Бернард Шоу. Билік адамды бұзбайды, сондағы ақымақтар билікті бұзады
Бөлісу:
Сізде бір алма, менде де бір алма бар делік. Егер біз сол алмамызды ауыссақ, онда сізде де, менде де бір-бір алмадан қалады. Ал егер сізде бір идея, менде де бір идея болып, біз оны өзара алмассақ, онда әрқайсымызда екі-екі идеядан болады.
***
Жалған ілім надандықтан да қауіпті.
***
Кештен еш жақсы.
***
Әлемді жастар билейді – қартайғанда.
***
Сән – ырыққа көнетін індет.
***
Үндемеу – ең үлкен құрмет.
***
Адам – кірпіш тәрізді: күйген сайын қатая түседі.
***
Шайқасты суқаным сүймейді, ал жеңісті жақсы көрем.
***
Мен бақыттымын, өйткені бақытсыз екенімді ойлауға менде еш мұрша жоқ.
***
Ақымақ қана ажалының жақындай түскенін тойлайды.
***
Оқу Дон Кихотты рыцарь етті, бірақ оқығанына иланып – жынды боп қалды.
***
– Тарих не дейді?
– Тарих сол баяғы, өтірігін соғады.
***
Биге шақыру – көлденең қалауыңды қиғаштай жеткізу.
***
Қаланы алғанмен, халықтың көңілін жаулай алмайсың.
***
Ұлы шындықтар әуел баста қорлау болатын.
***
Оқымысты – уақытты жұмыспен өлтіретін жалқау.
***
Мекен-жайсыз адам – күдікті адам, ал екі мекен-жайы бары – болса-болмаса...
***
Шынайы өмірді романтикалық сарында түсіндіретін адам – үміті үзілген адам.
***
Сыншылар да басқалар секілді, көз алдындағыны емес, іздегенін көреді.
***
Стиль де мұрын секілді: бірінікі біріне ұқсай бермейді.
***
Неке – гүлге қол соза берген қыз бен жігіттің басына түскен көшкін.
***
Сен оған аспанда 978301246569987 жұлдыз барын айтшы: бірден сенеді. Ал егер орындықты жаңа ғана сырлап қойғанын айтсаң – міндетті түрде ұстап көреді.
***
Кейде дар ағашынан сытылып кету үшін, әңгіменің аяғын әзілге айналдырып жіберуге тура келеді.
***
Менің күлдіру әдісім – шындықты айту. Дүниеде одан күлкілі ештеңе жоқ.
***
Кішкентай адамдардың арасында да, ұлылардың арасында да ұлы адамдар бар.
***
Қырыққа дейін ғашық болмаған адам, одан кейін де әуре болмай-ақ қойғаны абзал.
***
Күнәнің ауыры - жек көру емес, мән бермеу.
***
Еркектің адалдығы – жолбарыстың торы секілді. Ол оның табиғатына жат нәрсе.
***
Қорқыныштың құлы болу – құлдықтың ең сорақысы.
***
Қолынан келетіндер істейді, келмейтіндер – үйретеді.
***
Түн кәріге тыныштық, жасқа үміт сыйлайды.
***
Қысқасы, билік адамды бұзбайды, сондағы ақымақтар билікті бұзады.
***
Егер адам жолбарысты өлтірсе – спорт, жолбарыс адамды өлтірсе – қанішерлік.
***
Сара Бернар ұлы актрисаның рөлін ғаламат сомдайды.
***
Достықта да, махаббатта да есеп айырысатын күн туады.
***
Ұлттық галереяда өрт шықса, мен қай картинаны құтқарар едім? Әрине шығар есікке жақын тұрғанын.
***
Құдай әлемді жаратқан соң, бұным жақсы болды деді. Қазір не айтар еді?
***
Ақылды адам әлемнің ыңғайына қарайды; ақымақ – әлемді өзіне ыңғайлағысы келеді. Сондықтан да прогресс ақымақ адамдарға тәуелді.
***
«Қош болды» отыз сөзге сыйдыра алатын әйел кемде кем.
***
Сұлулық та ізгілік секілді – үш күннен кейін жалыға бастайсың.
***
Нобель сыйлығы – жағаға аман-есен жүзіп шыққан кісіге лақтырған құтқару шары секілді.
Орыс тілінен аударған Нұрлан Қабдайұлы
Бөлісу: