Мирас Асан: Көкжал қазақ Данияр

Бөлісу:

18.08.2016 3419



14054110_1933656800194590_7676770699639300314_n.jpg



Сақ бабаңның алтын бопты киімі,
Ғұн бабаңның алтын бопты бұйымы.
Алтын бізге таңсық емес,
мәселе -
Сенің шыққан тұғырынның, биігі!


Алтын жүрек Данияр!


Алтын бізді апармапты баққа алып,
"Алтын, күміс тас екен" деп жаттадық.
Алтын алған кешегі орыс, мысалы
Алтын Ордам табанында жатты, анық.


Болат білек Данияр!


Алтынға құл болған емен салтымда,
Артымда ұл
қалса алтын, өр тұлға!
Бұл жерде де алтында емес мәселе,
Елұранын Алашымның ал, тында!


Өр, нар ғажап Данияр!


Бүктеп соққан оғландарды талай тік,
Халқыңды алтын қойдың тіпті зорайтып!
Қойынына алтын тыққан әлем тұр,
Мойыныңа алтын таққан сені айтып!


Көкжал қазақ Данияр!


17.VIII. 2016


Бөлісу:

Көп оқылғандар