Қостанайда «Тіл мерейі» республикалық шарасы өтеді

Бөлісу:

20.06.2016 2114

қостанай.jpg

24 маусым күні Қостанай қаласыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тіл мерейі» республикалық шарасын өткізеді.


Шараның мақсаты мемлекеттік тілді тұрғындарға үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен озық тәжірибелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру болып табылады.


Шараға әдіскер-ғалымдар, тіл мамандары, тіл үйренушілер, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушы әдіскерлері қатысады.


Шара барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары және әдіс-тәсілдерімен бөлісуді жоспарлап отыр. Қостанай облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқытудың облыстық орталығының үздік оқытушылары панорамалық сабақтар мен онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетеді.


Байланыс телефондары: 8(7172) 740509, 408367, 87018975047, 87025490979.


Бөлісу:

Көп оқылғандар