Әлихан Бөкейхан айтқан қанатты сөздер Ататүрік пен Джордж Вашингтоннан еш кем емес

Бөлісу:

21.06.2016 6770


алаш айткан асыл соз.jpg

23 маусым күні Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада «Алаш айтқан асыл сөз» атты кітаптың тұсаукесері (11:00-де) өтеді. Жаңа кітап Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 және Алашорда Үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай жарыққа шығып отыр.


Жоба авторы Берік Уәлидің айтуынша, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы да қаперден тыс қалған жоқ.


«Жинаққа ұлт көсемі Әлихан Бөкейханнан бастап Смағұл Сәдуақасұлына дейінгі 25 Алаш арыстарының ой-толғамдары мен қанатты сөздерін топтастырып беріп отырмыз. Осы ретте 25 Алаш арысын іріктеп, олардың қанатты сөздерін жариялауымыздың тегін еместігін айта кеткен жөн. Өйткені, биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, осыған орай оқырман қауымға 25 Алаш арысының қанатты сөздерін сый ретінде тарту етуді алдымызға мақсат етіп қойдық», - дейді Берік Уәли.


Жинақтағы Алаш арыстарының ұлт, дін, тіл, білім, мәдениет, өнер сынды тақырыптағы тағылымы мол, ғибратты сөздері оқырман қауымды бей-жай қалдырмайды.


«Негізі біз көп жағдайда ойымызды дәл жеткізу үшін өзге жұрттың ойшылдары мен саясаткерлерінің қанатты сөздерін тілге тиек етеміз. Өкінішке қарай, өз қайраткерлеріміздің қанатты сөздерін қаперден шығарып алып жатамыз. Әйтпесе Әлихан Бөкейхан айтқан қанатты сөздер Ататүрік пен Джордж Вашингтоннан еш кем емес. Айталық, Вашингтон: «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деп ойлауымыз керек?» десе, Әлихан Бөкейхан: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» дейді. Үндестік бар ма? Бар. Жалпы кітапты парақтап қарап шықсаңыз, «Апырай, ә» дегізетін қанатты сөздер өте көп. Мұны кітапқа пікір жазған белгілі алаштанушы – ғалым Тұрсын Жұртбай да айтып отыр», - деп жазады өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Б. Уәли. 


Бөлісу:

Көп оқылғандар