Ақын мен аудармашылардың кітабы таныстырылады
Бөлісу:
11 қараша күні сағат 10:00-де ақын Ғалым Жайлыбайдың «Есіл ағады» кітабының таныстырылымы өтеді. Ақынның бұл кітабына жаңа өлеңдері мен поэмалары еніп отыр. Оқырман тарапынан өзіндік бағасын алған «Киікқашқан», «Жалғыз қарағай», «Қара орамал» (13 тілге аударылған) поэмалары да осы кітаптан орын алған.
Бұл шара Еуразия халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында ертең, Астана қаласындағы Көрме залында өтеді.
Шараны ақын Серік Ақсұңқарұлы жүргізеді.
Сонымен қатар, белгілі журналист Амангелді Құрметұлы Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памуктің «Менің атым Қырмызы» деген романын, ал ақын Маржан Ершу "Сезім музейі" деген еңбегін түпнұсқадан қазақ тіліне аударған болатын. Ертең сағат 14:00-де Көрме залында сол кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтеді.
adebiportal.kz
Бөлісу: