Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтеді
Бөлісу:
12.10.2016
6333
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 15-16 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 15 қазан күні сағат 11:00 өтетін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Алаш» сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызының «Жүздесейік...» атты шығармашылық кешіне шақырамыз.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің және облыстық мәслихатының, Ақмола облысы, Астана, Шымкент қалалық әкімдерінің алғыс хатына ие болды. М.Әуезов бейнесі бар ЮНЕСКО, «Астана қаласына 10 жыл», Түркістанның 1500 жылдығына, Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған және Гумилев атындағы Еуразия университеті медальдарымен марапатталған. Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы.
«Парасат» орденімен (2008) марапатталды. «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» атағына ие болды.
11 кітаптың авторы. Өлеңдері орыс, украин, өзбек, якут тілдеріне аударылды. Әнге айналған «Алтынай», «Нүрикамал», «Қадиша», «Дос іздедім», «Көңілгүл», «Махаббат өмірлері» халық арасына кеңінен таралды.
Бөлісу: