Аштық құрбандары рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды
Бөлісу:
31 мамыр күні “Ауыл” Халықтық демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, “1923-1933 жылдардағы аштық құрбандарының рухына мәңгілік тағзым” монументіне гүл шоқтарын қойды.
“ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында елімізде 103 мың адам қуғынға ұшырап 25 адам ату жазасына кесілді. Барша халқымыз үшін бұл күннің айрықша тарихи мәні бар. Жұт жеті ағайынды, қуғын-сүргін саясаты ашаршылықтан сіңірі шыққан қазақ халқы үшін ауыр соққы болуымен қатар, қазақ тарихының бұл қаралы кезеңін біз әрдайым есте ұстауымыз қажет” деді партия төрағасының бірінші орынбасары Толымбек Ғабділәшімов.
Қазақтың зиялы азаматтары – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабай, Сәкен Сейфуллин сынды тағы да басқа арыстарымыз қатаң тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.
Партия мүшелерінің айтуынша, трагедиялық оқиғаларды аңыз ретінде ғана емес, халық санасына сабақ алардай етіп сіңіру өте маңызды екенін, қазақ халқының басынан өткен бұл зұлмат күндер әлі де зерттеліп, зерделенуі қажет ененін тілге тиек етті.
Аталған шараға “Ауыл” партиясының мүшелерімен қатар, Қытай, Моңғолия және Ресейден арнайы келген қазақ қандастарымыз бен ақын-жазушылар қатысты.
Бөлісу: