Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: Tұрсынғазы Рахимовтың рухына
Бөлісу:
Егер, ежелгі бабалар даналығына сүйенсек, "қ а й т ы с (өзі жаратылған бастапқы әлеміне қайыра оралу) болмақ Адамның тәні киіз үйдің сықырлауығынан шығып, Қара Жерге енеді, Жаны Шаңырақтан шығып, Көкке ұшады".
Әулие Шаһкерімнің "Жанымыз - Күннен келген Нұрдан..." постулаты бойынша: "қайтыс болған Адамның Жаны бірден Күнге тартылып кетеді".
Қалай десек те...
Құрып қойған секілді құсқа қамау,
Ажал бір күн әркімді ұстамақ-ау!...
Сен Ажалға бір амал таппадың ба,
кісілігінің жұпары күшті Ағам-ау?!..
Өмірбіткен - осы ма?.. Өмірбіткен?..
Жолығарсың бәлкім сенТәңір-Құтпен?!..
Қалай болса кеудемде солай соғып,
қапалы жүрек мендегі қан үркіткен!
Кім өзіңді ғайыпқа асықтырған?
От еді ғой - өмірге ғашық тұлғаң.
Шайтан-үндер көп екен - енді естілді -
сенің Аспан-Даусың басып тұрған!..
Рух сырын, өмірден бек тысқары,
таппақ емес ешқандай тапқыш ғалым.
Сен ән салсаң, көруші ем Жанымның да
Көңіл құсына жармасып Көкке ұшқанын!..
Солай ұшқан - қалың Ой-қарлығашым,
қанатымен де қайталап Ар дұғасын!
Қалай көңіл айтарын Әндеріңе
білмейді екен бірақ та сорлы басым!..
О Дүниенің сыры да ғажап қиын...
Бақұлдасып бағады Сөз - ақ құйын!..
Сені Жұмақ қабылдар, Тұрсынғазы!
Қазақ Әнін - қабылдар - Қазақ Күйін!
Қабылдамаса,
Жұмақ құны маған да - бес-ақ тиын!
Тыныштықбек
Бөлісу: