Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» күй жинағының тұсаукесері өтті

Бөлісу:

14.05.2016 5144

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханада күйші, жазушы, зертттеуші, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» күй жинағының тұсаукесері өтті. 


disk.jpg


Таласбек Әсемқұлов (1955-2014) – Байжігіт күйшінің (18 ғ.) мұрасын, Кет-Бұға (13 ғ.), Қотан-тайшы (13 ғ.), Тәттімбет (19 ғ.), Жүнісбай Стамбаевтың ұмытылған күйлерін біздің заманға жеткізген домбырашы. CD-альбомға 73 күй енді. Байжігіт пен Тәттімбет күйлерімен қатар, бұрын-соңды жарық көрмеген Қотан тайшы, Қасабай, Қызылмойын Қуандық, Ақай қажы, Аққыз, Жүнісбай Стамбаевтардың күйлері және Таласбек Әсемқұловтың өзі шығарған 8 күйі топтастырылған. Жаңадан жарияланып тұрған күйлер Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының фольклор лабораториясынан (жетекші Саида Дәукеева), Таласбек Әсемқұловтың, Сәуле және Гсавье Аллестер (Франция), Мүслім Әмзе, Бақтияр Аманжолдың жеке мұрағаттарынан алынған.


13177713_260782690942526_1631305964357223681_n.jpg


13179192_260782470942548_3965777710573443801_n.jpg


Тұсаукесерге марқұмның ізбасар шәкірттері, домбырашылар Сәрсенғали Жүзбаев, Қайрат Айтбаев, Рүстем Нүркенов, Айтолқын Тоқтаған, Ақжусан Иманғазықызы және қобызшы Ақнар Шәріпбаева қатысты. 


13178555_260782414275887_8207643215060642336_n.jpg



13227226_260782420942553_6576822759773594003_n.jpg


Кешті ақын Ербол Алшынбай жүргізді.




Әсем Бірмақова


Бөлісу:

Көп оқылғандар