Халықаралық «ПОЛИФОНИЯ-2015″ әдеби фестивалі өтеді

Бөлісу:

23.09.2015 2360


Polyphony_logo_2015_1000pt.jpg

Халықаралық «Полифония-2015» әдеби фестивалі 29 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. 


«ТЫҢДАУ. ОҚУ. ТҮСІНУ» – осы төрткүндік әдеби құрылтайдың басты ұраны. Фестиваль оқырман қауымына, авторлар, аудармашылар мен баспагерлерге арналған.


Екінші халықаралық «Полифония» әдеби фестивалі былтырғы құрылтайдың түрлі бағыттағы және көп тілді әдебиетінің дәстүрлерін жалғастырады. Өткен жылы Алматыға бірдей емес тілде ойлайтын, сөйлейтін, жазатын, бірақ әдебиет пен мәдени диалог арқылы ортақ тіл таба алатын Жапония, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Латвия, Италия мен Белорус елдерінен қонақтар келді.


2015 жылғы «Полифония» шеңберінде өтетін дәрістер, мастер-класстар, дөңгелек үстелдер, музыкалық-поэтикалық кештер мен конкурстар кез келген жастағы мен сан алуан әлеуметтік топтарды қамтуға бағытталған. Фестиваль шаралары үш негізгі бағытта жүргізілетін болады:


  • мәдени-көпшілік – әдеби кештерде алматылықтар мен оңтүстік астананың қонақтары қазақстандық авторларды ғана емес, шетелдік қонақтарды да тыңдай алады, жазушылармен сөйлесе алады;
  • ғылыми-көпшілік – қазақстандық, шетелдік филологтардың, жазушылардың дәрістері, дөңгелек үстелдері мен мастер-класстары тек қана кәсіби қалам қайраткерлері үшін емес, сонымен қатар бүкіл әдебиетсүйер қауым үшін қызықты болады;
  • отбасылық – балалалға мен олардың әке-шешелеріне арналған балалар әдеби конкурсы, балалар қаламгерлерімен кездесулер, жазушылық шеберлікке, кітаптарды безендіруге үйрететін семинарлар мен мастер-класстар өтеді.


Фестивальдің мақсаты – кітап оқуды насихаттау, қазақстандық әдебиет пен баспагерлік істі дамыту, Республикамызда сапалы әдеби ортаны құру. Бұл міндеттерге Қазақстанда тұратын халықтар мен ТМД шеңберіндегі әдебиеттер арасындағы мәдени-әдеби дәстүрлер алмасуын нығайту, әлемдік әдеби кеңістікке шығу керектігі жатады. «Полифония» фестивалі тәрізді мәдени шаралар осының бәріне мүмкіндік туғызады. Былтырғы фестивальдің нәтижесінде қазақстандық авторлардың шығармалары Ресей, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс, Орта Азияда жарық көрді. Қазақстандықтар осы аймақтардан келген жазушылар, филология ғалымдары мен аудармашылардың шығармашылығы пен еңбектерімен таныса алды.


2015 жылғы қонақтар: Польша: Януш Леон Вишневский; Ресей: Леонид Бахнов, Валерий Воскобойников, Дмитрий Кузьмин, Леонид Юзефович, Денис Осокин, Андрей Усачев; АҚШ: Бахыт Кенжеев; Өзбекстан: Евгений Абдуллаев; Финляндия: Юкка Маллинен.


Фестивальдің ұйымдастырушысы – Открытая литературная школа Алматы (ОЛША). ФестивальАлматы қала әкімшілігі, Алматы қаласының мәдениет басқармасы, Almadeniet қорының қолдауымен өтеді.


Фестиваль туралы толығырақ ақпаратты  www.litfest.kz "Полифония" әдеби фестивалінің сайтынан көруге болады.



www.adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар