«Das Lied von Kulager» – «Құлагер» поэмасының тұсаукесері өтеді

Бөлісу:

24.05.2016 3929


Ілияс_жансүгіров.jpeg

Ертең, яғни 25 мамыр сағ. 15:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Ілияс Жансүгіровтың неміс тіліне аударылған «Das Lied von Kulager»«Құлагер» поэмасының тұсаукесері өтеді.


Аударма авторы – неміс жазушысы, журналист, аудармашы және сценарист Герт Хайденрайх. Ол Қазақстан-Гете институтымен 10 жылдан бері әріптестік қарым-қатынас орнатып келеді. Сондай-ақ, қазақ әдебиетіне үнемі қызығушылық танытып жүр.


Герт Хайденрайх «Құлагер» поэмасын түпнұсқадан аударған. Оның «Das Lied von Kulager» кітабы Қазақстан-Гете институтының қолдауымен «Büchergilde»/Германия баспасында жарық көрді.

Айта кетейік, бұл Герт Хайденрайхтың қазақ тіліне аударған екінші жобасы болып табылады. Бұған дейін ол ақын Иран-Ғайыптың 20 шақты өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Өз кезегінде Иран-Ғайып та Герт Хайденрайхтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Бұл ақындардың достығынан және екі халықтың мәдениетінің ынтымақтастығынан хабар береді.

Аталмыш іс-шара қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Модераторы – танымал тележүргізуші, ақын Жаңыл Асылбекова. 


adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар