Бүгін ақын Батырхан Сәрсенханның туған күні

Бөлісу:

28.03.2016 4903



vwVDPp17cL0.jpg


Мен  Батырхан Сәрсенханның алғашты топтама өлеңдерін қазақтың белгілі ақыны, айтыс өнерін 30 жыл өрге сүйреген Жүрсін Ерманның ақ жол тілеп, ағынан жарылған шағын пікірімен бірге «Қазақ әдебиеті» газетінен оқыдым. Өзімен 2014 жылғы халықаралық «Шабыт» фестивалінде кездестірдім. Одан кейін, міне, ақын ағасы Қалқаман Сариннің қаржылай қолдауымен жарық көрген «Мейірім ғаламшары» деген кітабымен кездесіп отырмын. Екі-үш айда айырылмас дос та болып қалдық. Кітап Батырханның өзі секілді ақын екен. Өзі секілді тентектеу, күтпеген жерден сөйлеп кететін мінезі бар екен. Кітаптың өзегінен өмір исі аңқып тұр. Өзгеше. Өзі секілді сөзге адал, досқа аңқылдақ, таза, шынайы. Шын ақынның кітабы осындай болады! Алғы сөзін қазақтың керемет ақыны Ұлықбек Есдәулет ағам жазыпты. Қосыламын. Ақты – ақ, қараны – қара деп әділін айтқан.


Бүгін Батырхан бауырымның туған күні. Әрбір жан иесінің жарық дүние есігін ашқан күні – меншікті мерекесі. Өткені мен болашағының арасында тұрып, өзіне-өзі есеп беретін ерекше күн. Көктемнің алғашқы айларында дүниеге келген Мұхаммед пайғамбар да туған күнінде ораза ұстап, жақындарымен бірге ауыз ашар жасап, арнайы атап өткен екен. Демек, бұл күннің маңызы зор. Батырханның туған күні болашақта поэзия мерекесіне айналсын, өмірде де, өлеңде де ғұмыры ұзақ болсын!




Бауыржан Қарағызұлы

Бөлісу:

Көп оқылғандар