Совет-Хан Ғаббасов: Халқыңның қадір-қасиетін ұқ!

Бөлісу:

10.11.2015 4456

Өзіңді ‑ өзің сыйлау, өзгені кемсіту емес.

Ұждан.

Уа‑а‑а.., иісі Қазақ баласы есіңді жиып, өткен‑кеткен тағдырыңды таратып, алды–артыңа қарашы?! Ата‑бабаң жасап кеткен, теңдессіз терең мұрасынан не қалды? Асқақ рухы ‑ бекзаттықтан тұратын, мәйегі нәрлі ‑ дәстүр‑салттың қаншасынан айрылдық?.. Енді міне, Тәуелсіз Ел салтымен, жоғымызды түгендейтін кез келді. Ар‑намысты Ту етіп, толағай күшпен қимылдайық шы, арманы үлкен аңғал Жұртым?! «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» ‑ дейтін даналықты пір тұтып, жалтақтамай да, жалпақтамай жөнімізді білсек екен, ақжарма мінез Алашым?! Япыр‑ау, текті жұрттың сынығы едік қой?! Еліміздің ертеңі мен ұрпақ қамын ойласақ, рухани өркенімізді өсіріп, ұлт құндылығын түгендемей болмайды.

Шіркін, осыларды неден бастасақ деген де, ең әуелі ойға оралатыны мынау; ‑ Ел билеген – Елбасы мен Төрелер де, елдігімізді байытқан – зиялы мен ел‑жұрты да, жасы мен жасамысы да, халқымыздың ‑ қадыры мен қасиетін ‑ түсінбейтіндігімізді айтып сырласатын сәт туды. Сірә, бұл кемшілігімізді, бүкіл Ел болып дүземесек, жаратушы ‑ Алла да, дем беруші ‑ Аруақ та ‑ кешірмейді.

Арман боп жеткен тәуелсіздігімізді, арсыздыққа толы пәндешілігіміз бен қанағаты жоқ құлқынымыздың құлдығына шала бермей, ұлттық сана мен азаматтық парасаттың пәтуәсына келгеніміз жөн. Алдау мен арбауға бас ұрып, ертең‑ақ өзегіңе тебер өзгеге қарап өзеуреуді тоқтатқан жөн?!..Дана жұртымыздың өзгеше біткен болымысын түсініп, жан‑дүниемізге үңілетін мезгіл жетті. Атадан қалған өсиетке илансақ; ‑ «Еңкейгенге еңкей – әкеңнен қалған құл емес, шлақайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес» ‑ деген қағидаға құлақ аспай жүрміз‑ау?! Олай болса, не істеуіміз керек!? Толғанайық шы? Дәл осы ‑ Не істеу керектің ? ‑ жауабын іздеп көрелік ші ? Олай болса, өз ойымды айтпақпын, қалың жұртым сен тыңда...


І. Халқымыздың тектік қасиеті.

Тектіліктің шырқау шыңы – ұлт боп ұю.

Ұждан.

Сөз жоқ, ең әуелі халқымыздың тереңде жатқан тегі мен болымысындағы – мәйегі мен негізі ‑ не екенін түсінгеніміз жөн. Сонда ғана саналы жанға,сонау көне дәуірдегі «Күлтегіннің тасында» жазылған; ‑ «...Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда... Түркі халқының ел‑жұрты қалыптасқан» ‑ дейтін өсиет сөздің жайдан‑жай айтыла салмағанын түсінеміз.Өткен тарихтың тылсымына үңіле түсіп ойлансақ, әр сөзінің астарында құпияға толы сыр жатыр емес пе? Оның қайсыбірін тізбектетіп айта берерсің?! ..

Көнеден келе жатқан ұлттық құндылығымыздың ең асылы – «Жеті атаға жетпей қыз алыспау» ‑ дәстүрі екенін, әлі де біздер ұрпағымызға терең талдап түсіндіре алмай жүрміз. Тіпті, бұл дәстүрдің дүние халықына «әйгілеуге» (бренд) болатын құдіретін – табиғи сұрыптауды – жіліктей жіктеп жатпай‑ақ, асылымызды түсінбеудің салдарынан,бүгінгі қазақтың – жершілдік пен ру‑руға, тіпті үш жүзге бөлініп жүрген – парасатсыздыққа толы парқымызды айтып, қысқа болсада тоқталуға мәжбүрміз. Ендеше, осы тектес тәрбиесіздікті жүйелей талдап көрелік;

‑ Иә‑ә, шыныменде мың өліп, мың тірілген жұртымыз – қырық үш (43) тайпадан тұратыны белгілі. Міне, осынау қырық үш тайпаның әр адамының тектік қасиеті, антрапалогиялық зерттелгенде – бір адамдікіндей ‑ екені, басқа жұрттың ғалымдарын таң‑тамаша күйге түсіріпті. Осы уақиғаның куәсі болған, академик Оразақ Смағұлов ғұламаның айтуынша; ‑ «зертханада алынған осы дерекке – бүкіл әлем (ағылшын, неміс, француз, жапон, қытай т. б.) ғалымдары өз көздеріне өздері сене алмай» ‑ әуре болған екен. Халқымыздың тегіндегі «теңдесі жоқ феноменнің» сыры мен сипатына көңіл аударсақ, бүгінгі біздердің – жүзге, тайпаға, руға – бөлініп сандырақтап жүргеніміз, өз асылына күйе жаққан надандығымыз екен. Кәнеки, осы құбылыстың сырына, саналы жүрекпен көз жүгіртіп көрелік ші ?!..

Мінеки сонда, әлем ғалымдарын таңдандырып отырған тылсым құбылыс – «жеті атаға жетпей қыз алыспау» ‑ дәстүрінің құдіреті екен. Иісі қазақтың әрқайсысындағы тектік қасиеттері бірлікте болса ‑ үш жүз түгіл, руға бөлінудің өзі – нағыз парасатсыздық емей немене?.. Әлідағы осы құбылысты ашыңқырап айтсақ, атадан балаға жалғасып келе жатқан, әр қазақтың үш жұрты – ата жұрты – нағашы жұрты – қайын жұрты – бар екені белгілі ғой. Осынау үш бірдей жұрттың әрқайсысына тиесілі жеті атаны бір‑біріне көбейтсек, манағы айтылған қырық үш (43) рудың қаны, әр қазақтың тамырында ағып тұрғанын ұғынамыз. Олай болса, бүгінгі қазақтардың ‑ жүзге, тайпаға, руға бөлінуі ‑ өз халқының қадыр‑қасиетін түсіне алмай жүрген надандық болып табылады. Ендеше,бұдан былай кезкелген қазақ, өз руы мен жеті атасын білуді ‑ халқының тегін сақтау ‑ деп қана ұққандары жөн. От басы мен қоғам бірігіп, келер ұрпағымызға осылай түсіндіріп тәрбие беру, азаматтық парызымыз екені анық.

ІІ. Хан мен халық байланысы.

Ханы азса – халқы тозады.

Ұждан.

Бұл айтқалы отырған дертіміз, Қазақтың сонау ХІУ ғасырда құрылған Хандық мемлекетінен бері қарайғы қасіреті деседе болады.Ел басқарған Хандары, халықтан өздерін биік ұстап бөлектенудің салдарынан, тәлім‑тәрбиеде аса ауыр (психологиялық) зардаптың болғанын ашып айтар мезгіл жетті. Себебі, Хан‑Сұлтандарға ‑ халықтың бірлігі мен білімі емес, олардың бөлек‑бөлек ыдырап жүргені қажет болған. Солар салып кеткен, «Үш жүз» дейтін лаң бүгінге дейін жалғасып отыр. Дәл осы мәселе жайында, Ш. Уалихановтың профессор И.Н. Березинге жазған хатында; ‑ «... Каждый потомок Батыя хотел быть ханом и иметь народ: так я думаю, образовались ханство Кырымское, Казанское, орда Чорайгаковская, союз узбеков – шейбанов и казаков» (том І, 1984, 164 б,) – деп ашынады. Мінеки, бүгінгі айтып отырғанымызды ұлы ғалым Шоқан өткен ғасырда‑ақ байқаған екен. Бұл мәселе, бұрын‑соңды талданып айтылған да, жазылған да емес. Халқымыздың бұл қасіреті мен кемшілігін айтпауға сірә болмайды. Бірақ, тек ғылыми негізде көрсету, ұрпақ тәрбиесі үшін ауадай қажет. Себебі, бұл деректің, ұлттық идеологиямыз үшін де маңызы зор.Ұрпақ тәрбиесіне қажет, ұлтымыздың осынау қасіретінің де өзіне тән бірнеше себептері бар;

Бірінші ‑ Қазақ хандары ‑ Шыңғысханның ұрпақтары екені белгілі.

Екінші ‑ Олар тектерін, Қазақ халқынан бөлек деп есептеген.

Үшінші ‑ Шыңғыстың ауыр тағдырынан, балалары от басы тәрбиесі

түгіл, тегінің иә ‑ қалмақ, иә ‑ қазақ екенін де білмей өскен.

Міне, осындай тыртығы терең себептердің салдарынан, қазақ халқының тәрбие‑тәлімдерінің ауыр жағдайда болуы, немесе, бүгінгі түсінікпен айтсақ, оның ұлттық идеологиясының бұрыннан‑ақ жүйеленбегені анық байқалады. Бұл тұжырымның дәлелдері, халқымыздың мемлекет құрған хандық дәуірінде өте жиі кездеседі. Солардың бәріне тоқталып жатпай‑ақ, жалпы халыққа әсері болған негізгілерін ғана атап өтуді жөн көрдік. Мәселен, ең ауыр кемшіліктері ретінде, биліктің қарапайым халықты тасқараңғы етіп, хат танытпай ұстағандарын айтуға болады.Қазақтың хандық мемлекеті неше ғасырларға созылса да ‑ елінде бір де бір мемлекеттік медрессесі болмауы ‑ адам жанын түршіктіретін іс. Өйткені, бұл кезеңдерде, Шығыс пен Батыс елдерінде, тіпті академия мен университеттер болғаны тарихтан белгілі. Халқымыздың хат тануы, олар үшін қажеттілік болмаған тәрізді. Хандық дәуірдің бұданда өткен сорақысы, тұрақты армия ұстамағандықтан, жаугершілігі мол сол заманда, халқымыз аса ауыр шапқыншылықтарға ұшырап, үнемі қан‑кешумен болғаны белгілі.. Шабылған елді азат етудің ауырлығын, олардың жанашымастығы деуге әбден болады.

Шыңғысханның үрпақтары өздеріне ‑Төре дейтін жалған ру жасап, ақ сүйекпіз деуі де асып‑тасқандық еді. Тура осындай мінез көрсетіп, жалған ру жасаған Қожаларды да – айтпай кетуге болмайды. Бұл екеуін де тегінен тартып қарасақ ‑ Төрені де, Қожаны да ‑ ру деуге келмейді. Оның үстіне өздерін‑өздері ‑ ақ сүйекпіз – деулері де ұят іс. Өйткені, табиғи сұрыптаудың негізі болып табылатын – жеті атаға жетпей қыз алыспауды – бұл екеулері де бертінге дейін ұстамаған. Олар, тіпті өзді‑өзіне үйленудің салдарынан аза бастағандарын байқап, қазақ руларымен құдандаласуды кейінірек қабылдайды. Егер нағыз ғылыми негізге сүйенсек – ақ сүйекпіз – деп, табиғи сұрыптаумен қаны мен тегін таза ұстаған, қазақ халқы ғана айталса керек. Осын‑ау келтірілген деректердің барлығынан да байқалатыны, халқымыз қараңғылықтың қапасында қалып, өз тарихын жақсы білмегенін аңғару қиын емес. Әйтпесе, Төрелердің руы – Қият, Қожалардың руы – Сунақ екендігін айтсақ, тек олардың басқа ортаға түсіп қалған Алаш тұқымдары екендігі айдан анық. Міне бұл деректер, келешек ұрпақ тәрбиесінің ақиқаты болып негізделгені дұрыс. Осылардың өзі‑ақ, Хандық мемлекетімізден бастап, бүгігі Тәуелсіздікгімізді қоса айтқанда – Қазақтың ұлттық идеологиясы – жасалмағанын анық аңғартады.Әйтседе, біздерді осы уақытқа дейін сақтап келген, кемеңгер ата‑бабаымыздың дәстүр‑салтының киесі екенін түсінгеніміз жөн.

ІІІ. Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі.

Адам - әлемнен де күрделі”

ҰЖДАН.

Ана құрсағындағы тоғыз ай адам ғұмырының ең ұзақ та және ең күрделі к е з е ң і болып табылады. Оның ұзақтығын түсіну үшін, ұ р ы қ т ы ң жетіліп даму мерзімін де, жер бетіндегі тіршіліктің барлық сатыларын басып өтетіндіктен, мөлшермен 500 миллион жылмен пара-пар екен. Бұл айтылған ойдың маңызы мен мәніне жету үшін, әуелі тіршілік қ ұ п и я л а р ы н а тереңдеп үңілмей болмайды. Өйткені, адам ғұмырының ф и з и о л о г и я л ы қ осы к е з е ң і, күллі тіршілік атаулының т ы л с ы м ғ а толы т ү й і н і, тіпті ақыл түгіл, көңіл көзі жетіп болмаған ж ұ м б а қ сыры сақталған к ө м бе с і тәрізді. Егер де, ғылыми дәлелдерге сүйенсек, ана құрсағында өсіп жатқан ж а н и е с і өзіне берілген тоғыз айдың ішінде, табиғат шебердің құдіретімен “он сегіз мың ғаламның” с и п а т т а р ы н түгелдей қайталап шығатындығы белгілі боп отыр.

Былайша айтқанда, бір клеткалық тіршіліктен бастап адамға дейін жетілген, биологиялық түрлерді түгелдей басып өтеді екен. Әрине бұл, күллі табиғат жаратылыстары ішіндегі күрмеуі қиын, аса к ү р д е л і құбылыс екені даусыз! Мұндай сипат тек табиғат шебердің құдіретімен ғана жасалмақ. Ендеше, осынау тіршіліктің с а п а л ы қ дәрежеде жетілетін ж ұ м б а қ кезеңін а д а м т ә р б и е с і н е кірістіре алмай келгенімізді ойласақ, бүкіл адамзаттың р у х а н и д а м у ы н д а ғ ы аса ауыр кемшіліктер де, осы кезеңнің е л е н б е й қалған е р с і л і к т е р і екені анықталып отыр. Себебі, бұл мәселе өткен-кеткен п е д а г о г и к а л ы қ және п с и х о л о г и я л ы қ ілімдер де, ешқашан ғ ы л ы м и ж ү й е л е н і п көрген емес. Адам тәрбиесі тәрізді өте күрделі құбылыстың бастауы болып саналатын, ұ р ы қ тазалығы мен Ана құрсағындағы жетілудің сырына терең үңілмей, ұрпақ т ә р б и е с і н і ң іргелі мәселелерін дұрыс шешу мүмкін емес. Әсіресе, бүгінгі малекулалық б и о л о г и я мен г е н е т и к а ғылымдарының қол жеткен табыстары осы ойымызды тапжылтпай дәлелдеп отыр. Себебі, адам жаратылысындағы тек түйістік ақыл мен ішкі бес сезімді былай қойғанда, ондағы тума қабілеттері мен мінез-құлқы, психикалық жігері мен тектілік қасиеттерінің іштен туатындығы, ғылыми әбден дәлелденген құбылыстар екенін ескерген жөн. Жалпы бұл мәселені тікелей адам т ә р б и е с і қақында болмаса да, адамзаттың не бір алып ойшылдары философиялық п ә л с а п а түрінде көп талқыланған.Әсіресе, адам бойындағы Ж а н мен Т ә н н і ң өзара үндестіктерімен қоса, ж ү р е к к ү ш і және а қ ы л к ү ш і тәрізді қадау-қадау құбылыстарды үнемі ой елегінен өткізіп отырған. Жалпы шығыс әлемінде Платон мен Аристотельді, көбіне Фарабидің түсіндірмесінен кейін ғана, терең ұғына алған ойшылдар көп. Солардың ішінде мәселенің бұл жағын ашық жазып қалдырған, ұлы ойшыл-ғұлама Әбу Әли ибн Сина екенін жақсы білеміз. Бұл деректі ол өз қолымен жазған өмірбаянының ішінде айтады.

Тікелей Ж а н т ә р б и е с і н е байланысты Халық педагогикасы мен психологиясының 2-ші негізі, немесе адам дамуының ф и з и о л о г и я л ы қ екінші к е з е ң і, бүгінгі таңға дейін ұ р п а қ т ә р б и е с і н е н тыс қалып отыр. Тіпті, ж а н т ә р б и е с і дегенді түсіне де алмай отыр. Ол жайындағы методологиялық ізденістің жоқтығы, адам тәрбиесінің қаншалықты ойсырап жатқандығын аңғартса керек. Сондықтан да, жоғарыда аз-кем айтылған Ж а н н ы ң – он е к і мүшесі, яғни 12 – арнасының жабылуға жақын жағдайы – жыл өткен сайын адамдар азып барады деген тұжырымды жиі айтқызып жүр.Оны айтып қана қоюмен еш мағына шықпайды. Өйткені, бұл мәселенің өзіне тән т ә р б и е ә д і с т е р і н жүргізбесе, жан дүниенің а р н а л а р ы сол жабылған бойы көресіңді көрсете бермек. Ендеше, тоғыз торқаның ішінде өсіп келе жатқан Ж а н и е с і тек биология мен физиология заңдылықтарына бағынып қана дамитынын ескерсек, ананың т ү й с і г і мен і ш к і б е с с е з і м д е р і арқылы т ә р б и е л е н е т і н - Жанның мүшелеріне тиісті деңгейде көңіл аударатын мезгіл жетті.

Шынын айтсақ, соңғы жылдардағы ұрпағымыздың маңдайына тиіп жүрген к ү й е л і к ө с е у де осы екенін несіне жасырамыз. Оның жауапкершілігі – тікелей ата-ананың мойнында екенін де ашып айтқан жөн. Олай болса, келер ұрпақтың бақыты мен саулығы тікелей алдыңғы буынның ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы тәрбиені түсінуіне байланысты. Қалай десек те, бұл мәселені назардан тыс қалдыра беру, адамзат қауымын а п а т қ а ұшыратуы да мүмкін.

Заманының түзу кезінде дәстүрі бұзылмаған Қазақ елінің, “Алып – анадан туады” дейтін өсиетінің Үлгісі мен Халық педагогикасы мен психо-логиясының 2-ші негізі, немесе А н а құрсағындағы физиологиялық кезеңінің үндесіп жатқанын байқау қиын емес сияқты. Өзінің ұрпақ тәрбиесінде бұл өсиетті қазақ халқы и н с т и н к т і түрде пайдаланғанын көптеген тәлімдік ұғымдардан аңғаруға болады. Халқымыздың ата дәстүрі болып саналатын – “Жеті атаға дейін қыз алыспау” ‑ салты да біраз нәрседен хабардар етеді. Бірақ, бодандықтың бұғауымен маталған соңғы үш ғасыр, бұрынғы ата-баба даналықтарынан қол үздіріп кете жаздады. Тіпті, қазір – “алып-анадан ‑ туадының” ‑ мағынасы түгіл, бұл сөздің мәніне де көңіл аударып жүргендер аз. Сондықтан да ол – алма-кезек ауысып жатқан ұрпақ тәрбиесіне әсер етуден қалғалы қашан?! Сонда, бұл тәріздес асыл сөздердің қадір‑қасиеті өз қалпына келмесе, Дулат-жырау айтатын; -“өнер алды–қызыл тілдің” – жағдайы қалай болмақ? Мұндай қуаты мол тұжырымдар сұлу сөйленетін сөз тәрізді қызмет етсе, сөз өнері арқылы жетілетін жас ұрпақтың з е й і н і мен з е р д е с і нендей күйге түспек?

Ата-бабамыз осы жағдайларды жоғарыда келтірілген ө с и е т сөздерімен ұрпағына тек т ә н құрылысының жетілуін ғана емес, “алып”деген сөзінің астарында тәннен де күрделі, ж а н д ү н и е с і н і ң де ана құрсағында қалыптасатынын меңзеп отыр. Оны – қалыптастыратын да және тәрбиелеп жетілдіретін де, тек ананың ғана парасаты екенін айтып тұр. Адам жанының 12-мүшесі, яки а р н а л а р ы - түйсік – ұят – сүю – зерде – мінез – жігер – қабылет – ішкі бес сезімдері – бар ж а н дүниесі де, тәннің мүшелері – жүрек – ми – бауыр - өкпе – бүйрек - тағы басқалары тәрізді, тек ана құрсағында ғана жетіліп тәрбиеленетініне, бүгінгі қоғамда жете м ә н берілмей келді.

Бүгінгі ғылым құдіреттерімен дәлелденіп отырған күрделі құбылыстардың сырлары, қазақтың Халық педагогикасы мен психологиясында да үндестік табатындығына тұшынған сайын, ата-бабаларымыздың қалдырған р у х а н и мұраларына шынайы ризашылық сезімдер билейді. Ол к ө к і р е к к ө з і м е н аңғара білген: - “Он сегіз мың ғаламды – бір тарының қауызына сыйдырған” – дейтін өсиет сөзінде, тіпті тереңнен маржан теріп отырғанын, барынша анық байқамау мүмкін емес. Шынында да құдіреті мол осынау күрделі құбылыстарды жетілдіретін адам ұ р ы ғ ы - тарының қауызынан да кіші болмаса, тіпті де үлкен емесіне таңданбасқа болар ма?!? Осыншама күрделінің өзін с ө з ө н е р і н е сыйдыра білген жұрт, ‑ “Алып – анадан туады” – дейтін ө с и е т с ө з і н де ұрпағына қалдыруға құқылы еді.

Сөйтіп, адам тәрбиесінің 1-ші және 2-ші кезеңдерін салалай жіктеп ашып айтсақ; - Ұрық тазалығы – еркектің а т а л ы қ п а р ы з ы болған да, ана құрсағындағы тәрбие - әйелдің а н а л ы қ п а р а с а т ы екенін, тіршіліктің бұлжымайтын заңындай етіп өмірге енгізу қажет. Сондықтан да, а н а н ы да, а т а н ы да, өзінің мінәжат етер қ а ғ б а с ы н а бетін түзеп, бұл кезеңдегі тәрбие тәсілдерінің қыры мен сырына саналы түрде үйретудің міндеті мен қажеттілігі, ұлттық идеологиямыздың негізгі а р қ а у ы болуға тиіс.Ана атаулы жүкті кездерінде, жаратылыстың өзі бейімдеген қ а с и е т т е р і н е ауысатындықтан, оның с ы р т қ ы б е с с е з і м д е р і ғана емес, сондай–ақ і ш к і б е с с е з і м д е р і де, аса сезімтал қозғалмалы көңіл-күйде болатындықтары белгілі. Ана атаулы міне осы к ү й л е р і н сәтті пайдаланып, құрсағындағы ж а н и е с і н е жеткізу т ә с і л д е р і н білмейтіндіктен, осы кезеңнің - ө з і н е ғана т ә н т ә р б и е л е р і – тас қараңғы қалпында қалып отыр. Соның салдарындай, қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелер түгелге жуық ж ү р е к т ә р б и е л е р і оянбай, былайша айтқанда, ж а н д ү н и е л е р і н і ң арналары ашылмаған күйлері өмірге келіп жатыр. Сондықтан да, олардың зердесі таяз – жігерлері құм – мінездері дөкір – ұяттан безген – ешкімді де сүймейді – қабілеті әлсіз – түйсігі жоқ – көкірек көздері оянбаған – денсаулықтарының да ақаулары мол, адамдар тобырын көбейтіп отыр. Осының барлығы да бүгінге дейін ескерілмей келген адам тәрбиесіндегі аса ауыр қателіктер болып есептелінеді.

Бұл мәселені Ел болып мемлекеттік деңгейде түзетуге кіріскен жағдайда, Халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші және 2-ші негіздеріндегі тәрбие тәсілдерінің әсері – көп тостырмай–ақ жетістіктерін көрсетпек. Мұндай арман орындалған кезде, кешегі Ұлы Абай көксеген – “нұрлы ақыл мен толық адам” ‑ мәселесі ойдағыдай шешілер еді. Әуелден-ақ, анасынан ж ү р е к т е р і оянып ж а н – д ү н и е л е р і а ш ы л ы п туған жандар, а д а м ш ы л ы қ пен а р д ы да, тіпті болашақ ұ р п а қ қамына да, ерекше сергектікпен қарайтыны анық.

Жүрек культі ілімнің негізін салушы әл-Фараби Түркі халықтарының тағылымдарынан алып, адам тәрбиесі жайында ү ш т ү р л і ғ ы л ы м н ы ң ж ү й е л е р і н жасап, Біріншісі – т ү й с і к, с ы р т қ ы және і ш к і б е с с е з і м д і – Хауас ілімі, Екіншісін – ү ш с ү ю д і - Имани гүл, Үшіншісі – а қ ы л ә д і л е т, р а х ы м д ы – Жәуанмәртлік - деп атандырғаны белгілі. Бірақ бұл ілімдер - өз топырағына түспеген д ә н тәрізді – араб елдерінде өркендей дамып кете алған жоқ. Әйтсе де, Түркі халықтарынан шыққан ғұламалар: - Дауани, Баласағұн, Қарабағи, Науаи – бұл жайында аса құнды еңбектер қалдырды. Мәселен, Ж.Баласағұн – осы үш ілімнің негіздерінде бүкіл дүниежүзін тамсандырған, атақты “Құтты білігін” поэзия тілінде өмірге әкелді. А.Науаидың – Бес хамсасы да, осы идеяларды дамыта жырлайды. Ал жоғарыда айтылған үш ілімді ары қарай жетілдіріп, ерекше биіктікке көтерген – Ұлы Абайдың орны жеке дара бөлек. Бұл мәселе әлі зерттеушісін күтіп тұр. Абайдай данышпанның; - “Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла” – деуінің мәні де, өз еңбектерінің осы үш іліммен сабақтасып жатқанын меңзесе керек. Егер адам тәрбиесінің 2-ші негізі жайында – Абайға жүгінсек:

- Ұйықтап жатқан ж ү р е к т і - ән о я т а р,

- Үннің т ә т т і оралған – м ә н і оятар, - дей келіп,

………………………………………………

- Ж ү р е к тербеп, о я т а р – баста м и д ы - деп ,

тұжырымдауын да, телегей теңіз ғұламалық жатыр емес пе?!? Абайдың педагогикалық еңбектеріндегі құнары мол қасиеттерді игеру мәселесі, тіпті әлі жүйелі түрде басталған да жоқ.

ІУ. Ел болудың – төрт құбыласы.

Ұлттық құбылаңды білмеу‑ құлдық мінез.

Ұждан.

Жалпы замана сыры мен уақыт тынысын байыптасақ, қазақ халқының тағдыры үшін - Төре де (президент,үкімет ,мәжіліс) - Қара да - бүкіл Ел болып - жауапты екеніміз анық. Соның ішінде, әсіресе, халықтың – Жері – Тілі – Діні – Ділі - дейтін Төрт діңгегі, немесе Төрт құбыласы түгел ме?.. Әлде қалай ? – деген толғанысқа толы сауалдарға пікір білдіру ауадай қажет екені, күн өткен сайын күрделеніп тұр. Бұл мәселеге жүрдім‑бардым қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі қазақ халқының басындағы қолдан жасалынып отырған, не-бір нәубет пен қасіретті қауыптерді бұдан ары ауырлатпай, байыппен шешудің мезгілі жетті?!.. Сондықтан да, толғауы тоқсан түйіндерді ашып айтып, бүкпесіз сырласудың қажеттілігін түсінгеніміз жөн.

БІРІНШІ МӘСЕЛЕ: - Халқымыздың табиғатын тану ?!

Өйткені, кез-келген халықтың тағдырына берген – Табиғаттың ерекше белгілері, немесе, қасиеттері бар екені анық. Міне осы белгі мен қасиеттер Қазақта қандай сипатта десек :

І-шісі – Жері;

ІІ-шісі – Тілі - екеніне тұшыну қажет.

Мұның дәлелі үшін;

А). Бірінші мысал, көне заманнан сыр шертетін, Ата жұртымызға астамшылықпен келген Кир-патшаның басын алған Тұмар-патшайымға қуат пен айла берген, тек қана ұлан-байтақ Жеріміздің кеңдігі еді ғой.

Б).Екінші мысал, орыстың от-қаруынан жасқанбай, он жыл бойы Кенесары жүргізген ұлт азаттық көтерілісі де, сол Жеріміздің кеңдігіне сүйенді емес пе ?.. Олай болса, қазақ халқының бір діңгегі - Жері !!!..

- Ендеше, бөлшектеп сатудың шапқыншылығына түсіп жатқан Жерді – дереу нацианализацилау қажет. Қазақ халқы ‑ жерін сатып байымай-ақ, 49-жылға жалға беріп тұрса да жетеді ғой.Әйтпесе, мұның арты үлкен апат !!

Қазірдің өзінде жерді сатып алған – Ұйғыр – енді жер қазақтікі емес – Ұйғырстан құрамыз деп даурығу да; Жақында болған Қазақ пен Ұйғыр төбелесін зерттеп келген «Ұлт тағдыры» қозғалысының комиссиясы «жағаларын» ұстап отыр. Тіпті, Ұйғырстан картасы; Ұйғырыстан туы; Ұйғырыстан ұрандары; бұданда сорақысы, ұйғырлар қазақтың жер аттарын өзгертіп, мемлекеттік тілді де менсінбейді екен. Сондықтан, Алматы облысындағы «Еңбекшіқазақ» және «Ұйғыр» деген аудан атауларын жою керек. Қазақстанда-келімсек ұлттардың атымен, аудан мен қала атаулары болуға тиіс емес. Кірме ұлттарды басқаратын - Әкім, ішкі істер бастығы, мемлекет өкілі - міндетті түрде қазақ болуы керек. Бұл ұлттық мемлекеттердегі айнымайтын қағида екенін – Европа мен Азия - елдерінен көріп отыр емеспіз бе ?! Ең қауіптісі дүниежүзі тыйым салған «Ұйғырдың терористік» ұйымы, Қазақстанда сайрандап жүрген көрінеді...Бұл жайында баспа беттерін де, тіпті жантүршігерліктей деректер жазылып та жатыр...Жер сатудың лаңынан, бұл сияқты астамшылық ойлар - Кәрісте де - Орыста да - Дүнгенде де - тіпті Күрттер де - бар көрінеді. Барлығының да астыртын ұйымдары – мәдениет орталығы – дегенді жамылып жұмыс істеуге көшіпті. Халық арасында осындай сөз көп. Анық-қанығына жетуді, Ел бірлігінің қорғаны ретінде Ұлттық қауыпсіэдік көмитеті – тексеріп, шынайы жағдаймен халықты хабардар ету қажет. Сірә, ата-бабамыз ескерткен : -«Іштен шыққан жау жаман» - дейтін сөз бекер айтылмаса керек.

Екінші діңгегі – Тілі ?!

Халқымыз –«Өнер алды- қызыл тіл» - деп ұрпағына өсиет қалдырғанда, бар өнердің қайнары - тілде екенін біліп айтқан ғой. Жұртымыздың осы Тіл - атты діңгегін шайқалтып, құлатуды көксейтін, шалақазақтар мен космополиттердің жөнін табудың да уақыты жеткен тәрізді. Орыс бодандығынан енді ғана босадым ба деген Қазақ халқы, өз ішінен шыққан шұбар жылан тәрізді, не тілін, не дінін, не дәстүр-салтын сыйламайтын шалақазақтардың бодандығымен қасірет жұтып отыр. Ұлтымызды мұнан әрі қорлай беруге болмайды!!.. Ел мен Жердің тозғындауын тоқтатудың уақыты жетті...Шындығына келсек, бүгінге дейін, Ана тілі жайында қоғамымызда біржақты пікір қалыптасып отыр. Ол - Тілді, тек қатынас құралы ретінде бағалау?!.. Бұл – биологиялық та, тіпті физиологиялық та заңдылықтарға қайшы келетін, қате пікір. Сондықтан да, ана тілінің адамды – кісілікке жеткізіп, оның азаматтық санасын ашатын, тек 10-түрлі қасиетін айту жөн сияқты.

Ендеше,Тіл тек – ќатынас ќўралы ‑ ғана емес екенін дәлелдеп көрейін;

- Біріншісі – жарайды, ќатынас ќўралы делік;

- Екіншісі – ата-баба зердесімен байланыстыратын тек ‑ ана тілі – екен. Оны ғылымда ‑ филогенетикалық жад ‑ дейді. Бүгінгі ‑ шала ќазаќтар мен космополиттердің кесапат әкелуінің басты себебі – олар ата-баба зердесімен байланыста болмағандыќтан, ‑ халыќтыќ - ўлттыќ ќўндылыќтар ‑ дегенді түсінбейді, керісінше оған жатырќап ќарайды.

Санасы ояна бастаған кейбіреулері, балаларын ќазаќ мектепбіне бергенмен, ол балалар сабаќтан шыға салысымен бір-бірімен орысша сөйлеседі. Әрине, бұл баланың кінәсі емес!. Ана ќўрсағындағы сәтінен, ата-анасы орысша сөйлеуінің салдары екені белгілі.

- Үшіншісі - халыќтың менталитеті – ділі де, тек ќана ана тіл арќылы беріледі. Тілі бўзылған халыќтың менталитеті де, рухы да жойылады. Ќазаќ халќының тегі - өте мықты! Ќазір дүниежүзінде 2500 халыќ болса, солардың ішінде ўрпаќ алмасуын табиғи сўрыптаумен ‑ «жеті атаға дейін ќыз алыспайтын» ‑ дәстүрді ұстайтын, тек ќазаќ халќы ғана. Сол арќылы, тектік ќасиеттерін тоздырмай асылдандырып отырады.

- Төртіншсі: ‑ “озорение”(мүттағала) ‑ дейді. Абайды данышпан, кемеңгер дейміз. Неге ? Абайдың өлеңі де, ќара сөздері де “озорениемен” жазылған, оны – Мүттағала ‑ Ќўдай тағала, Аллаћ тағала ‑ дейді. Осыны- Мўхаңның “Абай жолы” романының екінші томынан оќыдым. Бір абзац бойы осы “мүттағаланы” - “озорениеге” балама ретінде түсіндіреді. Міне, Ана тілін білмеген адамнан осы - мүттағала - ќашады екен.

- Бесіншісі – рух ?! Ана тілін білмеген адам, халыќтың рухани байлығын жасай алмайды.

– Алтыншысы - имандылыќ, ар-ўят та тілден пайда болады.

- Жетіншісі мен Сегізіншісі – Таным мен Талғамды да тіл ќалыптастырады. Ана тілін білмейетін ќазаќтың талғамы - мүлдем басќа талғам. Мысалы, зергерлік бўйымдар, даналыќ өрнектер, ою-өрнек, қазақтың ўлттыќ киімі - дүниені таңғалдырып жүрген, солардың бәріне әсер етіп отырған –ана тілі.

- Тоғызыншысы – Мейірім, Оныншысы – Раќым ‑ дейтін ќасиеттерді де ана тілі сіңіреді. Жаңағы шалаќазаќ пен космополиттерде мейірім жоќ. Өзінің тіліне, ўлтына, халќына ‑ деген мейірім болмағандыќтан, олардан р а қ ы м күту де мүмкін емес.Оларды адастырып отырған – еліктеушілік пен солықтаушылық. Кісіліксіздік !..Қазір саналы жанды, не істеу керек дейтін сўраќ көп мазалайды. Өйткені, біздер аз санды халықпыз ?! Осы толғаныстардан туған ойымды ашып-жарып айтуды жөн көрдім ;

- Біріншіден ‑ ќоғамға Тәртіп пен Әділет керек. Мемлекеттің баќыты - осы екі мәселеде ?!. Қоғамдағы қаптап кеткен түнгі клубтар мен әр бұрышта самсап тұрған казинолар, бесіктен белі шықпаған балаларды қан-құйлы қатыкез ойындарымен бұзып жатқан комютрлік дүңгіршектер, автоматты ойындар – мұның барлығы адамдарды – құмарлыққа құнықтырып – аздыра береді. Бұлардың да наша-құмарлық тәрізді сипаттары бар. Оның жағымсыз жағдайлары, қазірдің өзінде қоғамымызды жайлап барады...

- Екіншіден ‑Ұрпаќ тәрбиесін түзеу керек.Ол үшін тәрбиені ана ќўрсағынан бастау ќажет.Бұл жайында ғылыми негізделген жаңакөзқарастағы ілім де бар.

Жалпы біздің оқу-ағарту саласында - «білім беру» дегеннен басқа, «тәрбие беру» дейтін ұғым да жоқ. Оның үстіне, республикамызда өзінен шыққан жаңалыққа «тас керең» бола қалатын қалыбы бұзылар емес! Осының айқын көрінісі, бүкіл оқу-ағарту жүйесінде – Халық педагогикасы мен Ұлттық психологиясы – пән ретінде жүргізілмейді.Өзінің халықтық тағылымына деген мұндай қатынас, жетіліп отырған елдерде бар ма ? Әрине, жоқ!!!.. Ендеше, халық педагогикасы мен ұлттық психологиясынсыз - Ұрпақ тәрбиесін жөнге салар тетік те, жауап та жоқ !.. Ал, бұл ілімнің өз топырағымызда ғылыми негізделіп ашылғанына 20-жыл болды. Бірақ, аяқтан шалғаннан басқа, елең етер ешкім де жоқ. Тіпті, білім-ғылым министрлерінің қолдарына да ұстатылды. Еш әрекет етпейді...

Енді мемлекеттік тілді үйрену мәселесіне келейік. Ќараңыз шы ?! Бүкіл орыс мектептерін, ўйғыр, корей, өзбек, дүңген мектептерінің – бәріне ќаражатты беріп отырған кім?.. Сол ќаражат кімнің дәулеті? Ќазаќ мемлекетінің және ќазаќтың ырыс-несібесі ғой. Тіпті, сол мектептерде сабаќ беретін оќытушылардың жалаќысын төлеп отырған кім? Тағы да ќазаќ мемлекеті беріп отыр. Олай болса, мемлекет тілін ақы беріп үйрету, бўл тағыда сол – осы мемлекеттің иесі – ќазаќ халқын ќорлау деген сөз. Осы мемелекетте тұрған қандай ұлт болмасын - мемлекеттік тілді білуі – аксиомалық зањдылыќ. Рас қазақ мемлекеті ќаржыландырып, тірші­лігіңді жасап беріп отыр ма, ? Ендеше, қандай сөз бар? Осы мемлекеттің отын оттап, суын ішіп, осы топыраќтан нәр алып, өсіп-өніп отырсың ба, ? Олай болса, еш уәжсіз бўл мемлекеттің тілін білуің шарт. Тіпті, бұл қай ұлттың болмасын - азаматтық борышы ғой.Осыны түсінетін мезгіл жетті емес пе ?... Ендігі бір ерекше айтуды қажет ететін мәселе, бұл бүкіл Денсаулық сақтау саласы мен Білім беру жүйелерінің ғылыми негізсіз ‑Үкімдік шешімдермен ‑ аса қатты адасып отырғанын айтқан жөн. Бұл екі салада, тікелей Адам табиғатымен байланысты бола тұрса да, ешуақытта өзгермейтін – Тіршіліктің – Биологияның – Физиологияның – тұрақты заңдылықтарын кәперіне алып, ескермейтіндіктері таң қалдырыды. Бұл – отпен ойнау арқылы – апатты қолдан жасау ?! Мұның мысалы, денсаулық саласында ‑ қарапайым халықты зар жылатып отырған Емханалар мен Ауруханаларды айтсақ, білім саласындағы ғылыми негізделмеген 12-жылдық реформа мен ұлттық тәрбиенің ( Халық педагогикасы мен Ұлттық психология) пән ретінде жүргізілмеуден, Ұрпағымыздың еліктешілікке ұшырап отырғаны. Міне осы арада айтпауға болмайтын, соңғы жылдары тағыда сол, ғылыми негізге сүйенбеген Үкімдік шешіммен ұсынылып отырған, Үш тұғырлы тілділіктің ( Ағылшын ‑ Орыс – Қазақ ) мәселесі. Тіпті, бұл жоғарыдағы айтылған Биология мен Физиология заңдылықтарының иісі мұрнына бармайтын адамдардың шешімі. Олардың әуейленгені соншама, бұл шешімді бала бақшасынан бастатып, кең түрде жолға қоймақ ?! Бұлар баланың физиологиялық қалыптасуы мен ми психикасының жетілуінен мүлдем хабарсыз жандардың аса ауыр қателіктері десе болады. Іргелі Елдерге жататын – Жапон – Неміс – халықтары, балаларына басқа тілдерді үйретуді, тек 9-10 жасынан ғана бастайтыны ғылыми негізге сүйенгендік екені белгілі. Біздердің балабақшасындағы 3-4 жастағы сәбилерге үш тіл үйретеміз деуі, сыпайылап айтқанда қаскүнемдік болып табылады. Өйткені, психикасы әлі қалыптаспаған балаларға шет тілдерінің салмағын салу, ұрпақты есалаң, яғный шизо жасауға ұмтылыс десе болады. Жалпы, бүгінгі Үкімет ‑ Қазақ халқын ашық қорлаудан неге тайынбай отыр ? Мұның сыры мен сипаты неде ? Халық сайлаған ‑ Президент пен Мәжіліс – Елдің пікірімен неге санаспайды. Біз бұлардан, соларды сайлаушылар ретінде, Атазаңдағы құқымызбен талап етеміз !

У. Түйін ой.

Осы жоғарыда келтірілген төрт түрлі тақырыптардың ішінде,‑ қоғамдағы тәртіп пен әділеттің және ұрпақ тәрбиесінің ‑ негізгі мәселелері айтылды. Бұларды орындамау, халық сайлап отырған Ел басындағы азаматтарға үлкен сын. Халықты басы байлы құл ретінде түсінудің арты апат. Тіпті, осы мәселелердің жүйеленіп кеңейтілген нұсқасынан – Ұлттық идеологиямыздың негізінде – жасауға әбден болады. Мұны – ел‑жұрт болып кеңесе отырып, жан‑жақты талқылап қабылдасақ, қайырлы іс болары анық. Қашанда, халқымыз келісіп шешудің неше алуан түрлерін өмір тәжрибелерінен өткізген ғой. Сондықтанда, «ұлы дала демократиясынан» асқан әділетті қоғам болған емес. Бұл – дала өркенниетіндегі ерекше көңіл аударатын мәселе ?! Бүгінге дейін біздер басқаның айтқанын ‑ ақиқат, істеген әрекеттерін ‑ әділет – деп келдік. Тексіздіктің тереңіне батқан, мұндай құлдық психологияны үзілді‑кесілді тоқтату керек. Халық даналығына сүйеніп әрекет етсек, досымыз түгіл дұшпандарымызға да сүйкімді боламыз. Қашанда досына да, дұшпанына да әділетпен қараған ел едік қой. «Жатқа тізгін берме» ‑ деген де ата‑бабамыз болатын. Халқымыздың қадыр‑қасиетін терең білуге бұрылатын уақыт жетті...

------------------------------------------------------------

1. Шоқан Уәлиханов, Т-1, 1984, 164 б.

2. Қалибек Данияров. История Чингисхана, 2001, 21 б.

3. Совет‑Хан Ғаббасов, Педагокика мен Психология негіздері, 2008,

120-123 б

4. Рашид‑ад Дин, Т‑1. екінші кітап, 46 б.

5. Утемиш‑хаджи. Шығарманың 62 б.

6. В.Г. Тизенгаузен. 11 б.

7. Героический эпос Чингисхан (ЮАНЬ ЧАО БИ ШИ) – 85 б.

Бөлісу:

Көп оқылғандар