Мәуіт Ырысбек: Мен, мен, мен едім

Бөлісу:

28.03.2016 8081

 

 


 

admin-ajax.jpg

Мен, мен, мен едім,

Елімді қорғар ер едім.

Абылайдай айбатты,

Қабанбайдай қайратты,

Махамбеттей өр едім.

Көмейден жырым сауылдап,

Өлеңнен моншақ теремін.

Еңіреген еріңмін,

Қазағым, жұртым, өз елім.

Сен үшін күліп қуанып,

Сен үшін жалын өзегім.

Рухымды көтерер,

Атадан қалған өнерім,

Қасиетті өлеңім.

Күркіреп келген сел едім,

Шабыттың жырын төгемін.


 

 

 

Мен, мен, мен едім.

Рухы биік ел едім.

Қасарысқан дұшпанның,

Қабырғасын сөгемін.

Намысыма тисе егер,

Жауар бұлттай төнемін.

Орыспен де тең едім,

Қытайдан қалай кем едім.

Рухын жаттап оянған,

Бесіктегі бөбегім.

Ат тұяғымен ойнатып,

Үш құрлықтың көп елін.

Сахараның бегі едім,

Асуда, асу бел едім.

Мен кімнен қане кем едім.


 

 

 

Мен, мен, мен едім,

Қапыда қалған ел едім.

Атадан қалған аманат,

Ұлан да байтақ жер едің.

Құруға шақ қап аз қазақ,

Қиында қиын кез едің.

Бір ғасыр көрде жатсаңда,

Рухым асқақ өлмедің.

Намысын қорғап ағалар,

Ізін жалғап көненің.

Тәуелсіз қазақ ел болып,

Өзге жұртпен теңедің.

Рухым қайта тіріліп,

Арындады беделім.

Егеменді ел едім,

Мен кімнен қане кем едім.


 

 

 

Мен, мен, мен едім,

Бейбіт елдің ері едім.

Атадан қалған аманат,

Ерлік деген рухты,

Халқыма қалай беремін.

Таңдағаным сен едің,

Ұстаздық ұлы жол едің.

Алдымдағы өренім,

Болашағыңа сенемін.

Білімнің тұнық өзенін,

Ғылымның татты өзегін,

Белгілі қарғам, сезерің.

Сендер үшін кор жинап,

Білімнен азық теремін.

Ұстаздық ұлы борышым,

Керек болса көмегім.

Жүрегіңе жылулық,

Мейірім нұрын төгемін.

Жаныңа берер сұлулық,

Білім ұрығын себемін.

Жадыңа сақтар ұлы руых

Ерлік гүлін егемін!


 


 

 

 

НАУРЫЗҒА АРНАУ


 

Әдет-ғұрып, ұлағатты салтымыздың,

Наурыз - ұлы тойы халқымыздың.

Көже құйып, сапырып сары қымызын,

Аналар инабатты алтын біздің.

Қонағуар кең қолтық халқымыздың,

Тойланып жатыр, міне, салты бүгін.

Сенеміз, ертеңіміз жарқын біздің,

Наурыз құтты болсын жалпыңыздың.

Сезінер нұр шуағын алтын күннің,

Жаңалыққа баршаны талпындырдың.


 

 

Көктемде бүршік жарған гүл өркені,

Біздің міне ұрпақтар ел ертеңі.

Бой түзеп, ойды түзеп ол өседі,

Нұрлы болар деп сенер келешегі.

Ұлтының ұлағаттап ұлы салтын,

Халқына ұлы сыйлық берер тегі.

Елің үшін елеулі еңбек етсең,

Ата-анаң шын жүрекпен тілер соны.

Ұлтын сүйіп, қазірден тілін сүйсе,

Қазақтың көсегесін көгертеді.


 

 

Қазақтың ұлылығын сезіне алам,

Бабалар қиындықтан тайынбаған,

Қамал жоқ алдарында алынбаған.

Қанмен, термен қорғаған сайын далам,

Ен байлықты ұрпаққа дайындаған,

Үсті алтын, асты мұнай қазылмаған,

Басқаның бақытына жазылмаған.

Кең Қазақ ешқашанда тарылмаған,

Егеменді ел болдық арындаған,

Тілім, дінім тіріліп жалындаған,

Сары арқаның төрінде айбынданған,

Астана - Қазақ салған нағыз қалам.


 

 

Қазағым қасиетті елім, данам,

Берекенің қаймағы бұзылмаған,

Жыл басы рыс болсын ырымдаған,

Біліп ал айналайын жаным балам,

Жүрегінде оты бар жалындаған,

Саған қымбат Отаның, тауың, далаң,

Жігер берсін көк байрақ туың саған,

Қастерлеп ана тілді, ата жұртты,

Белді бекем қазірден буын, балам!


 


 

 

 

 

Ия, ия, мен рас, оралманмын

 


 

Ия, ия, мен рас, оралманмын,

«Отан» деп от сезіммен оралғанмын.

Ол да қазақ жері ғой, алтын Алтай,

Сонда ұшталып қанатым, ой арманым.

Құшағында анамның ана тілмен,

Сусындап өмірге азық ой алғанмын.

Аңсаған еркіндікті ата-бабам,

Оспанның рухымен оянғанмын.

Орыс, қытай тазартпақ болса-дағы,

Рухымнан мен әлі тоналмадым.

Ата-баба қанымен боялғанмын,

Егемендік - бізге сыйы ол Алланың.


 

 

Ия, ия, мен рас, оралманмын,

«Отан» деп от жүрегім, оралған мұң.

Жетегінде жетіліп мол арманның,

Оралуға Отанға жол алғанмын.

Құдіретті болса да өзге еліңді,

Қазақстан орнына қоя алмағын.

Махаббатсыз кейбір аз ездер үшін

Махаббатым өзіңе жоғалмаған.

Өзің үшін құрбандық болар жаным,

Сенде ғана мәңгілік жанар бағым,

Саған кінә тақпаймын, мен әзірше,

Демеймін өз биігіме қона алмадым.


 

 

Ия, ия, мен рас, оралманмын,

«Отан» деп от сезіммен оралғанмын.

«Қазақ» деп бойға жалын оралған мың,

Абай, Мұхтар әрине бола алмаймын,

Бірақ, бірақ, азғантай үлесімді

Отан үшін қоса алсам, сол арманым.

Таудағы мөлдір бұлақ бұралған мың,

Сансыздаған тамшыдан құралған-ды.

Жалғыз тамшы болсам да тұп-тұнық боп,

Құрамында жөңкілсем - сол арнаның.

Сонда ғана іске асып ой, арманым,

Отанның патриоты бола аламын.


 


 

 

 

Мәуіт Ырысбек

«ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының директоры,

Дарынды балаларға арналған

№9 «Зерде» мектебінің жоғары санатты мұғалімі,

Математика ғылымдарының магистрі

 

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар