Мырзатай Жолдасбеков І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Бөлісу:
Мемлекет басшысы кездесуде М.Жолдасбековті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
– Тәуелсіздіктің алғашқы таңынан бастап Сіз әрдайым менің жанымда болдыңыз. Маған қолдау білдіріп, кеңесшім, Премьер-Министрдің орынбасары болып қызмет атқардыңыз. Мен Сізді жауапты лауазымдарға тағайындадым. Елші, университет ректоры болдыңыз, дипломаттарды тәрбиелеуге атсалыстыңыз. Белгілі ғалым, қаламгер ретінде кең танылдыңыз, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде М.Жолдасбековтің ел алдындағы еңбегін ескеріп, қоғам қайраткерін І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
М.Жолдасбеков өз қызметінің нәтижелерін жоғары бағалағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.
– Мен тәуелсіздігіміздің қалыптасуындағы барлық процестің куәгері болдым. Жақсылық та, қиындық та, таршылық та бастан өтті. Бақытымызға орай, қазір егемендіктің арқасында жақсы өмір сүріп жатырмыз. Ел ішінде реформалар жүргізілуде, бәріміз күткен рухани жаңғыру басталды. Мен қашан да Сіздің қасыңызда, сенімді серігіңіз болып қала беремін, – деді қоғам қайраткері.
Бөлісу: