Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ: САЙТАН (ХХІ ғ.).

Бөлісу:

07.06.2016 3762


Жаны неткен, құдай-ау, сірі "халық",
Ауған асып, 
Памирде жүріп арып, –
Сайтан шықты көшеге, 
Сақалы – ұзын,
Шалбарының балағын түріп алып!


13343094_1898414633718807_6673376668075290416_n.jpg

Жүрген жері – өрт; қараса – қопарылар,
Таудың өзін лезде жота қылар?
Бір қатынның он шақты байы болса,
Бір еркектің жүз шақты тоқалы бар!


Күндіз – түні ашылып жатады – ауы.
Алланы да – Алла деп атамауы –
Қалай?!
Бұлар Абайдан әулие ме?!
... Қазақ неге бұлардың ата жауы?!.


Кері тартпа шетінен, кердең келед,
Ғаламатты қазақсыз жерден көред;
Елден бөлек – бұлардың есіл-дерті.
Намазда да тұрады –
Елден бөлек!


Жымың қағып, жұғысып бай-төреге,
"Джиппен" сайран салады Майтөбеде.
... Ақтөбеде көшеге шықты бүгін...
... Жатыр екен қалғаны қай төбеде...


Бөлісу:

Көп оқылғандар