Қарағандыдан шыққан қаламгерлер

Бөлісу:

07.11.2018 9484

Ұлы Қасымның құлын күні өткен Қарағанды өңірі қай заманда да дарынды қаламгерге кенде болмаған. Әріден бастасақ, әдебиет тарихының жеке бір томын түзуге болады. Бергі осы екі ғасыр иініндегі көзі тірі ақын-жазушысының өзі бір қауым...

Әлбетте, талапкер көп жерде бәсеке қызады. Бәсеке бар болса, бәйгінің бәсі де биіктеу. Қарағандының әдеби ортасында талғам биіктігі мен мақсат-мүдде ортақтығы осыдан туындағаны анық.

Өткен ғасыр соңына қарай Тәуелсіздік тәй басқанға дейінгі жылдары-ақ мұнда Қасымның інілері мен Сәкеннің үлгісін ұстанған қаламгер ұрпағы өзіндік орта жасап, ту тігіп, ду қыздырған екен. Жазушы, тар жол-тайғақкешті тағдырлы жазушы Жайық Бектұров, ғұлама Ебін-Ғабиден Бөкетов бастатқан алыптар, атағы Алашқа кеткен Серік Ақсұңқарұлы, Жүрсін Ерман, ардакүрең Ғалым Жайлыбай сынды һәм өзге де дәуір тудырған дүрлер мен ірілер әдебиеттің көрігін қыздырған. Сонау Қаздауысты Қазыбек, Бұқар жырау, Қараменде би, Шортанбай, Әсет пен Кемпірбай, Шашубай мен Доскейлер лаулатқан сол от өткен ғасыр өренінің өзегіне от бергені анық. Сол от әлі де өшкен жоқ. Күн сөнгенше сөнбейді де...

Қазақтың қараорманы Қарағанды топырағында туып, қазақ даласының шартарабында, тіпті алыс-жақын жат елде тұрып, тірлік кешіп жатқан ақын-жазушылар да осы Арқаның өнімі, ой-санасының жемісі.

Қара алтынымен жаһанды жылытып отырған Қарағанды қара сөз, қара өлеңімен де ел жүрегінің етегіне шырақ жағып, жылыта алады...

Серік САҒЫНТАЙ,

Қазақстан Жазушылар одағының

Қарағанды облыстық филиалының директоры

Бөлісу:

Көп оқылғандар