Қайсысы қалай дыбыстайды?

Бөлісу:

26.01.2016 25357

66adda844ad175acef392a1219cd38c2.jpg

Түйе боздайды. 
Бура күркілдейді, бұрқылдайды.
Жылқы, құлын кісінейді.
Айғыр арқырайды.
Сиыр, қодас, бұғы мөңірейді.
Қой, ешкі, арқар, киік, тауешкі маңырайды.
Қошқар мекіренеді.
Теке бақылдайды.
Есек аңырайды.
Ит үреді, арсылдайды, ырылдайды.
Итаршы, күшік шәуілдейді.
Доңыз қорсылдайды.
Арыстан ақырады.
Жолбарыс, піл күркірейді.
Аю өкіреді.
Маймыл, қоян шыңғырады.
Қасқыр ұлиды.
Қорқау қорқылдайды.
Түлкі шәуілдейді.
Қарсақ шәңкілдейді.
Борсық, кірпі мырсылдайды.
Мысық мияулайды, пырылдайды.
Тышқан, жарқанат шықылдайды.
Күзен, зорман шақылдайды.
Суыр, саршұнақ сақылдайды.
Бүркіт шаңқылдайды.
Сұңқар саңқылдайды.
Аққу сұңқылдайды.
Қаз қаңқылдайды.
Үйрек барқылдайды.
Сұқсыр, шүрегей пыр-пырлайды.
Құр, кептер пырылдайды.
Байғыз, үкі бақырады.
Сыбызғышы сыңсиды.
Безгелдек безілдейді.
Жапалақ барқылдайды.
Шағала шаңқылдайды.
Өгіз, шағала өкіреді.
Көкқұтан қиқулайды.
Тырна тыраулайды.
Қарға қарқылдайды.
Бөдене пырылдайды.
Торғай шырылдайды.
Қарылғаш шықылдайды.
Бұлбұл сайрайды.
Тоты сөйлейді.
Әупілдек әупілдейді.
Шіңкілдек шіңкілдейді.
Құрқылтай құрқылдайды.
Жылқышы шырқылдайды.
Күрке тауық күркілдейді.
Бытпылдақ бытпылдайды.
Көкек көкектейді.
Сауысқан шықылықтайды.
Тауық қыт-қыттайды.
Әтеш шақырады.
Шақшақай шақылдайды.
Тауқұдырет айғайлайды.
Тауыс қырқылдайды.

Бөлісу:

Көп оқылғандар