Маралтай РАЙЫМБЕКҰЛЫ: КЕРБҰҒЫ

Бөлісу:

19.05.2016 6213

11068230_1642171076004226_8912227927002963031_n.jpg 
  

КЕРБҰҒЫ



Қарсы ала алмайтын ертеңгі таңды 
Түндегі отпен тұлданған өшті ол бірге. 
Келмеске маңды – 
Европадай ұрланған. 


Фәниде пенде өзегін бір жылт 
мекендер, 
Сөнер – сен сөнсең, 
Сарғалдақ депті ол сағынышты жұрт, 
Сағыныш түссіз, сенсең сен!



Түсіне еніп, тіліне тамған 
Уды бал ету – кәсібі. 
Мүйіздерінде шырақтар жанған 
Бұғыдай әулие, әсілі.



Сол жанды неге түсімде көрдім, 
Сіздегі торға қамалған... 
Босатып қайта, бостандық бергін, 
Сағындық Оны, я, Аллам!

Маралтай Райымбекұлы

Сурет авторы: Маралтай Райымбекұлы

Бөлісу:

Көп оқылғандар