Нұрлан ҚАЛҚА: Мен келемiн Астана көшесiмен

Бөлісу:

04.07.2016 5181



АҚМОЛА КЕЛДIМ

Улттык академиялык китапхана - 30 маусым 2016 - Астана.jpg

Ақмола келдiм, керемет ауа, құп-құрғақ,

(Дей көрме достым: бұл жерде боран сұмдық-ақ).

Етiгiм құрғақ, кептiрiп әуре болмаймын,

Өзiмсiп боран денеңе енер шым-шымдап.


Ақмола келдiм, бетiмдi өптi ызғырық,

(Достарым бейне тұрғандай тыста ысқырып).

Құп-құрғақ әлем, тынысым кеңiп, сергiдiм,

Тұс-тұстан шымшып, көрсеттi назды қыс қылық.


Ақмола келдiм, суыққа денем шынықты,

(Өн-бойын қармен ысқылап жатыр шын мықты).

Кегеннiң желi тербетiп талды тұрғандай,

Медеуден келген секiлдi бойым тынықты.


Ақмола келдiм, әуенге салар ақ қарлар,

(Жолыңды бiлсең жетелеп боран ап барар).

Қыс-қонақ кетiп, ұзын сары да кеп қалар,

Астана бiзге баспана болар, бақ болар.



Ақмола қаласы. 19. 02. 1998.



ҚАР ТҮСТІ НАУРЫЗДА...


Қар түстi наурызда астанаға,

Жiгерсiздi алардай жасқап қана.

Жiгерлiкке жол ашып, қайрат берiп,

Болашаққа сендiрер асқақ сана.


Қар түстi наурызда астанаға,

Астана бұл күндерi басқа қала.

Өркениет осынан бастау алар,

Талаптанса бақ қонар жасқа дана.


Қар түстi наурызда, құт-береке,

(Көктем-балдыз келгенiн тұт мереке).

Жастық кетiп барады тоқ балтырлы,

Қарай бердiм бүр жарған жұп терекке.



31. 03. 1998.


БIЗДIҢ КӨШЕ

Бiздiң көше думанға бөленгелi,

Бiле бiлсең, досым-ау, өлең келдi.

Бәрiмiздiң отауға ырыс қонып,

Бiзден бездi қырсықтар көлеңкелi.


Бiздiң көше ғажайып гүлденгелi,

Бiздiң сәби сан түрлi гүлдер тердi.

Бiздiң жарлар нәресте сыйлап қайта,

Биыл ғана тұрмыстың түрленгенi.


Бiздiң көше керемет құлпырғалы,

Бiздiң сағат жиiрек сыртылдады.

- Бiзде де бiр той болар, - деген сөздi,

Бекжан айтып жүрген-дi былтырлары.


Бiздiң көше шаттыққа оранғалы,

Бетке соғар мазасыз боран қалды.

Бiздiң жастар баспана алып жаңа,

Бiздiң үйден қуаныш жоғалмады.


Бiздiң көше мейрамға ұласқалы,

Бағымызды байлайтын жылас қалды.

Бiздiң жарлар – анасы қос сәбидiң,

Бiздiң жақты жайлады пұл аспаны.


Бастан кештiк шiлдетой, «жуыстарды»,

Бiздiң көше қонақ қып туыстарды.

Боталары теріп жүр тәй-тәй басқан,

Жеңгейлердiң шашуын уыстағы.


АСТАНАДА...

Көктем-ару жаныма шуақ құйып,

Бозторғайдың үнiне құлақ түрiп.

Мен келемiн астана көшесiмен,

Сылдыр-сылдыр ағады бұлақ күлiп.

Көктем-ару бойымды балқытады,

Сезiмдерге бөлейдi жақұт таңы.

Жусан исi келгендей әлдеқайдан,

Көңiлiмдi көтерiп шалқытады.

Көктем-ару қырларда түрленедi,

Қыз-жiгiттер алуан гүл тередi.

Беткейлердi жауқазын өрнектейдi,

Туған жерiм ғажайып түрге енедi.



АСТАНА - ҒАСЫР ҚАЛАСЫ


(Баллада)



Астанам - бағым, баспанам,

(Берейiн өзiм бастап ән).

Тәуелсiз қазақ ордасын,

Жырлауға асық жас қалам.


Көктем кеп қала түрлендi,

Терiп жүр жарым гүлдердi.

Көшелер кеңiп, көркейiп,

Жанарды арбар түрге ендi.


Есiлден ессе самал жел,

Желпiнiп қалар тамам ел.

Кенекем жаудан қорғаған,

Қараөткел - көне қамал дер.


Елордам менiң - еңселi,

Мақтан етем мен сенi.

Аузынан ұлым тастамас,

Кiндiк қалам деп сенi.


Астана түнi ғажап-ақ,

Ауасы тымық, таза бақ.

Ұйқыда бiздер жатқанда,

Ауланы өтер тазалап.


Сенiм шырағы жағылды,

Астана ашты бағымды.

Өмiрде алғаш пәтер ап,

Көкейден жырым ағылды.


-Үйiмiз, көке, жақсы,- деп,

Былдырлап, қызым жатты кеп.

Бақыттың татып бал дәмiн,

Қуаныш жасы атты кеп.


Ғаламат елдiң ертеңi,

Дей көрме: “мұның ертегi”.

Жанымның тылсым күйлерiн,

Домбыра-көңiл шертедi.


Елiмнiң басты қаласы,

Елордам - әсем, қарашы!

Жерұйық iздеп сабылмас,

Арманшыл қазақ баласы.


Жұмақ-ау Есiл жағасы,

Арқаның кербез даласы.

Әлемнiң жұрты сүйсiнген,

Астана - ғасыр қаласы.



****


Нұрлан ҚАЛҚА,

«Астана-Бәйтерек» республикалық

конкурсының жеңімпазы.

Бөлісу:

Көп оқылғандар