Астанада І. Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті

Бөлісу:

12.11.2015 3655

есенберлин.jpg

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің концерт залында көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.


Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан көрнекті жазушы. Қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, «Көшпенділер», «Алтын Орда» трилогияларымен ұлт рухын тірілткен қаламгер. Жазушының қаламынан туған «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы» романдары, өз заманының өзекті тақырыбындағы «Алтын құс», «Айқас» кітаптары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетіне серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар болып табылады.


Аталған шара барысында ғылыми-практикалық конференция, кітаптар мен әдебиет көрмесі және салтанатты концерт өткізілді. Ғылыми-практикалық конференцияға І.Есенберлиннің мұрасын зерттеуші тарихшылар, Қазақстанның беделді білім ордаларының ғалымдары мен профессорлары қатысты. 

Бөлісу:

Көп оқылғандар