Өскеменде "Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері" өтеді

Бөлісу:

11.05.2016 4132



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ағымдағы жылғы 20 мамырда Өскемен қаласында «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндерін» атап өтеді.


Іс-шара аясында «Түркі жазба мәдениеті: тарихи тағлым және тәуелсіздік мұраттары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-теориялық конференция, жазба ескерткіштердің географиялық, мазмұндық және дәуірлік мәніне арналған лекторий, түркі мәдениеті мен өнеріне арналған концерт ұйымдастырылады деп күтілуде.


Іс-шараға еліміздің барлық аймағынан 30-дан астам түрколог-ғалымдар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, облыстық тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, жергілікті жердің зиялы қауым өкілдері, жас зерттеуші ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысады.

Бөлісу:

Көп оқылғандар