Бір сөйлемнен жазылған роман 12 мың доллар ақшалай сыйлыққа ие болды

Бөлісу:

15.11.2016 2385


                                                                       
Mike-McCormack.jpg


Майк Маккормак есімді ирланд жазушысының «Solar Bones» атты бір сөйлемнен құралған романы Голдсмитс университетінің әдеби сыйлығына ие болды. The Guardian басылымының хабарлауынша, роман әдебиеттегі жаңашыл үлгіде жазылған ерекше шығарма ретінде танылып отыр. 200-ден астам бетке созылған шығармада өлілер арасында қайта тірілген Маркус Конуэй атты инженер хақында айтылады. Аталмыш әдеби сыйлықты анықтаушы қазылар алқасының төрағасы Блейк Моррисонның айтуынша,  жалғыз-ақ сөйлем ішінде саясат, отбасы, өнер, тұрмыс, денсаулық, азаматтық парыз бен қоршаған орта жайындағы тақырыптар жан-жағынан қамтылды. «Роман тақырыбы қарапайым жұмысшының өмірі туралы айтылса да, аталған еңбек өте жоғары бағаға ие», - деп мәлімдеді ол. Голдсмитс университеті тағайындаған сыйлыққа 51 жастағы Маккормак осымен төртінші рет лауреат атанып отыр. «Стереотиптерді бұзатын әрі роман формасының мүмкіндіктерін кеңейтетін әдеби көркем шығарма» авторларының жеңімпаздары Голдсмитс университеті белгілеген 10 мың фунт (12 мың доллар) ақшалай сыйақы алады.

Майк Маккормак өзінің жазушылық өмірін 1996 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін көптеген марапаттарға ие болған. 



Ақбота Күзекбай

Бөлісу:

Көп оқылғандар