Орыс жастары арасында X республикалық «Тіл-парасат» байқауы өтеді
Бөлісу:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай X республикалық «Тіл-парасат» байқауын өткізеді.
Шараның мақсаты – орыс жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін еркін меңгерген орыс жастарын анықтап, оларды ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін, беделін арттыру.
Байқауға 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жүлдегерлері қатысады.
Жеңімпаздар дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.
Байқау жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.
Өтетін орны мен мерзімі: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 40., Достық үйі, 2016 жылғы 24 қараша
Байланыс телефондары: 8/7172/ 40-83-97, 87023768400
Бөлісу: