Жолтай Жұмат Әлмашұлы: «...Эх, НОБЕЛЬ, НОБЕЛЬ!».

Бөлісу:

12.10.2016 2513
nobelpris.jpg

Сөзбен енді сыйлық жайында таласып жатырмыз. Ол өз дегенін шегелеп айтады, ал мен өзімдікін дұрыс деп дәлелдеуге тырысам. Қысқасы, біздің таласымыз – әлемді елеңдетіп-алаңдатып отырған Нобель сыйлығы төңірегінде! Биылғы жылы осы сыйлыққа үміткерлер саны 350-ден асып кетіпті. Тізімге көз жүгіртсеңіз – қай елдің қаламгері жоқ дейсіз! Ең кішкентай, тіпті елеусіздеу елдердің де ақын-жазушыларының есімдері мен мұндалап шақырып тұр. Үміткер! Үмітті! Ең таң қаларлығы – биылғы қаламгерлердің басым бөлігі шағын жанрдың шеберлері, новеллистер, әңгімешілер! Осындайда ойға қаласың! Озып шықса да, шықпаса да неге сол көп қаламгерлер сапында бірде-бір қазақ суреткері жоқ? Ойбай-ау, басқасын былай қойғанда, шағын жанрда қазақ жазушылары қай елмен салыстырсаң да алдына жан салмайды деп жыртыла мақтанушы ек қой! Роман, повесть секілді көлемді дүниелерді жеріне жеткізе аудара алмаспыз, ең болмағанда қысқа әңгімелерге барымызды салсақ етті! Сондай мәртебелі тізім ішінде ең болмағанда қара толтырып, бәйгеге қатысуға ылайық деп, үмітті деп, жуан ортасынан ойып орын алып тұруға да қауқарсыз болғанымыз ба? Қазақ «Жығылсаң нардан жығыл!» демеуші ме еді! Әй, осы біз де... Кімге өкпелейміз? Кімді кінәлаймыз? Кімнің жағасына жармасамыз? Сен маған соны айтшы, Сөз мырза? («Семсер сөзбен сырласу»)

Бөлісу:

Көп оқылғандар