Жолтай Әлмашұлы: "25 жыл - 25 поэма!"

Бөлісу:

23.09.2016 2894


жолтай.jpg
«25 ЖЫЛ - 25 ПОЭМА!» (өлеңсүйер оқырманға арнаусөз) Ол-оқырман тағы да оралды, тағы да маған ой салар әңгіме бастады. Көкейдегі кептеліп тұрған кермек ойдың тығынын әп-сәтте ағытып жіберген. Былай деп бастаған: «Сен, байқаймын, өзің проза жазатын болған соң, тек романдар жайынан сөз қозғалып, соның айналасында ғана сөз тарқатылғанын іштей қалап-ақ тұрсың. Бірақ, прозашы жігіт, бір нәрсені ұмытпа! Көркем шығарманың нағыз шыңы – ол поэзия! Ал, поэзияның шырқау шыңы – әрине, поэма! (Кейде дастан деп те жүрміз мұны.) Қазақ халқы, әсіресе өлең сүйер қауым, осы тәуелсіздіктің 25 жылында қандай-қандай сүбелі поэма-дастандармен қауышты? Кімдердің шығармаларын мақтана ауызға алып, шаттана атай аласың? Нағыз поэма деңгейіне көтерілген, ойыңа қозғау салар қандай туындыларды білесің? Әлде... тағы да аузын буған өгіздей, үнсіз қала бермексің бе? Меніңше, қазақ поэзиясы осы 25 жылда мүлде өсті, өркен жайды, жаңа бағытқа бет алды, тың туындылармен молынан толықты! Сенің ол жайынан білмеуің еш мүмкін емес!» Селк еттім. Тағы да бөлекше бағытқа, тылсымды әлемге бастап әкетпекші! Өз дегеніне көндірмей, айтқанын істетпей тынар емес. Е, десе десін! Шегінерің мен бе екем? Тәуелсіз Қазақ елінде 25 жылда қанша поэма-дастан туды, қаншасы ел жүрегінің төрінен орын алды – осы жайлы сөз толғау әрине, мархабатты іс! Айталық біз де! Жо-жоқ, мен өзім ғана емес, бүкіл өлеңсүйер қауым болып айтамыз мұны! Көп болып талқыға саламыз ендеше! Тыңдаңыз! Құлақ қойыңыз бұған! Мінбердегі ендігі әңгіме – 25 жылдағы жарық көрген, жақсы баға алған, ойдан кетпей қойған 25 поэма-дастан...хақындағы сөзсұхбат! («Роман-өмір»)

Бөлісу:

Көп оқылғандар