Мерей Қосын: Ереже туралы аңыз (Legend about Law)

Бөлісу:

27.05.2016 4544

мерей Қосын.jpg

Туған жердің тастарын мазасыздық басты.


 

Ол шешімін таба алмады.

Екінші ол: Келісім шартты бүгін жасаймыз ба?

Үшінші ол: Сен мынаны түсіндірші, бір қызыл алма бар, сондай тәтті делік, адам өзінде жоқ сол алмаға қол жеткізу үшін бай болғысы келеді, бизнес ашады, сол үшін ұмтылады, өмірбойы тер төгеді. Ал сенде бәрі бар, өміріңе жетердей, енді не керек  саған?

Ол басын көтеріп, екеуіне қарап жымип қойды.

Ол: Сол «бәрі» менікі емес сияқты.


 

  Ритц Карлтон зеріктіріп жіберді, көңілсіз күйін көтеріп сыртқа шықты. Қараңғы түсіп кеткен. Терең бір дем алайын деп шалқайып еді, жүзіне ай төгілді. Жаңа туған ай әлсіреп, төбесіне құлап түсердей зорға ілулі тұр. Оны бір шу мазалады. «Ай көрдім, аман көрдім. Ат басындай алтын көрдім, қой басындай күміс көрдім. Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке.» Кімдердің дауысы түсіне алмады, ес білмес шақта естігендері ма, бас айналдырардай жаңғырады. Алақанын жайып дәл осы түсініксіз сөздерді қайталағысы келді, бірақ бұл нағыз сандырақтай көрінді. Машинасына қарай бет алды. Қалтасындағы төртбұрышты дірілдеп хабар берді. Ставангерлік досы Лойд Хиллден келген шимай.


 

«Батыс жарты шарының тұрғындары (Солтүстік және Оңтүстік Америка)15 сәуір түні «қанды ай» (қызыл ай) деп аталатын сирек астрономиялық құбылысты бақылады. Бұл жолы айдың алғашқы тұтылуы 78 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында аспанда жер ғаламшарының тек әлсіз сұлбасы ғана көрінді.»  Норвегиядағы студент күндерінде Лойд екеуі табиғат туралы өте көп ақпараттар жинайтын еді. Кейбір заңдылықтар үшін екеуі қатты керісіп қалған кездері де болған. Бірақ ол әлі көңілсіз жердегі туған сұрақтан шыға алмай отыр. Аяғының астына қарап тұрды, әріптер тізіліп бара жатты. «Менің табаным тиіп тұр, демек бұл жер менікі, мен дем алып тұрмын, демек бұл ауа да менікі, мен сөйлеп тұрмын, сөздер менікі, күлсем күлкі де менікі, тепсем аяқ менікі, жыртылса бәтіңке де менікі, осыларды ойлап тұрған ой да менікі. Қалғаны бос.»  Төбесінде қақшиған айдан ойын жасырғысы келді ме әлде ерекше тартымды біткен жүзін қызғандыма,  көлігіне асықты. Лойдқа жауап жіберу туралы мина жетпеді.


 

  Дөңгелектер жол бойынан көтеріліп ұшып келе жатқандай. Ол артына түскен ай сәулесінен қашуға ұмтылған көлеңкесімен жарысып келеді. Кешкі қала тыныштала бастаған еді, бірақ оның мазасызданған кеудесі бүкіл қаланың ұйқысын қашырып барады. Енді ол көлік жылдамдығына өзі ие бола алар емес, ережелер мен түрлі- түсті шамдар, қауіптер мен қорқыныштар жол жигенде домаланып қалды. Жер үстінде рахаттана ұшып келеді.  Бұл жылдамдықтың мәнісін өзі де түсіне алар емес. Бірақ миында оқиға болып жатты. Ол еркінен айырылды, енді тек астындағы темір- терсекке сеніп отыра берді. Құлағының түбінде тағы шулар мазалай бастады. Ол рөлге ие бола алмай бара жатқанын байқады, көз алды бұлыңғырланып кетті. Кенет ұзын- сонар жол аяқталды да қалды.  Оған күтпеген жерден бұрылу керек болды.  Оны қоршаған барлық күш селк ете қалды. Әдемі қызды көрді. Ол сұлу жаратылысқа ғашық боп үлгіргенше оны жоғалтып жіберді. Қыз оның көлігінің екпінімен жерге құлап түсті. Оның іші енді тынышталды да құлазу басып кетті. Құлағындағы шу да кеудесіндегі соғыста ғайып боп кетті, енді бәріне өзі жалғыз кінәлі болды да қалды. Көліктен дірілдеп сыртқа шықты. Дала қараңғылықта қалқып жатыр, тып -тыныш, бәрі бақытты, айналасы тап -таза. Ол бетін алақанымен қайта- қайта сыйпалайды да, өзін оятқандай боп жерге тағы қарайды. Бірақ расымен де ешкімді көрген жоқ, жаңағы сұлу жаратылыс жоқ. Айналасына алақ- жұлақ етіп, көшенің жиегін тінтіп шықты, жоқ, жерәлем баяғы күйінде, бір із жоқ. Ол сандырақтағанын сезіп, терең дем алды да,  төбесіне қарады. Жаңа туған әлсіз ай қызарып кеткен еді. Ол егер ереже бұзсаң, пайда болатын оқиға туралы аңыз миын әлдеқашан бекітіп тастағанын енді түсінді. Өз миының өзіне жасап қойған тағдырынан шықты да айға қарап алақанын жайды.


 

«Ай көрдім, аман көрдім. Ат басындай алтын көрдім, қой басындай күміс көрдім. Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке.»       

Бөлісу:

Көп оқылғандар