласында сәуір айының 17 жұлдызында, сағат 15:00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Әдебиет порталы» мен «Тұлғатану» жобасының ұйымдастыруымен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, қоғам қайраткері, ақын Бақытбек Смағұлмен кездесу кеші өтеді.

Ұлттық құндылықтарды үнемі насихаттап жүретін, асқақ рухты танымал тұлғамен болатын кездесу барысы еркін диалог ретінде өтеді. Студенттер мен кеш қонағы арасында ұлттық рух, отаншылдық, ар, намыс, ерлік, мемлекетшіл биік сана секілді өзекті тақырыптар қозғалады.

Ел үшін қабырғадан қан кешіп, қас маңдайын қарысы бораған оққа тосып, ажалға қарсы жүгірген қас батырлық туралы әңгімелер айтылып, Бақытбек Смағұлдың патриоттық тақырыптағы өлеңдері оқылады. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайлас келіп отырған іс-шараға халық арасында орасан қара күшімен танылып жүрген балуандар мен Астанада тұратын белгілі ақындар, өнер жұлдыздары қатысады деп күтілуде.

Астананың барша жастарын шақырамыз!


Өтетін орны: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев (Мирзоян) көшесі, 2, ЕҰУ бас ғимараты, 208 Тұңғыш Президент аудиториясы. Кіру тегін.

Бөлісу:

Көп оқылғандар