Сарыарқаның төрінде дарынды журналистер бақ сынасуда

Бөлісу:

30.03.2018 12270

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша Х республикалық пәндік олимпиада өтуде. Шара университеттің факультет деканы Мұхамедқали Абуовтың сөзімен ашылды. Білім бәйгесіне еліміздің әр өңіріндегі 16 жоғары оқу орнынан келген жүйріктер қатысуда. Олимпиаданың алғашқы күнінде 1 кезең бойынша командалар өздерін таныстырып, 2 кезең эссе байқауымен жалғасты. Олимпиада бағдарламасы аясында Сарыарқа өңірі тарихынан сыр шертетін аталмыш оқу орнының тарихи мұражайына саяхат жасалды. Бұл көрме залының бірінші бөлігінде университеттің тарихы мен ардагер оқытушылары, мақтаныштарының жетістіктері суреттелген. Екінші бөлігінде археологиялық жәдігерлер мен адам қаңқалары сақталған. Сонымен бірге, журналистика мамандығы бойынша додаға түсуге келген қатысушылар тың мәліметермен қанықты. Сондай-ақ, келесі кезекте олимпиада негізгі пәндерден тест сұрақтары мен Жедел ақпарат сайысымен қорытындыланбақ.

Бөлісу:

Көп оқылғандар