Совет-Хан Ғаббасов:«Қазақ елі» пәнін жасау жайлы дөңгелек стол

Бөлісу:

03.01.2016 3737


габбаов.jpg

Құрметті Секе.., Серік Жайлауұлы?! Сіздің Ректорлық жауапкершілігіңіз бен азаматтық парасатыңыздың арқасында - Қазақтың білімі мен ғылымының қарашаңарағы, АБАЙ атындағы ҚазҰПУ-нің мәртебесін арттырып - осыдан төрт жыл бұрын "ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ" кафедрасын (2010ж) ашып, екі айда бір рет шығатын "ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ" жұрналының жарық көруін ерекше бағалаған жөн. Міне бүгін, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "2050-ші жылғы жолдауында" көрсетілген, "ҚАЗАҚ ЕЛІ" пәнін жасауды талқылауға, Педагогикаға қатысты адамдарды шақырып, "дөгелек стол" ұйымдастырылуы да, дер кезінде көтерілген іс десе болады. Мұның барлығы да... өте дұрыс !.. Әйтседе, талқылау болған соң, бұл мәселелердің кем-кетігін көрсетіп, нақты пікірлер мен ұтымды ұсыныстар жасау, осы жыйынның басты міндеті болса керек. Ендеше, осы мәселелердің басы-қасында жүргендіктен, өз пікірімді ашық айтуды жөн санадым...


Бірінші, кезінде Университетімізде ашылған "ұлттық тәрбие" кафедрасы...алдына қойған мақсатына жетіп, өзінің тиісті мәнін атқара алмағаны анық. Себебі, осы жылдардың көлемінде, кафедра "ұлттық тәрбиенің" ғылыми пәнін, яғный оқулығын ұсына алмады. Сол кезде де, бүгінгідей арнайы жасалынған "ұлттық тәрбиенің бағдарламасын" талқылағанда, оқулық пәнінің нұсқасы жоқтығы да бірден ескертілген еді. Тіпті, бағдарламадағы тақырыптар... кешегі КСРО заманындағы, "Білім қоғамының" текстеріне ұқсастығы дәлелденіп көрсетілген болатын. Бірақ, осы күнге дейін "ұлттық тәрбие" пәні де, оқулығыда жасалынған жоқ.


Екінші, сол баяғы "ЕВРОПАЦЕНТРИЗМНІҢ" шырмауынан шығалмай, "адам тәрбиесінің - мтодологиясы - жүйесі - негіздері" - дегенді ажырата алмағаны анық байқалады. Кезінде, ұлы ғұламалар Аристотель мен әл-Фарабидің : - " Кезкелген Пәннің негіздері өзінің ішінен қалыптаспаса, ол ғылыми Пән болып жетілмейді", - деген еді. Міне, осы қағида "Империялық саясатпен" жазылған, бүгінгі біз оқып жүрген Педагогика мен Психологияда әдейі ескерілмеген. Бүгінгі Педагогика мен Психология оқулықтарының басты кемшіліктері де осы болып табылады. Аз-кем сол кемшіліктерге тоқтала кетсек ;


І. Бұл педагогиканың - Методологиясы мен Жүйесі жоқ, Негіздері - оқыту - білім беру - тәрбиелеу - делінуі де қате ! Өйткені адам тәрбиесі "ана құрсағынан" басталатындықтан, құрсақтағы жан иесіне - білім беру және оқыту - тіпті де мүмкін емес.


ІІ. Бала дүниеге шыр етіп келгенге дейін, оның миы "ақ қағаздай аппақ" болып туады деуі де... барып тұрған жалған тұжырым. Себебі. ана құрсағына түскен бір клеткалы-ұрықтан - "тән құрылысының" барлық мүшелері жетілсе, сол клеткадағы "жалғыз ноқаттан" - ми мен жұлын-жүйке жетіліп, түйсік пен түйсіктік ақыл қалыптасады. Ұлы ғұлама, Нобель сыйлығының лауреаты Анри Берксон ; - " Түйсік - санадан ақыл сұрамайды, - деп бекер айтпаса керек.


ІІІ. Біз пайдаланып жүрген педагогикада - жаңа туған баланы - Тұлға - деп дәріптейді. Бұл да өтірік ! Мәселен ұлы жазушы Мұхтар Әуезов - Абайдың тұлға болып жетілуін - төрт кітаптық эпопеяға әрең сыйдырып жазғаны белгілі. Сондықтан, "европацентризм методологиясымен" жазылған, ғылыми Жүйесі мен ғылыми Негіздері жоқ, Педагогика мен Психологиядан тез арада құтылу керек. Бүгінгі Педагогикадағы осы тектес кемшіліктерді, Ресейдегі Орыс ғалымдары да айта бастады...


Олай болса, "дөңгелек столға" жыйналып, "ұрпақтың ұлттық тәрбиесін" талқылап отырған ғалымдарға айтар ұсынысым нақты да анық. Міне, 22-жыл болыпты... Менің "Адам тәрбиесінің жаңа ілімін" ұсынып, 4- монография, 2- оқулық та жарық көріп жазылыпты. ( "Ізгілік әліппесі", 1991; "Халық педагогикасының негіздері", 1995; "Халық Педагогикасы мен психологиясының негіздері", 2005; Педагогика мен Психология негіздері", 2008 және 2012 жылы шығып, Абай атындағы ҚазҰПУ-тің көмегімен монографияның ішіндегі барлық жаңалықтар ПАТЕНТ алды. Реестрде тіркелген № 1408.


Көпшіліктеріңізге белгілі, бұл оқулықтарды көптеген жоғарғы оқу орындарының студенттері сатып алып, оқуларымен қоса... үнемі авторымен кездесулер де жасап жүр. Мұндағы ең басты жаңалық, бұрын-соңды Педогогика мен Психологияда айтылмаған - екі сатылы Методолгиясы ; а). биологиялық индивид; б). сананы жетілдіруді ұсынады. Методологияның осы екі сатысынан - екі Жүйесі - Жүрек тәрбиесі мен Ақыл тәрбиесі қалыптасады. "Жүрек тәрбиесі" жүйесінің тәсілдерімен, тек Ана құрсағында ғана Жанның 12-арнасы ( түйсік, ұят, сүю, мінез, табиғи қабылет, зерде, жігер және ішкі бес сезім ) ашылады. Бұлар да бүгінгі педагогикада жоқ. Ал, "ақыл тәрбиесі" жүйесінің тәсілдерімен физиологиялық кезеңдердегі "сананың жетілуін" қамтамасыз етеді. Енді осы "екі Жүйеден" - Педагогиканың, яғный "адам тәрбиесінің Жеті түрлі НЕГІЗДЕРІ - даралана жетіліп қалыптасады.


Олар былайынша... төменде көрсетілгендей аталынады ;

І. Халық педагогикасының І-ші негізі, немесе Отбасын құруға дайындық және Ұрық тазалығы ;

ІІ. Халық педагогикасының ІІ-ші негізі, немесе Ана құрсағындағы тәрбие;

ІІІ. Халық педагогикасының ІІІ-ші негізі, немесе Нәресте кезеңі;

ІУ. Халық педагогикасының ІУ-ші негізі, немесе Балбөбек кезеңі;

У. Халық педагогикасының У-ші негізі, немесе Сәбилік кезеңі;

УІ. Халық педагогикасының УІ-шы негізі, немесе Балиғат кезеңі;

УІІ. Халық педагогикасының УІІ-ші негізі, немесе Кәмілеттік кезеңі;


Осынау Жеті түрлі Негідердің табиғат заңдылығынан шығып тұрғандығының ең басты белгілері, бұлардың әрқайсы физиологиялық кезеңдер болғандықтан, өздеріне тән тәрбие тәсілдері бар. Ол тәсілдерді бірінен екіншісіне ауыстырып пайдалануға болмайды. Егер мысал ретінде "І-ші негідің" адамға берер пайдасын айтар болсақ, "ұрық тазалығын" сақтау арқылы, бүгінгі қаптап кеткен "аурудың 85-90%-нан" құтылар едік. Бүгінгі адамдар - арақ - темекі - нашамен - уланған ұрықпен - жарымжан балаларды өмірге тоғытып жатқандарын ескермейді...Қазіргі кездегі "мектепке дейінгі тәрбие" деп топтастыра салуда да көптеген қателіктер бар. Олай болса, балабақшасындағы тәрбиеге де көп өзгерістер енгізу шарт. Тіпті, кешегі 12-жыл бойы Білім мен Ғылымды басқарған он минстрлердің де, орта мектеп реформасын жасай алмай кеткендерінің себебі де, осы "ұрпақ тәрбиесіндегі" қаталықтарға байланысты. Бүгінгі қоғамымыздағы көптеген кемшіліктер де, бұрынғы құлдық психологиямен қалыптасқан, еліктеушілік пен солықтаушылықтан құрылған "басқару" мен "ұйымдастыру" жүйелерінің әлсіздігі екені анық. Ендеше, Тәуелсіздік алған 23-жылдың уақыт динамикасын еске алсақ, бұл 2-ғасырмен пара-пар уақыт екенін түсініп, жалтақтау мен жалпақтауды қоятын мезгіл жетті. Осылардың барлығын қортындылай келе - "ұлттық тәрбие" мен "қазақ елі" пәнінің - оқулығы дайын деуге болды. Тек, пендешілікке салынбай, менің ұсынып жүрген "Ұрпақ тәрбиесінің жаңа іліміне" бұрылуды, уақыт өзі талап етіп отыр.


Құрметті Серік Жайлау ұлы ?! Мынау кітап Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 2012 жылы щығарған, "Педагогика мен Психология негіздері" атты оқулығымды, осы жыйынның алқасына "ҒЫЛЫМИ ПӘН" ретінде ұсынамын. Жоғарыда айтылғандай - Методологиясы мен Жүйесі және Неіздері - дайын оқулықты талқылап таразылауды сұрар едім. Барынша қысқа етіп хабарлағандықтан, бұл кітаптың ішіндегі көптеген құндылықтар мен жаңалықтар айтылмай қалды. Мұнда Күлтегіннің ескерткішінде жазылған, халқымыздың "қара жер жаралғаннан бергі" тарихы да, жұртымыздан шыққан ғұламалар мен тұлғалар да тыянақты қамтылған. Тіпті, ондаған жылдар бойы минстрлеріміздің табалмаған " он екі жылдық" реформасы да бар екенін ескертемін. Парасатты көңілмен іске сәттілік тілеймін !..


11. 012. 2013 жыл.

Бөлісу:

Көп оқылғандар