ҚР Мәдениет және спорт минстрі Арыстанбек Мұхамедиұлы халыққа есеп берді

Бөлісу:

23.05.2016 2849

20140717113743.jpg

Бүгін Астанадағы “Қазақконцерт” ғимаратында ҚР Мәдениет және спорт минстрі Арыстанбек Мұхамедиұлының халыққа есеп беру кездесуі өтті.


 

Кездесуде министр министрліктің соңғы жылдары атқарылған кейбір іс-шараларға тоқталып және министрлік қызметінің жетекшілік ететін салаларды дамыту мен негізгі бағыттары туралы баяндап берді.


 

Министрдің айтуынша, қазақстандық спорттың халықаралық аренадағы беделі артып кел жатқаны және Рио Олимпиадасына 23 спорт түрінен 82 жолдама жеңіп алғандығы тілге тиек етті.


 

Министрге сұрақтар онлайн арқылы еліміздің әр өңірінен және интернет арқылы қойылды.


 

Жалпы қойылған сұрақтар жастар, қазақ терминологиясы, үкіметтік емес ұйымдар, спорт-мәдени нысандар, балалар киноиндустриясын құру, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және т.б. байланысты өрбіді. 


 

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы көрермендердің сұрағына тұщымды жауап бере отырып, кездесу соңында министр өзінің жеке басына қатысты қызықты сұрақтарға да жауап берді.


 


 

 

 

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар