Расұл Ғамзатов. Ана тілі

Бөлісу:

02.01.2019 18111

Адам деген не көрмейді түсінде

Жатыр екем бүгін қабір ішінде
Дағыстанның кең аңғары күн ыстық
Көкірегімде орнаған бір тыныштық
Асау өзен арқырайды жарды ұрып
Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып
Мен жатырмын үнсіз туған жерімде
Жер болады балғын тәнім менің де
Мен жатырмын қара жерге табына
Жоламайды келмейді ешкім маңыма
Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта
Бұғылар кеп ыңырсыйды бір жақта
кетті ғой деп қыршын ғана жасында
Жыламайды ешкім молам басында
Жарым қайда, досым қайда кешегі?
Анам қалай жатқанымды білмеді
Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен
Бір дауысты естіп қалдым кенеттен
Естідім мен осы арадан үнін де
Екі кісі сөйлесті авар тілінде
Мен жатырмын қара жерде көз жұмып
Мына екеуі күбірлейді сөз қылып
Ғасан деген бір кісінің қулығын
Али деген бір кісінің сұмдығын
Естідім де сөзін ана тілімнің
Бойым жылып лезде мен тірілдім
Балгер де емес, дәрігер де емес емдейтін
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін
Өзге бір тіл емдер басқаларыңды
Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өтуге де бүгін-ақ.
Мен жаныммен сүйем осы тілімді
Кедей деп-ақ айта берсін білімді
Ассамблеяда естілмесін үні де,
Ана тілі - ұлы менің өзіме.
Махмұт жырын оқу үшін жастауын
Күтем әлде аударуын басқаның
Мен болдым ба ең соңғы ақын бүгінде
Өлеңдерін жаза алар тілінде
Мен сүйемін планетаның барлығын
Өзен тауын, әр гүлі мен әр қырын
Мен сүйемін бұл елімнің гүлін де
Әлім шолы айттым алар тілінде
Қымбат маған елімнің бар даласы
Балтық пенен Сахалиннің арасы
Қайда болсын қия маған жанымды
Туған жерден қазсын бірақ қабірді
Алаша бір жазып қойған құлпы тас
Тұрсауылда хабарлар да ұмытпас
Еске ап жүрер кәрі жасы жақын кеп
Мұнда Расұл Ғамзаұлы жатыр деп!

Бөлісу:

Көп оқылғандар