Александр Пупенко: Өзге тілді үйренсек, өз тілімізден айырылып қаламыз деген теріс ойдан арылуымыз керек

Бөлісу:

16.05.2016 4604




пупенко.jpg

Бүгінгі таңда «Тіл» мәселесі өзекті тақырыптардың біріне айналды. Халық «Үш тұғырлы тіл» дегенге үрке қарайды. Ол сондай қорқынышты дүние емес. Біз бұл мәселені дұрыс жағынан ойластыруымыз керек.


Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деп ескерту айтқан болатын. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. Одан бөлек, Президентіміз 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететініне кепілдік беріп отыр. Сондықтан, өзге тілді үйренсек, өз тілімізден айырылып қаламыз деген теріс ойдан арылуымыз керек.


Бала жастайынан қанша тілді меңгеріп өссе, есейе келе өзіне соншалықты білім жинайды. Бабаларымыз «бір тіл білген бір адам, екі тіл білген екі адам» деп бекерге айтпаса керек... Сол үшін білімнің артықтығы болмайды... Ал шет тілін үйрену бүгінгі заманның талабы....


А. Пупенко

Көкпар ойынынан халықаралық

дәрежедегі спорт шебері

Бөлісу:

Көп оқылғандар