Көзіңе мұң тұндырған көрме өтті

Бөлісу:

31.05.2016 3082

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 31 мамыр – ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған заманауи көркемөнер жұмыстарының көрмесі өтті.

D4S_7998.JPG

 

D4S_8078.JPG

Көрмеге Сырлыбек Бекботаевтың «Қызыл Фильтр» фотосуреттер топтамасы, туған жер тыныштығы мен қорғанысының кепілі ретінде жасалған «Сылдырмақ» атты қазақ бесігі қойылды. Бесік Айнұр Сәденованың «Аналар зираты» жұмысымен үндесіп жатыр. «Аналар зираты» – Қарағанды облысының Долинка поселкесі жанындағы балалар зиратының жалпылама атауы. Онда 2000-ға жуық сәби жерленген. Ал, Алмагүл Меңлібаева көрмеге жиналған қауымға «Шанель N5» деп аталатын туындысын ұсынды.D4S_8020.JPGD4S_8045.JPGD4S_8065.JPG

              Сонымен қатар, көрсетілім барысында заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбековтің жетекшілігімен жарық көрген ҚАРЛАГ жайлы кітаптар топтамасы ұсынылды.

D4S_7956 - копия.JPG
           D4S_7964.JPG

              D4S_8204.JPG

   D4S_8083.JPG

Айта кетейік, іс-шараға Парламент депутаттары, Иран, Украина, Тәжікстан, Беларусь, Түркия, Венгрия, Литва мемлекеттерінің Төтенше және өкілетті елшілері мен қоғам қайраткерлері өз ойларын ортаға салып, ұлт зиялыларының ұрпақтары естеліктерімен бөлісті.

     D4S_8210 - копия (2).JPG


Бөлісу:

Көп оқылғандар