«Асығып аққан ақ жұлдыз» Мұратбек Жоламанның көрмесі Астана төрінде

Бөлісу:

16.11.2016 5109

 

Бүгін Астанадағы ҚР Қарулы Күштерінің Әсери-тарихи музейінде Суретші, ҚР Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі Мұратбек Жоламанның (1966-2000) туғанына 50 жыл толуына орай «Асығып аққан ақ жұлдыз» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. 

IMG_8696.JPG 
 

Өзінің қысқа ғұмырында Мұратбек Жоламанов 30-дан астам ірі еңбектерін қалдырып үлгерді. Алайда, бүгінде суретшінің 100-ден астам эскиздері сақтаулы. «Оларды әрі қарай жалғастыру, мүмкін, Мұратбек Жоламанның артынан қалған балаларының қолында», - дейді суретшінің жолдасы Гүлжәміш Бәкейқызы.  

Суретшінің белгілі «Құлагер» атты туындысы бар болғаны жарты күнде салынған еңбек екенін қалың жұрт біле бермейді. Нағыз талант иесі, өкінішке орай, барлық жоспарларын толығымен іске асыра алмады.

IMG_8701.JPG 
 


 

«Құлагер картинасы - Мұратбектің өзінің өмірі. Суретші, негізінен, жылқы жылында дүниеге келген болатын. Өзінің мінезін де жылқы жануарына балайтын еді. Небәрі 33 жас қана өмір сүрді...Сурет өнеріне, сурет бағытында он жыл бойы білім алса да, өзінің дегеніне, барлық мақсатына жете алмаған суретші», - дейді Гүлжәміш Бәкейқызы.

IMG_8703.JPG 
 

Мұратбек Жоламанның жұмыстарын екі кезеңге бөліп, қарастыруға болады:

-  Академиялық жұмыстар;

- «Жусан иісі» атты циклдық жұмыстары.

«Бұл циклдық жұмыстары неге «Жусан иісі» деп аталады? Себебі, Мұратбектің суреттерінің көбі - тарихи тақырыпта жазылған көріністер. Ерте жаугершілік  замандарда, соғысқа аттанған батырдың анасы шүберекке ораған жусанды бірге беріп жібереді екен. Сол жусан иісінен елін сағынған батыр өз анасын көруге, елін көруге құштар болады. Аңыздар мен тарихи шежірелерде осылай айтылады», - дейді өз сөзінде Гүлжәміш Бәкейқызы.

Мұратбек Жоламан аталған «Жусан иісі» атты циклдық жұмысында 15 картина жазып қалдырды.  

Суретші еңбектерінің көбі - тарихи тақырыпта жазылған шебер туындылар. Қылқалам шеберінің жұмыстары Түркия, Польша, Ұлыбритания, Кореяның жеке жинақтарында сақтаулы.  

IMG_8689.JPG 
 

IMG_8698.JPG 
 

IMG_8705.JPG 
 

IMG_8708.JPG 
 

Ақбота Күзекбай

Фото: автор

Бөлісу:

Көп оқылғандар