Оралхан Бөкейге арналған мүшәйра жарияланды

Бөлісу:

25.08.2018 7869

Жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына орай өтетін

«Үркер ауып барады...»
атты облыстық ақындар мүшайрасының
ЕРЕЖЕСІ

Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана 2018 жылдың 26-шы қыркүйегінде Қазақстан Жастар Одағының, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жылдық мерейтойына орай «Үркер ауып барады...» атты облыстық ақындар мүшайрасын өткізеді.


- Жазушы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын халыққа кеңінен насихаттау;


- жас ақындарға қолдау көрсету, ынталандыру, шеберліктерін шыңдау;


- өлке әдебиетін дәріптеу.

Мүшәйраның талаптары мен шарттары:


- мүшәйраға 16-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;


- шығармалар төмендегідей 2 тақырыпта болуы керек:


1. «Үркер ауып барады» (Оралхан Бөкейге арнау)


2. Еркін тақырып


- шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;


- жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;


- қабылданған шығармаларға пікір берілмейді;


- қазылар алқасының алдын-ала іріктеуінен өткен үміткерлер қорытынды шараға қатысады.

Мүшәйраның кезеңдері


- Іріктеу кезеңінде қазылар алқасы барлық қабылданған шығармаларды саралап, ақтық сынға шығатын үміткерлерді іріктейді.


- Ақтық кезеңге іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер қатысып, өз шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу арқылы өнерлерін көрсетеді.


Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:


- шығарманың идеялық мазмұнына;


- туындының көркемдік сапасына;


- тақырыптың ашылуына.



Мүшәйраға қатысу


Мүшәйраға қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, шығармалары 2018 жылдың 20 қыркүйегіне дейін oralqan.b@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана. (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.) Анықтама телефоны: 8 (7232) 250364; 8-705-6241725

Бөлісу:

Көп оқылғандар