Каллиграфиялық әріптер

Бөлісу:

10.04.2021 8152

Роман/хикаят

Пролог

Әлһамдүлиләһ, деді. Сосын, бетін сипады, ғазиз жандарға арнадық. Сұңғыла хафиз бейтаныс мейманды түзете сөйледі: әсілі, тегіс жаратылыс атаулы есіне, сіз көрген жоқсыз, бірақ, біз оқып отырғанда, кейбір пенде көз алдына елестеткеніне кәміл сендік.

Иә, Раббым, білмей айтқан қателігіміз болса, ке-шірім дәметеміз, деді қонақ.

Халық көп жиналды.

Пейіліміз адал, таза, анық, деп жалғастырды хафиз, нұрға бөленген пейіштің таңғажайып тіршілігін өзіне мұрат тұтқан пенде ұжмақ төрінен үміт етеді. Жасаған Иеге жағынып, бұ дүниеде бейнет кешеді, мехнат көреді, жүк арқалайды.

Уа, Жаратушы!

Өз уақытында жүрген, кешелері өткен ұлы уақи-ғаларды еске түсіру мақсатында – ақеділ ниет, әділет атымен әңгімемізді бастадық. Әуелі, періштелер сағынышы, сосын, қуанышы, соңыра күйзелісі туралы көзі қарақты, көңілі сергек, көкірегі ояу жұртқа сыр шерттік.

Дафна ұйып тыңдап отыр. Мешіт қызыл іңір шақта қыр асып бара жатқан күнге шағылысады. Қабырға-мұнаралары нұрға бөленіп қас-қағым сәттің жол-жөнекей қуанышына шомылады. Жасырына бастаған жарық кейде әр тұстан аңдыздап жарқ-жұрқ етеді. Шоқылар арасынан сығалайды. Қоштасып үлгерген қаяу көңілді соңғы сәулесімен жұбатады. Терезелерден құлаған жарықтан шағын шұғыла ғана қалды. Әлсіреген, адасқан шапақ қалың шыныдан көмескі тартты. Ұзарған көлеңкелер тездетіп жойылып келе жатып, күннің соңғы нұры екі-үш мәрте жарқылдап көрінді де жоғалып кетті.

Ол жоғары қарады. Күмбезденген шаңырақтан араб каллиграфиясымен жазылған ұсақ әріптерді көрді. Әдемі. Кенет бойын белгісіз бір шаттық биледі.

Құран сөзі шығар, деп ойлады әсем жазуларға таң-дана көз тігіп. Неткен ғажап! Шырақтар алаулап жанып тұр. Бәрі тегіс самал лебімен ақырын қозғалады. Теңселген жалын өмір ғайыптығын білдіретін тәрізді.

Бұ дүние кездейсоқтығына шәк бар ма, әлде заң-дылық па. Тіршіліктің көзден бұл-бұл ұшатыны жалған ба, адамнан оны кім жасырды, киелі кітаптарда айтылған емес пе, дәлелдері келтірілген жоқ па.

Бір Құдайға тапсырдық. Тағдыр кештік, тепкі көр-дік, таяқ жедік. Бірақ, өмірге деген құштарлық азаймады, керісінше, ұлғая, күшейе түсті. Тәңірі қиын-дықтарды жеңуге қуат берген біз бақытты едік.

Хафиз сөйлеген абыздан өзін көрді.

КАЛЛИГРАФИЯЛЫҚ ӘРІПТЕР

Роман/хикаят

Бірінші тарау

Көп жылдар өтті, бірақ, Дафна – есімде. Бір сәт ұмытқан жоқпын, оқуға түсіп кетпегенде, үйленетін едім. Қалада жүріп, елге дер кезінде, жете алмадым, араға екі-үш жыл тастап, жазғытұрым ауылға қайта айналып соққанымда, оның күз айларының бірінде – қарашада, қара суықта, қыс алдында – басқа жаққа қоңыс аударғанын естіп, енді талпынып қанша іздесем де, таба алмайтынымды түсініп, қарағайдан шапқан сәкіде сыныптас досым Қайрат екеуміз қайғырып ұзақ сөйлесіп отырғанда, қызыл іңір, апақ-сапақ шақта көңілім босады. Ақшам жамыраған, кеш батып бара жатқан алагеуім мезгіл еді. Құрбым жұбатып бақты.

Көз жасым емес, көңілім – ағыл-тегіл. Сырымды аштым, ұйыған мұң кетсін дедім. Қажытқан ой, қажаған уайым-шер ақтарғанда, жуылып-шайылып, сабыр келе ме, тыныштық орнай ма, деп дәмелендім. Керісінше, сағыныш басылмай, күйініш күйігі жазылмай, үміт, күдер үзілмей, алаңдай береді екенсің. Шорт қиып тастамаған соң, елеңдеуден құтылу да жоқ. Өкініш өзегіңді өртеп, науқасқа, созылмалы дертке айналады. Емін қайдан табасың, кемін қайдан іздейсің. Кептен уақыт айықтырады, ұзақ мезгіл бейбақты құсадан сауықтырады. Әуелі жоқтайсың да қоясың, сосын, қапаланасың, қатасың...

Төңірегіңді мұң қамайды – төсегіңе жалғыздық қонады. Салт басты бақыт бар ма, көптік шат өмірге кепіл ме, бүгінгі қуаныш ертеңге серік бола ала ма.

Екі ой алысып, жағаласып, арпалысып, екіұдай күй кешті, аяқталмайтын азап шекті, таусылмайтын мехнат көрді. Зар емес, құштарлық қинады. Жүздескім келеді, тілдесуге ынтықпын.

Соңыра, ымырт жабылды. Мен түні бойы ұйықтамай шықтым. Көрші үйден құмығып жеткен көңілсіз әуен қайғы үстіне қайғы жамады. Тұрып, терезе алдына бардым. Пердені түріп тастап, тысқа қарадым. Көшеде бейсауат адам жоқ, сенделіп жүрген ауыл жастары ғана көзге түседі. Бұрын Дафна екеуміз осы асфальт жолмен қыдырып, қол ұстасып өткенде, соңымыздан тізіліп, кейін қалып жатқан елдің ішінде неқұрайдысы жоқ еді. Ол бақыт кешті. Бір-бірімізді шын сүйдік. Көздері – тұнық, мөлдір, ойлы. Жүзі – нұрлы, сөзі – жарқын. Әдетте, бәрі сөйлеп қалуға, кекетіп-мұқатып, тиісіп қалуға тырысатын.

– Дафна, кеш жарық, – деді Тайыр бірде.

Өзі көз алмай, ілік іздеп, бізге тесіле қарап тұр.

– Жай ма?

– Кеш жарық, Тайыр.

– Бір бұйымтайым бар.

– Болса, айт.

Үнсізбіз. Бірақ, екеумізге кезек-кезек жанар тоқ-татып, қасақана ұзақ қарайды.

– Хафиз, сен мықты жігітсің, жаужүрек, оқымысты, еңбекқор, сыйлаймын.

– Мені мақтап не көрінді.

– Қолқам бар.

– Жаңа естідік.

– Иә.

– Қандай?

– Шын қолқа салсам, қолыңнан келе ме екен?

– Көрейік.

– Пейіліңе рақмет.

– Әуелі қолқаңды білейік те.

– Ниетке байланысты.

– Көп созып жібердің ғой, тіпті.

– Қалауымды орындауға шамаң жете ме, ниетің түзу ме, әлде алдағалы тұрсың ба?

Жан-жақтан қоршап, екі бозбала жастың сөзін, уақиға барысын аңдыған жұрт тегіс жым-жырт. Тегі, жайшылық емес, төбелестің анық басы.

– Сен, аянба, қалқаны маған бер, қаладан басқа біреуін тауып аласың, қабілетің жетеді, епті жігітсің.

– Ей, хайуан, не оттап тұрсың?

Әңгімемізге көлденең біреу қосылды, ту сыртымнан естілді, таныс адамның дауысы, мен аңдап, байқап үлгерген жоқпын, келесі мезет, Тайыр құлап бара жатты. Көз алдынан түнгі аспан төңкеріліп көрінді – жұлдыздар, үйлер, бағаншамдар.

– Енді, тағы құтырғаныңды көрсем, ей, залым, зейін қойып тыңда, ажалың менен.

Біз кері бұрылдық.

– Хафиз, – деді Қайрат жүзіне мұң қонып, – Алма-тыға барғанда, есің шығып, бізді – ауылды, көшелерді, үйлерді, ғимараттарды, жерлестерді – ұмытып кетпе, астанада қызық-қуаныш көп дейді, алаңдаймыз, сені жоғалтып алмайық, төбемізге көтерген туымыз, маңдаймызға тұтқан топжарған мақтанышымыз өзіңсің, елден қол үзбе, ағайын-туыстан алыстаған адамның оңғанын көрген емеспін, хабар-ошар алысып тұрайық, біз үнемі күтетін, сағынып жүретін боламыз.

Сосын, үндемей тұрып-тұрып:

– Дафнаны да ұмытпа, – деді, – ер жігіт сөзіңде тұруы керек.

Біз күлдік.

Ол қапалы еді. Біреу ауылдан кетсе, аяқастынан шешім қабылдап, ірге теуіп отырған жайлы орнынан қопарыла тік көтеріліп қалаға үдере көшсе, ылғи қайғырып, торығып қалатын. Елдің тозып, шаруашылықтың тоқырап бара жатқаны жанына қатты бататын. Шежіре кітапты да ойлап тапқан осы Қайрат. Әр шаңыраққа бір-бір тарау ашып қойған. Сыртта, шетте жүрген әулет, түтін, бәрі түгел – санатта. Ешкім назардан тыс емес. Ұрпағы Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Жезқазған, Балқаш тәрізді ірі өндіріс ошақтары орталықтарынан жұмыс іздеп, ауылдан қоныс аударып, біржола кете бастаған үйелмендердің аты-жөнін қызыл әріптермен бегілеп қоюшы еді. Бірде, кітабын маған әкеп тастады, мен бір кеш отырып, әр абзацтағы бастапқы сөздерін каллиграфиялық әріптермен жазып берген болатынмын. Қайраттың шынайы сезіміне, адал көңіліне, бауырына тартқан туысқаншыл мінезіне тәнті болдық.

– Қайрат, – дедім мен, – ауыл жүрегімде, керісінше, сендер қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, туған жерімізге ие болыңдар, азып-тозып кетпесін.

Мен ауылдан шаһарға ауысқанда, жарқыраған шамдары жағалай тізілген, автомобильдері ағыл-тегіл, тіршілігі қым-қуыт, үлкен мегаполисте, жастық шақтың бітпейтін бір сауық-сайран, қызық-думан кешін, уайым-қайғысыз ғұмырын кешіп жүргенде, телефон, телевидение, теміржол жетпеген, жер мойны қашық, провинциялық ескі елді мекенде, қалада өсіп, тұрмыс қиындығын, адам жалғыздығын көрмеген, қайран Дафна қатты құлазыған екен деседі. Әсіресе, көшеде келе жатып, жапырағынан айрылған сидаң ағаштарды көргенде, алданғаны есіне түсіп, сағыныштан, күйіктен, опасыздықтан үндемей тұрып-тұрып, көкірегі қарс айырылып, еңкілдеп жылап жіберетінін айтқанда, үйге сыймай кетіп, далаға атып шығатынмын.

– Дафна! Дафна! Дафна! – дей беретінмін өксігімді баса алмай, дауысым қара түнді қақ жарып, – Кешір! Кешір! Кешір!

Ол мені ұзақ күткен деседі. Көктас жақтан машина көрінгенде, үміттеніп, оңға не солға бұрылып кеткенше, телміріп қарап отырады екен. Қарқаралы таулары міз бақпайды. Бауырында қайғы да, қуаныш та қатар жүріп жатады. Бөктерін көмкерген қасқыр құйрық қарағайлары ғана мәңгі жасыл, ауа райы айнымалы, заң өзгереді, заманалар ауысады, бірақ, қасқыр құйрық қарағайлары ғана мәңгі жасыл.

Біздің махаббатымызды бүкіл ауыл білді. Куә болды. Сан-саққа жүгіртті. Бірі – ұстаз, бірі – шәкірт. Соңы дау-дамайға жалғасты, жанжалға ұласты, шу болды, ауыл – ырду-дырду. Бәрі ақылшы, әдет-ғұрып, ар-ұят күзетінде, екеумізді қатаң жазаға тартып, қауіптің алдын, қатердің бетін қайтармақ еріктілер қатары көбейді, қос ғашықты құрбандыққа шалса, қандай ғажап деп ойладым мен, көше бойына, ел көп жүретін алаңға ескерткішімізді орнатса, онда, жыл сайын, екі мәрте, атымыз жазылған тас тақта алдына озат оқушы, үздік еңбекшілер қауымы гүл шоқтарын қояр еді.

Екінші тарау.

Құран түсіруші Жәбірейіл (ғ.с.) періште

Сол түні, деп бастады жолаушы, фәни күндізгіден де жарық болды. Он сегіз мың ғалам Иесі қырық уақыт жұмбағының шешімі көз алдымызда тұрды. Әлемнің бар құпиясы ашылғандай көрінді. Бүкіл жаратылыс бір кітапқа енді. Кітап жолда еді. Бірақ, қарқыны қатты, тез арада жетіп үлгерді.

Әлқисса, сонда байқадық, Жер бетіне періштелер қаптап кетіпті. Төбеден топ-топ түсіп жатыр. Пе-ріштеден жаңбыр жауған түн болды. Көк жүзінде қара мақпал түнекті жарып қызыл арай сыз берді. Бұл – күнбағыс тәрізді шапақты күні қалқиып атып келе жатқан таң белгісі емес, басқа.

Нұр саулаған түн ортасы мезгілі. Жаппай құй-ғындатып төмен құлаған рухтар түнекті найзағайдай кесіп түседі. Көлденең кесіп түскенде, алты қат аспан асты жарқырап кетеді.

Топырлап түсіп жатқан періштелердің көңіл-күйлері жайлы, күлкілері жайдары, дауыстары ашық. Бүгінгі түн – аяулы уақыт. Құдай қаласа, қонып жатқан періштелер жамырап пенделерге сәлем береді.

Тегінде, нұрдың бейнесі көп. Құлпырады, жайнайды, түрленеді. Кеш батып, таң атқанша Жер үстінде салтанат құрады.

Құйрықты сәулелер шеру тартады. Өзгереді, құбы-лады, жарқылдайды.

Рас, алмасудың жолы сан қилы.

Зады, көк аспан сауырын әр жерінен кескілеген, шимайлаған ақ жолақ нұр, бір сәт от шашқан, шың-құздары шыңырау биіктен көрінген заңғар тауға айналады. Қалт етіп телегей теңіз қалпына еніп, көз ілеспес жылдамдықпен қайта нұр кейпіне оралады.

Бүкіл планета тұс-тұстан қаптатып жаққан отқа толы. Жер мойны қашықтан ұшқан нұр, сепкен сәуле от секілді көрінеді. Ел бір-бір алаудан ұстап жүгіріп жүр. Нұрлы шұғыла дыбыс шығарып жан-жақтан лапылдап жанады. Шексіз әлемнен жарық нұр ақ жауындай құйған уақыт һарам оттар жылт-жылт өшеді. Жұрт көзі иман отына толады.

Жүректерде – жалын. Сана түкпірінде – лапыл.

Бар періште – бір періште. Бір мезгілде бір өзі бірнеше жерде жүреді. Нұрдан жаратылған періштенің қанат қағысы қатты, ұшқанда – дүниеден жылдам. Нұрдың көзі, қайнары – иман.

Иман нұры, деп қостады хафиз, асқан жылдамдықпен жер-жаһанға тарайды. Нұр – адам кеудесіне кернеп толған жарық. Жарықтан ешкім озбайды, пейілге ештеңе жетпейді. Елу мың жылдық жолды бір күнде жүріп өтеді. Оны Мағариж сүресі растайды.

Нұрдың алақаны жылы. Түсі – алтын. Нұр – Алла Тағаланың демі. Бұл – ең ұлық періште. Үлкені әрі уаһи жеткізуші, есімі – Жәбірейіл (ғ.с.).

Ең беделдісі һәм сұлтаны.

Құранда мадақ көрген, Алла Тағала сеніміне кірген періште. Кітаптың үш жерінде Жәбірейіл (ғ.с.) періштенің есімі тікелей аталады.

Ол Алла бұйрығымен Құран жетекшісі әрі бұрынғы кітаптарды растаушы. Мұсылмандардан сүйінші сұрап, жүректеріне иман қондырды.

Кім Алла періштелеріне һәм елшілеріне дұшпан, онда Жасаған Иеге де жау.

Жәбірейілдің (ғ.с.), аяттарда “рух”, “руху-л әмин” (сенімді рух) әрі “руху-л қудус” (қасиетті рух) деген аттары бар.

Сөзсіз, бұл Құран – әлемдердің Раббысы түсіргені. Оны Рухул-Әмин (сенімді Рух) әкелді, деп өсиет қосады Шұғара сүресі.

Рухул қудус (Жәбірейіл) Құран шындығын растайды. Жалпы, иман келтіргендерді бекемдеу мақсатында жолдады. Бұл – мұсылмандар қуанышы. Раббы тарапынан.. тақуаларға нығмет деген “Нахыл” және “Бақара” сүрелерінің аяттары бар.

Оны (Құранды) Қадір түні түсірді. Мың айдан да артық Қадір түнін таң атқанға шейін ғибадатпен өткізгендер Алланың рақымы мен есендігіне бөленеді, деп баяндайды Қадір сүресі.

Яғни, Құран Кәрім адамзатқа қадірі мен беделі асқан ұлық түнде түскен еді.

Осы Қадір түні Алла разылығы үшін жасалған амал-құлшылықтар өзге мың айда жүзеге асқан сауапты іс, жақсылықтардан әлдеқайда көп.

Асыл Жәбірейіл бастаған басқа да сансыз періштелер Хақ Тағала рұқсатымен амал етеді, деп көрсетеді әс-Сағди, Тәйсирул-Кәримир-Рахман, Ү/424.

Жәбірейіл (ғ.с.) періште Пайғамбарға қамқор парызын, пана міндетін адал атқара жүріп, бірде, Бәдір шайқасында Жәбірейіл (ғ.с.) мен Мекайіл (ғ.с.) періште Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) дұшпандардан қорғап, шапқан жаудың жігерін жасытып, қайратын мұқатып, мұсылмандардың рухын көтеріп жіберген еді.

Таңдаулы, қалаулы және сенімді періштелердің ең сенімдісі Жәбірейілдің (ғ.с.) басты міндеті – барша мұсылман халқына Алланың хабары – уахи жеткізу.

Алла Елшісіне келген алғашқы уахи оның көз ілген сәттеріндегі ақиқат түстерінен басталды. Көрген түстері дәл еді. Кейін ол елден бөлек оңаша қалғанды қалады.

Хира үңгіріне барып, Алла Тағалаға құлшылық қылды.

Алла Елшісіне (с.ғ.с.) Хира үңгірінде өткен күн-дердің күнінде уахи келді. Оған Жәбірейіл (ғ.с.) періште келіп: “Оқы!” – деді. Ол (с.ғ.с.): “Мен оқи алмаймын,” – деп жауап қайырады. Бұл жайлы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өзі былай дейді: “Сол уақытта періште мені қапсыра құшақтап алып, тынысым тарылғанға дейін қысты. Содан мені қоя берді де: “Оқы!” – деді. Мен: “Оқи алмаймын,” – деп жауап бердім. Ол мені қайта құшақтап: “Оқы!” – деді. Мен қайта: “Оқи алмаймын,” – дедім. Жәбірейіл (ғ.с.) періште үшінші рет қысып тұрып қоя берді де: “Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен”. “Ғалақ” сүресі, 1-5-аяттар, Бухари, Бәдул-уахи, 1/2-3.

Осы күннен бастап Жәбірейіл (ғ.с.) періште мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) арасында жайма-шуақ достық сезімі орнады.

Кейінгі уақыттарда Жәбірейіл (ғ.с.) періште Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) намаздың қалай және қай уақыттарда оқылуы керектігін үйреткен-ді, деп дере-гімізді толықтырады Әбу Дәуд, Салат, 2; Тирмизи, Салат, 1; Нәсай, Мәуақит, 10, 15.

Тайыф халқы Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ренжіткен кезінде тауларға жауапты періштемен бірге келіп Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) жұбатқан да осы Жәбірейіл (ғ.с.) періште еді, дейді Ибн Сағд, Табақатул-Кубра, Бейрут, 1978, 1/210.

Муслим, Сәлам, 40; Тирмизи, Жәнаиз, 4: бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) науқастанып қалғанда Алладан шипа тілеген де осы Жәбірейіл (ғ.с.) періште болатын.

Әсілі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен Жәбірейіл (ғ.с.) періштенің арасындағы достық осылайша жалғасты.

Бірде, ол Жәбірейіл (ғ.с.) періште досының қасында ұзақ уақыт болуын қалады. Мәриям сүресі, алпыс төртінші аятта келтірілгендей, Раббымның әмірімен ғана түсеміз, деп еді рух, алды-артымыздағы және екі арадағы жағдайларды білу Оған ғана тән...

Бәлкім, деді, жолаушы, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алланың сүйікті елшісі Жәбірейіл (ғ.с.) періштені сағынып, оңашада, оқшау қалғанда, екеуі бір-бірін күтіп жиі-жиі күрсінген шығар. Тек Жаратушы Құдай ғана қажет санаған кезінде, рухтар елдің көңілін жұбатып Жерге қаптап түсуші еді.

Үшінші тарау

Біздің ауылға каллиграфия өнерін Дафна әкелді. Бір жыл ішінде бір топ бала меңгеріп алдық. Ішінен мен озық шықтым. Енді каллиграфия әріптерінсіз той өтпейтін болды. Оны қолдану үлкен дәстүрге айналды. Біз шеберлігімізді арттыра бердік. Мектепте каллиграфия үйірмесі жұмыс істеді.

Есігі тот басқан ескі топсасынан әрең ілінген тозығы жеткен үйдің маңдайшасында көшенің аты, ғимарат нөмірі жарқырап каллиграфиялық әріптермен жазылып тұратын.

Каллиграфия ауыл өміріне дендеп енді. Бірқалып-ты, қоңыр төбел тыныс-тіршілігіне, баяу өтіп жатқан қарапайым ғұмырына жаңа леп әкелді, дем берді. Тұрғылықты халық жақсы ермек тапты. Танық өнердің қыр-сырын ұғуға тырысты. Бизнес қалыптаса бастады. Кәсіпті игеріп, сөйлеуді үйреніп, жоғары сынып оқушылары табысқа жетті, сонырқалап жаңа белестен асты, өресі өсті, өрісі кеңейді, өздерін жаңа, сәнді атаулармен атады, ата-аналарына, көрші-қолаң, туған-туысына ақылы дәрістер оқыды. Беймезгіл көше кезген жастар азайды. Бәрінің алдында үлкен міндет тұрды. Бірінші болу. Мақсат-мүдде, арман-мұрат – бірінші болу. Бірақ, түбінде екінші, үшінші озады.

Әкимат пен мектеп бірігіп жылына бірнеше дүркін жарыс ұйымдастырды. Конкурстың номинациясы көп еді: басшылық барша қатысушылардың ризашылығына бөленді. Бәйге шапқандар ішінен жеңіліп қайтқаны жоқ, бәрі бір-бір саладан жеңімпаз.

Бас бәйге аясында, атжарыс, балуан-күрес, жамбы ату секілді қосымша бірнеше турнир өтті.

Төртінші тарау

Жадымда, бірақ, қалжыңым Дафнаға аса қатты ұнай қойған жоқ, ақырын күлді, сосын, бұл хабар ата-анама, туған-туысыма жетсе, не істеймін деп уайымдады. Елегзіді.

Мазасынан айрылды. Жат жұрт, бөтен елден қай-мықты, бір жанашыры, ақыл-кеңес сұрар қамқор-шысы, тіпті, екі жаққа бірдей ортақ бітім айтушы ара ағайыны, қорғаушысы жоқ. Белсенділер басылмады, әсіре сілтеушілер көбейе, күшейе түсті, жас ұстазға өшігіп алды. Бүліктен, ел арасын бүлдіруден рақат табатын, бақытқа бөленетін пенде адамдар болады. Бірі ауыр қылмысына зауалы тең, лайықты қатаң жаза іздеді, тізімін жасады, бірі кесімнің жеңіл түрін шақ көрді. Мұғалімдік қызметінен босатуға ауданға шағым жасалды. Домалақ арыздар жөнелтілді. Сөйтіп, ежелден сүттей ұйып отырған бір ауыл ағайыным қақ жарылды, астан-кестең болды, үнемі басқосу, жиналыс, талас-тартыс, жұрт азан-қазан, екі топқа бөлінді, өзара қырылды, жақтағандарға қарағанда, қарсы жақтың қарасы қалың еді, бірақ, дау-шарға араласқан әжемнің кесімі таразы басын теңестіріп жіберді:

– Балам, не ойың бар?

– Білмеймін.

– Білмегенін қалай, елдің шырқын бұзып... ен-ді білмеймін, дейсің, оңай құтыламын деп ойлама, жұрттың тынышын, мазасын алып, берекесін кетірме.

– Жарайды.

– Біреудің обалына қалма – босат қызды.

– Әже, сертім бар.

– Не серт?

– Уәде.

– Уәдең болса, орында.

– Сөз байластық. – дедім.

– Онда, айтпады деме, жауапкершілік мойнында, қазірден бастап шеш, көтере алмасаң, босат қызды.

Содан кейін, әжемнің мақұлдаған сөзін естіп, ауыл тынышталды.

Біздің мектепте сабақ берген жылы Дафна ескі үй жалдап тұрды. Кейін барып көрдім, шаңырағы ортасына түсіп, іргесі құлап жатыр екен. Бәрі жермен-жексен, шаң-топырақ астында, айтқан сөзіміз, өзара күбіріміз, өліп сүйіскеніміз, өрекпіген сезім, татқан дәм, танық ләззат, ертегідей есіл өмір, күресін, қоқыс, елес.

Кезінде, аяулы Дафна елге келе жатқанда, қауесет тарады, Қаратал-Тегісшілдік ауылына керемет сұлу жас ұстаз бөлініпті: ай десе – аузы, күн десе – көркі бар, оймақ ауыз, мөлдір көз, ажары атқан таңдай – лұһлу иек, қаз мойын, кептер иық.

Әдемі, шағын сөмкесін салақтатып автобустан түсіп жатқаны есімде. Жүгі қайда екен. Ең соңынан шықты. Қызыл телпек, жұқа пальто. Әуелі аяғы көрінді, сосын, өзі. Бой бергенде, сұлу жүзі Күндей жарқырап кетті. Пальтосы қысқа, көйлегінің етегі ұзын, жүзі бал-бұл жанады. Мен бірден ғашық болдым. Мектеп директоры гүл ұсынды. Қасында бірнеше мұғалім бар. Қарсы алуға ауыл басшылығы да келіпті. Бәрімен қол беріп амандасты. Жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, сөйлеу мәнері – кәдімгі Лайма Вайкуле.

– Я благодарна судьбе, что буду с вами работать, все вы – прекрасные, славные, добрые люди, вижу, мне повезло.

– Үй-жайыңыз дайын, қазір Сізге қой сойып қой-дық, кейін, қараша-желтоқсанға қарай соғымды да қарастырамыз.

– Иә, рақмет.

– Жүгіңіз қайда?

– Мына машинаға салыңыз.

Бүгін – мереке. Үлкен жаңалық. Бізге Дафна келді. Далаға, көшеге ақтарылған халық бәрі бірдей, жолға қарай біртіндеп жылжып-жылжып, тақап, ақыры үстіне шығып кетті. Әйелдер жиыны, топ бала тегіс көзімен Дафнаны іздеп тұр. Ол подиумда жүзіп келе жатқандай, сүйкімді қалпы, әсем адымдап, көйлегінің етегі желп-желп желбіреп, тал-шыбықтай мың бұралады. Көліктің келуін манадан бері күтіп, жақын маңда белсебед теуіп жүрген біз де жалт қарадық. Біз ғана емес, бүкіл ауыл, тіпті, күллі әлем тал-шыбықтай мың бұралып келе жатқан Дафнаға көз алмай қарады.

Бесінші тарау

Тегі, қанша іздедім – ізіне түсе алмадым. Ол құжаттарын бірін қалдырмай түгел алып кетіпті. Қайда барсам да, қарсы алдымнан аты-жөні жазылған бос пәпкі шығады. Елден бас сауғалап үдере қашқан тәрізді. Ізін жасырып, қуғанды адастырып, кәдімгі жаушы, түн қатқан суыт шолғыншылар секілді, жұрт білетін даңғыл жолдан жорта ауытқып – төте соқпақ, көмескі сүрлеумен қашқанға ұқсайды.

Оқудамын, студенттік өмірдің қызған шағы, бірде, қоңырау шалды. Бөтен, маған қатысы жоқ адамдай көрінді. Қалың қызықтың ортасында, көп бақыттың құшағында сайран кешіп жүріп мен бұл қоңырауға аса мән бере қойған жоқпын. Сөйтсем, ол ақырына дейін күдер үзбеген екен, бір шешімге келе алмай, екіұдай күйге түсіп, өзімен-өзі ұзақ арпалысыпты.

– Хафиз, Хафиз, – деді ол, құсадан күңгірттеніп, жарықшақтанып естілген дауысы күңгір-күңгір жаң-ғырып, – хал-жағдайың жақсы ма?

– Тамаша.

Көңілі қалсын деп әдейі қатты, нық сөйледім.

– Біздің жақта еш өзгеріс жоқ.

– Қалада бәрі айнымалы, сәт сайын – дүние мың құбылады.

– Ендеше, елде бәрі бұрынғыдай...

– Жөн екен.

– Маған алаңдама, жұмыстарыңды бітіріп ал, қолын тигенде...

– Иә, емтихандарым бітсін, мүмкін, Құдай қаласа, жолым түсіп жатса, Алла сәтін салса, міндетті түрде ел жаққа барып қайтатыныма кәміл сенімдімін.

Сөзімде жалған пафос бар. Ірі сөйлегім келеді, алайда, дауысымнан фальш сезіледі. Жоғары нотада әуезінен жаңылған әсем ән тәрізді. Кешегі жақындық жоқ, тегінде, арамыз алыстағаны, суығаным рас, сондықтан, әңгімеміз жараспайды, тіл қатсам, әрсіз, бояусыз, эмоциясыз шығады. Кезінде ыстық еді, енді туыс емес, бөгде біреу сияқты. Қоңырау шалғанын жақтырмаған сыңайлымын, біртүрлі суық сөйлестім. Ол үндемей қалды. Сездім, шамырқанып сөйлескенімді ұнатпады, бірақ, міндетсініп үн қатқаным қатты әсер етті, тіпті, жаны түршігіп, күйіп кетті. Дәл осы сәт Дафнаның көзі ашылды. Не болғанын енді ұқты – басына анық күн туды. Өзгергенімді аңғаратын секілді. Көптен бері осымен доғарайық деп айтуға жүрексініп, шешіле алмай жүр едім. Обалына қалдым, білемін. Бірақ, кенет, кездейсоқ аузымнан шыққан, немқұрайды, екіұдай сөзімнен өзім де шошып кеттім. Ол жай ғана:

– Сволочь, – деді.

Сосын, тұтқаны тастап жіберді. Өзімді түскі ас кезін-де мейман үстіне шай құйып алған даяшыдай сезіндім. Бас шұлғып кешірім сұраған сайын мазақтағандай көрінесің. Неге өзгергенімді өзім де түсіне алмаймын. Біртүрлі күй кештім, жақыннан алыстадым, қашықтан тақадым, қалаға келгелі ыстық-суығым басылды, болды, басқа ештеңе емес. Ешқандай себебі жоқ, болуы да мүмкін емес. Екеуіміз бір-бірімізге жатпыз.

Рас, басқа жағдай, басқа орта, басқа ойлар да әсер етті.

Дафнадан айып жоқ, адал жар бола білді, алданғаны көзге көрініп тұрса да, менің алдап кететініме сенбеді, керісінше, сөзіне беки түсті, уәдесінен тайған жоқ, бірақ, оның бұл мөлдірлігі, тазалығы, берілгендігі, тіпті, өлермендігі елдің қытығына тиіп, ызасын келтіре бастады, ол жұрт алдында ақымақ көрінді, күдер үзудің орнына үміттенді, түн ішінде кенет оянып кетіп, өлмеусіреген жарық алакөлеңкелеген бөлмеде әрбір тықырды аңдып, елеңдеп жатты, терезе жақтауына сүйеніп, тысқа, далаға құлазып қарады.

Әуелі жұрттың жынданып кеткен жоқ па екен деп күдіктенгені де рас. Әр нәрсені бір топшылап, уайымдап бақсы да шақыртты, құшынаш та келді, бар пәле каллиграфиялық жазудан деп ойлап, өзін, үйін аластамақшы да болды, бірақ, қайғы жамылған түрін көріп бата алмаса керек.

Бір жыл бұрын ауылға сырнайлатып-кернейлетіп келген Дафна сән-салтанатынан, абырой-беделінен, арман-мұратынан айырылды.

Негізі, Дафна буынып-түйініп дайын отырған екен. Хафиз келе қалса, уақыты тығыз, бөгет болмауым, кедергі келтірмеуім тиіс, тез жолға шығып кетуіміз керек, деп әріптестеріне күнде айтып жүріпті. Күнде көйлегін ауыстырады екен. Мұңға батса да, намысын жоғалтпаған, жүзінен күлкі кетпеген, асқақ, әдемі қалпы, киіп шыққан киімінің түсіне байланысты қол сөмке ұстап, опа-далап жағып, жалғыздығын, осалдығын білдіртпей жүрген деседі. Жөн сұрасқан адамға:

– Жақсы, жақсы, – дей береді екен.

– Сіз, – депті Қайрат, – енді сенбеңіз, ол келмейді.

Дафна, түрі бұзылып, үндемей қалыпты. Көзінде – жас, көңілінде – жалғыздық, ішкі жан дүниесі алай-түлей, жүзіне мұң қонып, бір сәт телпегін түзеп жатып, иығына құйылған шашы желбіреп, автобустар қатынайтын, қыр асып барып көз ұшынан жоғалатын, бетіне асфальт төсеген грейдер жолға телміріп ұзақ қарапты.

– Іздеп барайын ба? – депті Қайрат өзі де наразы екенін білдіріп.

– Жоқ.

Енді екеуі де үнсіз, томаға-тұйық, қипақтап бір-біріне еш нәрсе айта алмапты. Қайрат тосын:

– Тапсам, алдыма салып айдап әкелер едім, – деп жұбатуға тырысыпты.

– Қажет емес, – депті Дафна.

– Жыламаңыз, әлі-ақ өкінеді, мен анық білемін, өкінгенде әсем өкінеді.

– Я его любила, – депті Дафна.

Сосын, еңкілдеп жылап жіберіпті.

– Не могу я, не могу, за что, скажи, за что он со мной так поступил...

Қайрат жерге қарай беріпті.

Шынымды айтсам, Дафна қиналады, азап шегеді деп ойламаған екенмін. Күндердің күнінде, телефон соққанда, оның жан бейнетін кешіп жүргенін де аңғар-масам керек. Бәрін кейін ауылға келгенде, естідім. Қателігімді түзеткім келді, бірақ, Құдай маған тағы бір мүмкіндік бермеді.

Телефон арқылы сөйлесіп тұрып, мен бірінші рет Дафнаны өзіме масыл көрдім. Неге маған жабыса береді деп ойладым. Жасы өзімнен үлкен қызға, әйелге басымды байлағым келмеді. Ол бақытты студенттік өміріме кедергі сияқты көрінді. Әділетсіздігім өзімді қинады. Кейде арпалысып оянамын. Негізі, жасағаным – опасыздық. Мен бәрін ұмытуға тырыстым. Естелік мехнатынан осылай құтылғым келді.

Дафнаны сұраған адамға өз ойымды, түсінігімді айтып, ақтала жөнелетінді шығардым. Сезімнің бәрі өткінші. Дафна махаббатқа осыншама адал, сезіміне соншалықты тұрақты деп ойламаған екенмін.

Кейін қай қалада туып-өскенін тауып алсам да, баруға қол тимеді, дәлірек айтқанда, Новосибирск қаласының қай жерінен іздеймін деп ойладым.

Әрі оның нақты еліне кеткені әлі күнге шейін белгісіз.

Ол – ата-бабасы жер аударылған Новосибирск тумасы еді. Бірақ, атамекені Көкшетау өңірі болатын. Бертінде естідім, Дафна науқастанып, арбаға таңылған деседі. Рас, өтірігін білу үшін мен бір күні сапарға шықтым.

Сертінен айныған адамның опасыздығы, өзіне зияны тимесе де, өзгенің тағдырына нұқсан келтіретінін түсінбеппін.

Алтыншы тарау

Дафна қазақша білмейтін еді. Есікті қағып, аудиторияға кіргенімде, орысша дәріс жүргізіп отыр екен, екеуміз бір-бірімізге қарадық. Күлімсіреді. Мен толқып кеттім. Жүрегім дүрсілдеп ала жөнелді. Өте сәнді, нәшті адам екен. Бүкіл киімі түс тұрғысынан да, көрік тұрғысынан да бірізді, бір-бірінен шығып, бір-біріне еніп тұр, кілт алмасқан, шолт қиылған сызық, нүкте жоқ, басы басқа жерден басталып, соңы өзге тұста аяқталады. Бір-біріне оңай ауысады, бір-біріне жеңіл өтеді. Жұрттың екі көзі – Дафнада. Оны қоршаған бір топ шәкіртінен қызғанатын да сияқтымын. Өте сәнді, нәшті адам екен.

– А, Хафиз, сен бе, төрлет.

– Бос па?

– Отыра беріңіз.

– Қатысасың ба?

– Иә.

– Он алты бала болды.

Дафна көзілдірігін киіп, үстеліне үңілді. Көзәйнегін ілгенде, одан сайын құлпыра түсті. Қаламын алып, жорналына мені белгілеп жазды да, жайлап басып, тақтаға қарай жүрді.

– Бүгін каллиграфия тарихына шолу жасаймыз.

– Жазып отырайық па?

– Өздерің көріңдер, қалай ыңғайлы.

– Түртіп қойсақ, еске түсіруге жақсы.

– Оқушылар, каллигра́фия, – деді де, теріс бұрылып, тақтаға бормен жаза бастады, – καλλιγραφία көне грек сөзі, “әсем қолтаңба” дегенді білдіреді, бейнелеу өнерінің бір түрі, тіпті, ұтас бір саласы деуге болады.

Бойы ұзын, қыпша белді, шашы иығынан асады, аяқтары түп-түзу – атқан оқтай. Мен жақын отырмын. Әрі-бері қозғалғанда, шашы жұпар шашады. Иісі әлсіреп жетеді. Жүрегім басылды, өрекпігенін қойды, бірақ, көңілім алаң, бір нәрсеге елеңдеймін. Дафна екеуміздің белгісіз бір қалада, кең алаңда қол ұстасып қыдырып жүргенімізді көз алдыма елестетемін. Жайбарақат сөйлесіп келе жатып, оқта-текте қапсыра құшақтап, қызыл ернінен, сұлу жүзінен сүйіп, аймалап қоямын.

– Демек, әріпті, сөзді, сөйлемді әдемі таңбалап жа-за білу.

– Иә.

– Мен көмектесіп отырамын, – деді көршім.

Бәрі ду күлді.

– Kallos – “сұлулық” и graphe – “жазу”.

– Шынымен, ғажап.

– Бірақ, оны леттеринг және типографикамен ша-тастырмаңдар.

– Жақсы.

– Каллиграфиялық әріптер бір стильде жазылады, ұқсас формада. Бұл белгі атаулының екпінді, үйлесімді, шебер кескіндемесі. Хат шежіресіне жүгінсек, әуелі оның эстетикалық түсінік ретінде қалыптасқанын байқаймыз, сосын, безендірілуіне көп көңіл бөлінгенін аңғарамыз, үдеріс ешқашан тоқтамайды, ағын тәрізді тасқындап, талпынып, ілгерілей береді, шеберліктің қуаты артады, даму үстіндегі өнер кемел күйіне жетеді.

– Түсінікті.

– Каллиграфияның жазу мәнеріне орай таңба түсіру құралы да өзгеріп отырады.

– Бір жазуға бірнеше қалам, бірнеше сия сауыт қажет екен-ау.

– Рас, жазуға жуан/жіңішке, жалпақ/жұқа қыл-қалам немесе үшкірленген тростник сабағы, болат ұшты қауырсындар қолданылды.

– Қандай әйбат хаттар.

Дафна түрлі каллиграфиялық әріптермен көркем-делген мәтін фотосуреттерін көрсетті.

– Каллиграфиялық әріптер готикалық жазбалардың әсемдігін күшейткен негізгі әдіс-тәсіліне айналды.

– Тамаша.

– Шөтке қалыпты қаламдар да болды, қағаз материал бетімен жанастыра жүргізгенде, бір сызық емес, бірнеше паралель сызықтар қатар түсіріледі.

– Па, шіркін!

– Әдемілігін-ай!

– Қазіргі заманда техника, технология арқасында, фломастер, маркер, фудэпэн дүниеге келді. Тіпті, қа-рындаш, қаламсаптың өзі өзгерді.

– Фудэпэн дегеніміз не?

– Сабына сия толтырылған түтікше орнатылған шөтке-қалам. Сауытқа сия, тушь құйып, үстінен су қосты.

– Сонда, жоқ нәрсені қалай ойлап табады.

– Каллиграфиялық жазуға сұйықтық жақсы сіңетін қатты қағаз керек. Қазіргі кезде, лайтбокстар, трафареттер көмегімен кез келген сызықты ауытқымай тігінен не көлденеңінен түп-түзу қалпында жүргізе алады. Тыныш.

– Бүгінгі күнде каллиграфия, негізінен, шақыру белеттері мен құттықтау мәтіндерін жазуда қолда-нылады, сонымен қатар, граффити, шрифт, қолтаңба логотипі, діни өнер, графикалық дизайн, тарихи құжаттар, тақта не қой тастарға өсиет жазғанда пайдаланылады.Телевидениеде, туу куәліктерінде, қолмен жазылатын құжаттардан да көрініс табады. Неге шулайсыңдар?

– XV ғасырдан бастап баспа ісі дамыған соң, безендірілетін қолжазбалар көлемі азая түсті, XIX жүзжылдықта, алайда, каллиграфия қайта жаңғырды. Көп күш қажет етпейтін қарапайым дүние, керегі – қағаз, қаламсап, тушь. Әрине, автоқалам да жарай береді, тіпті, акварель, гуашь, қара сия, бояу, пастель, көмір де құрал бола алады, бояу граффити суреттер салуға қолайлы.

– Қашан бастаймыз?

– Қазір.

– Жақсы.

– Ертеде, қауырсынға дейін, тасқа – қашап, бал-шыққа шыбықпен сызып жазған.

– Біз де көрейік.

Бәрі күлді.

– Екінші қабатқа кім көтеріп шығарады?

Тегіс қол көтердік. Ғашықтар саны көп сияқты.

– Оны да үйренесіңдер.

– Ура!

– Күшті. Кезінде, қайың қабығына, балауызға жазған, өрме жазу да қолданған, өрме – орыс тілінде – вязь, ағылшынша – a ligature, an ornamental ligatured script, демек, орнаментированная надпись, арабская вязь – Arabic character ornamental ligatured script. Кейде, вязь — ornate lettering.

– Немісше қалай?

– Оны неміс тілі сабағында талқылаймыз.

– Жарайды.

– Жалғастырамыз ба?

– Иә.

– Каллиграфиялық жазу тәсілі әртүрлі. Бұйра боп та келеді, шиыршықталып та жазылады, еспе түрінде, шырмауық кейпінде, құйрықты, ілме, жұмсақ/жұмыр, сынық немесе толқыма, бұрама, геометриялық фигура, белгілі бір кеңістік қалпында өріледі, нұсқаланады, түрленеді. Бір әрпін қарайтып та, үш қабаттап та таң-балайды. Каллиграфиялық жазудың оқылуы қиын-дағанмен, әсемдігі еселене түседі. Сонымен, тарихи қалыптасқан құралымыз үшеу – қауырсын, қылқалам, брашпен – даму сатысын білдіреді.

– Ендігі сабақ қашан?

– Меніңше, басқа пәнге зияны тимеу үшін, аптасына екі мәрте өткізсек болады.

– Келістік, Дафна Гафаровна.

Біз дәлізге шықтық. Бәріміз еденді біз өкшесімен тықылдатып кетіп бара жатқан ұстаздың соңынан қа-рап тұрдық.

Жетінші тарау.

Ырзықтарын қадағалаушы Мекайіл (ғ.с.) періште

Хафиз қайта сөз алды. Дүйім жұрт алдында қаулай сөйледі. Мекайіл (ғ.с.) – Алланың елшісі. Алланың әмірін мүлтіксіз орындаушы.

Алла Тағала Мекайіл (ғ.с.) періштеге жаратылыстағы оқиғалардың, жер бетіндегі тіршілік иелерінің рызықтарын қадағалу міндетін жүктеген еді.

Мекайіл (ғ.с.) періштенің көмекшілері көп. Бәрі түгел жер-жаһанға жарлық шашқан Алла әмірін орындайды. Мекайіл (ғ.с.) періште желді, бұлтты, жаң-бырды, боранды, жалпы, табиғат құбылыстарын қадағалап, қажетті жақтарға бағыттайды. Тіпті, әрбір жаңбыр тамшысы, көктем нөсері, қара суық жауыны періштелердің қадағалауымен жауады, деген куәлік келтіреді. Куәлік келтіруші – Ибн Кәсир, әл-Бидая уән-Ниһая, 1/41. Бұлардың барлығы – Мекайіл (ғ.с.) періштенің қарамағындағы періштелер.

Мейман өз пікірін алға тартты. Бұл періштенің аты Құранда, бір жерде ғана аталуы, ол – Бақара сүресі, 98-аят. Періштеге Әһли кітап иелерінің де сенгендігін көруге болады.

Бірде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина қаласына көшкен кезде Фәдак яһудилерінен Абдуллаһ ибн Сурия қасына бірнеше кісі ертіп келіп Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): “Саған қай періште келеді?” – деп сұрайды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Жәбірейіл (ғ.с.)”, – дегенде: “Егер де уаһиды Мекайіл (ғ.с.) періште әкелгенде біз иман етер едік”, – деген күйі бұрылып кете барған екен.

Олар Жәбірейілді (ғ.с.), тек жамандық пен қақтығыс алып келуші деп, ал Мекайілді (ғ.с.) молшылық пен берекет алып келуші періште деп сенетін еді, дейді бұл жөнінде Елмалылы Хамди Языр, Тафсир, “Бақара” сүресінің 98-аяты, Ибн Кәсир, Тафсир, Бейрут, 1969, І/129, Ислам Энциклопедиясы, Мекайіл бабы.

Хафиз тағы сөзге кірісті. Мекайіл (ғ.с.) – Құранда аты аталған Алла Тағала мен хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) ең жақын төрт періштенің бірі екені рас. Тирмизидің риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Менің жер бетінде екі, көк жүзінде екі уәзірім бар. Жерде хазрет Әбу Бәкір мен хазрет Омар, ал көкте Жәбірейіл (ғ.с.) мен Мекайіл (ғ.с.) періштелер”, дейді Тирмизи, Мәнақиб, 16 жазбаларында.

Табараниде бұл хадис: “Алла мені төрт уәзірмен демеді. Бұлардың екеуі жерде, екеуі көкте”, – деп атап өтеді Табарани, әл-Мужамул Кәбир, 11/179 жазбаларында.

Мекайіл (ғ.с.) Жер бетіне, ел арасына сіңісіп кетті, енді ол қайда жүрсе де, адамзатты аңсап жүреді, деп тұжырымдады жолаушы қонақ.

Сегізінші тарау

Ол бізге ағылшын, неміс, орыс тілінен сабақ берді. Тәлімгердің тілегіне орай бізді бірнеше топқа жіктеді. Мен үш сабақтың үшеуіне де жазылдым.

Күні-түні Дафна есімнен кетпей қойды.

Сабақ кезінде тесіліп қарап отырғанымды байқап қалса, ыңғайсызданатын, бүкіл сынып менің Дафна ұстазымызды жақсы көретінімді сезе бастады.

Бірде, орыс тілі мен әдебиеті бойынша аудандық олимпиадаға мені тағайындады, Дафна бүкіл сынып шығып бар жатқанда:

– Хафиз, саған оқу ісінің меңгерушісі үлкен міндет жүктеп отыр, ауылдың, мектептің намысын қорғауға Қарқаралы қаласына жарысқа барасың, – деді, – мені күт.

– Осында ма?

– Иә.

Ол қайта айналып келгенде, мен сөмкемді ашып, ішінен бір-бір әрпі ғана оқылатын сегіз сөздің қиын-дысын бердім.

– Бұл не, – деді Дафна алып жатып, – каллиграфия ма?

Мен басымды изедім.

– Түсінген жоқпын, – деді Дафна.

Мен сегіз қағазды рет-ретімен орналастырғанда, әр сөзден бір-бір әріп көрінді. Әуелі – I, сосын, L, оның артынан O, өз алдына дербес таңба V, тәуелсіз белгі E, содан соң, жеке-жеке, іркес-тіркес Y, O, U...

Дафна қызарып кетті. Қолынан ұстап, бетіне бетімді тақап келе жатып, ернін бұра қойғанда, сүйіп алдым, біз аймаласа жөнелдік, аяқастынан апыр-топыр болдық та қалдық. Ол орнынан тұрып кетті. Тік қарай алмайды, төменшіктей береді.

– Хафиз, так нельзя, Вы подвергаете нас в опасность, и еще, я Вас не заню.

Орнымнан тұрдым да қолынан тартып, қасыма отыр-
ғыздым:

– Это непозволительно, и неприлично, я несу за Вас ответственность.

Мен тағы сүйдім, жүзінен, көзінен, тамағынан... Ол тағы атып тұрды.

– Сегодня... все, свободны.

– Қашан дайындаламыз?

– Завтра увидимся,

– Нешеде?

– Вам сообщу время. Дополнительно.

Ол сөмкесін жинады да,бөлмеден шығып кетті.

Жол бойы ойланып, үйге толқып, толғаныс үстінде келдім. Күз уақыты, ағаш жапырақтары түсіп жатқан кез. Көңілім тебіреніп, өлең құрастырамын. Формасы жаңа, мазмұны – өзім жайлы.

Үйге келген соң, жаным жай таппады. Өзіне шақырады да тұрады. Құмарым арта түсті. Қайда қара-сам да – Дафнаны көремін. Терезеден – Дафна, теледидардан – Дафна, төсекте жатсам, төбеден де – Дафна, қабырғадан да Дафна көрінеді. Тіпті, оқып жатқан кітап беттерінен де, жазып жатқан дәптер парақтарынан да Дафна көрінеді. Көз алдыма көрінеді де тұрады.

Түн жамылып, далаға шықтым. Бағаншамдар сөнген, көше қараңғы – бос, тыныш, бұйығы – бейсауат ешкім жоқ. Маңдай түзеген бағытым – Дафна тұрып жатқан, жақында жөндеу жұмыстары жүргізілген ескі үй. Жүрегім дүрс-дүрс соғады, асықпай жүріп келемін. Байсалды, сабырлы болуға тырысамын. Есікті ашып, үйге кіргізетініне кәміл сенімдімін. Қайта-қайта соңыма, жан-жағыма көз тастап, шолып қараймын. Біреулер аңдып жүргендей көрінеді. Кім біледі, қызғанатындар көп қой. Бәрінің иемденгісі келеді. Сұлулық адам көкірегінде, көңілінде үміт отын жағады, ол жүрген жерде қашанда өрт қаупі бар. Сірә, жұрт Дафнаны меншігіндей көреді. Ауылға келгені, тұрып жатқаны үшін міндетті сияқты. Әлде, қарыздар санай ма. Күшпен алуға дәмесі бар. Қызығым – қызғанышымды оятады.

Бәлкім, біреудің иелігіндемін, мені бір алып күш басқарады, бір алып күш мені дедектетіп алға сүйреп, жетелеп Дафнаға апара жатыр. Жолдағы күллі кедергіні бұзып-жарып, бүкіл бөгетті қырып-жойып, асқақ сезімнің соңынан еріп келемін. Маған ешкім қарсы тұра алмайды. Мен Дафна үшін отқа да жанамын, суға да батамын, Дафна – салған әнім, есіл-дертім – Дафна!

Күбір-күбір сөйлеп келе жатқанымда әзәзілдің бір ықпал-әсері бар сияқты. Арқама жын қонып, шайтан мініп алғандай... түлен түртіп отыр, ішкі жан дүнием, Дафна, мен Сізді сүйемін, деп жаңғырады.

Тау жаңғырса деймін, күн күркіресе деймін, қара нөсер құйса деймін, құса күңіренсе деймін, күлкі шат болса деймін. Дафнаға деген махаббатым даңғыл көкірегіме сыймайды, Дафнаға деген сүйіспеншілігім соқтықпалы, соқпақсыз көңіліме сыймайды.

Ернеуінен асады, кенересінен төгіледі. Ішкі жан дүниемнен бір мұхит көтеріліп, сыртқа шығамын деп тасқындап келе жатыр.

Тоғызыншы тарау

Каллиграфиялық өнері де, өзі де, ауылды көркейтіп жіберді. Елдің бәрі күліп жүретін болды.

Сөйтіп, қанша іздедім – таба алмадым. Оның құ-жаттарын бірін қалдырмай түгел алып кеткені жаныма батты. Мені көргісі келмей, енді жолықпайтындай, біржола қарасын батырғаны жаныма батты. Жаныма батқан нәрсе көп болды. Мен оқуға, Алматыға кетерде, шығарып салып тұрып, айтқаны есімде:

– Хафиз, Хафиз, – деді ол дауысы тарғылданып, – орналасқан соң, мені алып кетесің ғой.

– Әрине, – дедім.

– Мен буынып-түйініп дайын отырамын, кез келген уақыт жолға шығып кете аламын.

– Жақсы, жақсы.

– Онда, алаңдамаймын, өзіңнен хабар күтемін.

Бірінші рет қоңырау шалғанда, неге мен бірінші рет Дафнаны өзіме масыл көргенімді түсінбеймін. Бір жағынан, жасы өзімнен үлкен қызға, әйелге басымды байлағым келмеді. Ол бақытты студенттік өміріме кедергі сияқты көрінді. Әділетсіздігім өзімді қинады да. Кейде арпалысып, сөйлеп оянамын.

Дафна. Ізім-ғайым жоқ. Дафна. Тап оянар алдында теріс айналып кетіп қалады. Кейде бұрылмай ұзап бара жатады. Жүзін көре алмаймын, талмаусырап, ыстықтап, терлеп жатып, көзімді ашып аламын. Негізі, жасағаным – опасыздық. Мен бәрін ұмытуға тырыстым. Естелік мехнатынан осылай құтылғым келді.

Кейін қай қалада туып-өскенін тауып алғанымды айттым, ауласын да, үйін де, пәтерін де анықтадым. Подъезіне кірдім. Баспалдақпен көтеріліп келе жатып, саты қанатына қолымды қойып, бетін алақаныммен аялай сипап тұрдым. Дафна құйтақандай кезінен ұстап өскен саты қанаттары. Сосын, төртінші қабатқа шықтым. Отыз бірінші пәтердің қоңырауын бастым. Жүрегім дүрс-дүрс соғады. Ойланып үлгергенім жоқ, іле-шала есік ашылды.

– Вы тоже казах, – деді орыс келіншек, – ее часто ищут, приходят, но она сказала, чтобы я никому не давала ее новый адрес, просто оставьте мне свой номер, я ей передам, она сейчас в другом городе, пока не замужем, завидная невеста, красавица.

– Можно двумя способами, я оставляю Вам свои координаты, меня зовут Хафиз, я из Алматы, и буду ждать от нее вестей, но паралельно, возьму вашу электронную почту, и для нее напишу длинное письмо и Вы его перешлете ей.

– У Вас, кажется, что-то серьезное, хорошо, меня Марина зовут.

– Я благодарен Вам, бесконечно, это очень важно для меня.

Марина электронды мекенжайын жазып берді, біз жылы қоштастық. Есік алдына шығып, аулада біраз жүрдім. Жан дүнием астан-кестең, быт-шыт, бірақ, жүрегімнің бір түкпірінде үміт оты жанды. Үйілген, шашылған құмға тақадым, ағаш тақтайлармен қоршап тастапты, бір кезде бұл жерде Дафна да ойнаған шығар, осы үйіндіні, анау әткеншекті, мынау темір сырғанақты, бүкіл ауланы басқа қалаға көшіп бара жатып Дафна көрді ме екен, көзіне түсті ме екен, сәл аялдап, жанар тоқтатып қарады ма екен, менің Дафнам қандай күй кешті, мен соны білгім келеді.

Жолға шығып, көлік ұстадым. Қонақүйде көп ойланып жаттым. Елдегі, қаладағы өмірімді сүзгіден өткіздім. Ең басты ақиқатты тапқым келді. Адамның бақыты не, ғұмырының мағынасы не. Жалпы, кісілігі не? Бәтуасыз пенде тұрақты мекені мен жалған дүние арасындағы жай бір жолаушы, бірақ, көкірек қай-дан келді, жауапсыздық қайдан туды, азғындықты ауыздықтайтын уақыт бола ма. Біз ойланбай өмір сүреміз, өмір сүрген соң ойланамыз, алайда, ойланғанда – өмір таусылған, қайрат кеміген, бұйрық түскен. Пенде адалдығы, арамдығы, қулығы, сұмдығы, қуанышы, шаттығы, бәр-бәрі көз алдымнан өтіп жатты.

Дафна, дедім күбірлеп, Дафна.

Бұл есімдегі әрбір әріп, әрбір дыбыс қымбат. Естілгенде жүрегіме жылы тиеді, жазылғанда көзіме шоқтай басылады.

Бірақ, Дафна хабарласқан жоқ. Ресейдің қай қа-ласында тұрып жатқаны да белгісіз. Біржола айрылдым, енді өмір бойы аңсап өтемін. Кітап жазғым келді, ән жазғым келді, жазаға ұшырағым келді. Тіпті, мерт болғым, автомобиль апатынан қаза тапқым келді. Қызықтың төлеуі, қылмыстың зауалы бар екен.

Қайғыда – ой, қуанышта – қауіп. Ойдың соңы жоқ, қауіптің сейілетін мезгілі әйтеуір бір келеді.

Кейде мен оны көктен түскен періште ретінде көремін, ізгілік жеңді ме, әлде, жақсылықты зұлымдық жықты ма, мәңгілік күрестің соңы қалай бітерін біліп қайтуға Тәңірдің жұмсауымен Жер бетіне сапар шегіп келіп-кеткен сияқты.

Ол, менің кесірімнен, опасыздықтың, бейнеттің, күйзелістің ащы дәмін татты. Енді, көп жылдар өтсе де, кінәмді мойындап, айыбымды өтеуге әзірмін. Қандай жаза бұйырса да, көтеремін, Жасаған Иенің кез келген азап-мехнатына лайықпын. Құдай куә, бұл – менің шын сөзім.

Оныншы тарау

Қыркүйек айының соңы. Біз каллиграфиялық жазуды үйрене бастадық. Кейде, үйірме дәрістеріне басқа мұғалімдер де қатысып отырады. Бәріне – қызық. Қазан, қарашада – қара суық түседі. Қарға адым жерде – желтоқсан, қаңтар, ақпан. Бұл мезгіл Арқада – аяз, сақара қалың қар жамылып жатады. Әлсіреп, тотығып жеткен күн сәулесі қар үстінде аунайды, шағылысқанда – көзді ауыртады. Немесе, бір апта, екі апта, күні-түні боран соғады. Үйіп тастайды. Шағын ауылды қар басады. Үйлер көміліп жатады. Ел есікті сыртқа итеріп, саңылаудан күрек салып, қазып ашады, мал тұрған қораға, кісі жүрген көшеге жол ашады. Жалпақ күрек кең күрейді, көп алады, биік лақтырады. Екі жалдың арасында келе жатып адам екі жағын да көре алмайды. Бір-бірін дауысынан таниды. Күлкі, қалжың айтылады. Қоштасып кетеді де, қайта айналып тағы соғады. Іздеп келген шаруасын естіп, көршіге сұрағанын тауып әкеледі. Дүние жым-жырт, сергек ұйықтаған, түні бойы ауа райын аңдыған жұрт елең-алаң оянғанда, сыбыр азайып, тықыр көбейеді, ауылды техника үні жайлайды. Қайнап жатқан еңбек, қым-қуыт тіршілік басталды. Үлкен тракторлар қарды бұзып, сайға құлатқанда, қата бастаған күртік ірі-ірі, тау-тау қалпында әр тұста шашылып жатады. Сырма жүреді. Шынылтыр аяз күшейгенде, бет-аузыңды жұлмалайды, қатты суықтан терезе әйнектері сынады, терек, қарағай ағаштары қақ айырылады. Бірақ, ауылға Дафна келді. Жыл он екі ай жаз орнады. Суықты көрмейтін болдық. Сөнбейтін Күн тәрізді. Дафна. Кейін, оқуда, Алматыда жүргенде, қала әсері бастапқы күшінен айрылып, қуаты, ықпалы азайған шақта, елді жиі ойлап, Дафна алдындағы жауапкершілік жаныма батқанда, алдамшы, өткінші нәрсені сәулелі, тұрақты нәрседен қалай ажыратуға болады, шатаспаудың жолы қайсы, деп ойланамын.

Ол тақта алдында тұр. Көздері сұмдық әдемі еді. Күлгенде нұрланып кететін. Топ оқушы қиял-ға-жайып ертегілері әлеміне, бір тамаша хал-ахуал, жай-күй кеңістігіне енейін деп тұрғандай асығады, дегбірсізденеді, әр минуттың бар секунды қымбат, шығармашылық атмосферасы көңілге шабыт береді, толғандырады, аудитория лық толы. Ол жөткірініп қойды да, сабағына кірісті:

– Бүгін каллиграфия философиясымен танысамыз.

– Дафна апай, Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды.

Күлді. Тақтаға каллиграфиялық әріптермен Хафиз деп жазды, қайталап жазып отырған менің қолым қалтырап кетті, сосын, өңдей бастады. Сөз біртіндеп әшекейленді, ақыры әріптік таңбасын, бейнесін жо-ғалтып, гүлге айналды.

Мен Дафна деп жаздым. Әрлеп, түзеп, әдіптеп көріп едім, күңгірттене түсті. Көз алдымда көркем есімнің бір әрпі ғана оқылатын сұлбасы қалды

– Қандай әсем!

– Ұзақ па?

– Қысқаша шолу: тарихи даму жолы туралы.

– Дафна Ғафаровна, каллиграфияны, өнер тұрғысы-нан, живопись, сурет өнеріне деңгейлес десек бола ма?

– Жедеқабыл. Бұл – сүйіспеншілік көрінісі, кісілік салтанаты. Ізгі сезім өнері. Өрілген ойдың көркін ашады, бірақ, ажары асқанда, ойдың өзі көрінбейді. Түсін айқындаған сайын – түсініксіз. Бұл не?

Біз шулап жауап бердік:

– Каллиграфия.

– Сұлулық мәнді жасырады. Тегінде, эстетика, бәрібір, этикадан басым, маңыздан – жоғары. Әдемі әділден үстем, бірақ, әдемі қашанда әділ. Бұл не?

– Каллиграфия.

– Біз арды, азапты ысырып қойып, ажардың соңы-нан кетеміз. Келбет көзге түскенде, ойы – күңгірт. Бұл не?

Каллиграфия.

Көркі жарқ еткенде, адамның ойы шашырайды, әсері – алапат, салдары – сілкініс. Сынған айна тәрізді, сынығында есеп жоқ. Бұл не?

– Каллиграфия.

– Әдемілік, біртұтас жаратылыс. Табиғаты – бүтін. Кемсіз дүние. Болмыстың кемел бөлшегі, нұсқасы. Бұл не?

– Каллиграфия.

Әлем бөлшектенді. Тұтас пішін жоқ. Табиғат тұ-тастығынан, адам бірлігінен айрылды. Каллиграфия – жазудың озық түрі, өнердің үздік үлгісі. Ол бірік-тіреді.

Бірақ, ауылға Дафна келді. Жыл он екі ай жаз орнады. Суықты көрмейтін болдық. Сөнбейтін Күн тәрізді.

Он бірінші тарау

– Енді жазу үлгісіне келейік.

– Белгілі бір стандарттары бар ма, әлде фантазия, қиялға сүйеніп жаза беруге бола ма?

– Екеуін де қолданамыз.

– Түсінікті.

– Қағаз бетіне бір түскен қалам қағаздан ажырамауы тиіс.

– Яғни, ой да, таңбалануы да, басынан аяғына дейін тұтастығын бұзбайды.

– Әр сөз бүтін қалпы.

– Тоқтамайды.

– Иә.

Бүгін Дафна қызыл қоңыр көйлек киіп келіпті. Бір түсінгенім – киімінің бәрі қызыл, қара немесе көк тәрізді бір түс емес, аралас реңдес көйлектер екен. Бояуы – нәзік, материалы – жұмсақ жібек.

Сөзді толық жазып біткенше, қаламсап жабысып, жатып алады.

Дафна қолында ұстаған қаламмен тақтаға әрбі-реуіміздің аты-жөнімізді келтіріп жаза бастады.

Құныпия, Үриниса, Қамария, Тайыр, Қайрат.

Каллиграфия құдыретін сездік. Есімдеріміз, етек-жеңі көркейіп, алды-арты ширатылып, бұтақтанып, тал-шыбықтай шиырланып, кей тұсы терезеге түскен өрнектей кестеленіп жатыр. Құлпырып, бұрқырай жайылып, шашылып келеді, түрлі-түрлі образдар туғызады, елестетеді, елеңдетеді, алаңдатады, қасқыр құйрық, түлкі құйрық, бәлкім, бұғы, марал, құдырдың айбақ-сайбақ, тарбақ-тарбақ, қауқиған мүйізі, басын мұз шалған, етегін қар басқан, қапталына қарағай толған тау бейнесі, суреті.

– Бәріміздің атымызды жазасыз ба?

– Апай, менің атымды ұмытып кеттіңіз.

– Ібни.

– Рақмет, апай.

– Жақия, Қорлан, Фахреттин, Ібан, Фаузия, Шінет, Шәңгерей, Хабиба, Ібікен, Ханифа, Шәуен.

– Менің ше?

– Фазыл.

– Апай, қалың ба, жұқа ма, қалай жазайық?

– Фаррақ, Фаулида.

– Қазір көрсетемін.

– Шулап кеттік, апайдан ұят болады.

– Тынышталыңдар.

– Қойдық.

– Әрбір әріптің өз кеңістігі болуы керек, орта тұсы ашық, шет жақтары шырмауықтанып аяқталады. Шаш бұйралаған сияқты.

Дафна.

Он екінші тарау

Қайран, Дафна. Аяулы бейнесі көз алдымнан кетпейді. Түнгі аспанға қарап қоямын. Аңсап, шөлдеп, асығып келемін. Қара шоғырланып үйі, қорасы, ауласы көрінді. Есікті қақтым. Пердені түріп, терезеден қарады. Шашын төбесіне түйіп алыпты. Мені көрді де жоқ болды, іле-шала күршекті ашты. Ол маған күліп қарап тұр. Рұқсатсыз келгеніме ыңғайсызданып мен тұрмын.

– Төрлет.

Күткен тәрізді. Дәліз, сенек, шағын-шағын бөлмелер тегіс таза, жылы, дастарқан дайын, ас пісіп жатыр.

– Шамды өшірейін бе? – деді Дафна.

– Неге?

– Я сплю.

– Мен күлдім.

– Иначе два силуэта превратятся в черно-белое кино.

– Немое.

– Иә.

– Көрермен де көп.

Ол жарықты сөндіріп келді.

– Қарның ашқан жоқ па?

– Жоқ.

– Онда, соңыра.

– Соңыра.

Көрші бөлмеден дәмді астың иісі білінді. Ол асүйге қарай бұрылды, қасымнан өтіп бара жатқанда, қолымды созып, білегінен ұстадым, нәзік, үлпікер, жұмсақ, ол тоқтап қалды, алақанын ақырын қыстым, әдемі, саусақтары сүйріктей ұзын, тоқ балтырына көзім түсті, қолым төмен сырғып барады, үлпілдек көйлектің етегін қымтады, түрді, көтерді, жайлап жоғары жылжып отырып санына жетті, оқтаудай түп-түзу екі аяқ, сұлу. Дафна толқып кетті, ол еңкейді де, екеуміз құшақтасып, аймаласа жөнелдік, сосын, диванға отырдық. Көп сүйістік. Төсіне қолым тиіп кете береді. Құшақтағанда, жұмсақ батады. Диванды жазып, тағы сүйістік. Иегінің астынан жұпар аңқиды. Ұлпа бұғақ, аққу мойын, жұмыр төс... ерні көтеріңкі, сүйгенде аузында еритін жидек тәрізді. Құлпынай. Әлде, шиедей. Үлбіреп, өзіне шақырып тұрады. Құмар-ланып тағы жабысып сүйісеміз.

Екеуміз шалқалай жата кеттік. Мен арқасын сипалап бюстгальтерінің ілмек-ілгектерін іздей бастадым. Кеудеме екі омырауы қатар батқан сайын көргім, ұстағым, сүйгім келеді. Құшсам, жібермеймін, қос анары тіп-тік, мол, үлкен, қарсы тіреліп, білініп тұрады. Бюстгальтер тиегінен шықпай жатыр. Біраз әурелендім. Уақытымды алды, әйтеуір ілмектерін бір-бірлеп босаттым, ағытқанда, екі жағынан асылған жібінің бірі иығынан білегіне құлады. Ол орнынан тұрып, жоғары түймелерін босатып, басынан асыра сыпырып, көйлегін шешті де, креслоға тастады. Бюстгальтерін иығынан түсіріп, екі бүктеп, жастықтың астына қойды. Үстінде шет-шетін, жиегін селдіретіп, әдемі әдіптеген, жібек шілтеріден өрнектеп тігіп әшекейлеген іш киімі ғана қалды. Ақ саны жарқырап шыға келді, үлбіреген нәзік денесі, құлын мүшесі, сұлу мүсіні көздің жауын алады. Белі қыпша, жіңішке, алмалары үлкен-үлкен, алақаныма сыймайды, кіндік тұсында өше бастаған көмескі суреттің ізі бар. Іргеден қаланған көрпе-жастық арасынан біреуін суырып алдық та, екеуміз астына қойып кеттік. Қайта сүйістік. Төсек-орын көрпе-жастығымен бірге үстімізге құлады.

Үстімізге құлап жатқан көрпе-жастықта шаруамыз жоқ. Омырауын ұстап, ұшынан сүйдім. Қос үрпісі жуан, ірі-ірі, қозып, қатайып алыпты. Шыдай алар емеспін. Көтеріліп келе жатып көз алдым тұманданды.

Бір жыртыс жібек шілтер еденде жатыр.

Кенет, есімді жиғанда, бойымды бір өкініш, бір қуаныш қатар биледі, немқұрайдымын. Өзімнен адасып, жаңа кезең, басқа өмірге аяқ басқандай күйге ұшырадым. Тосын өзгердім, анық, кешегі Хафиз емеспін. Шаңыраққа көз алмай қарап, дел-сал күйде жаттым. Ұйқым келді. Кірпігім айқасып кетіпті. Біраздан соң, қайта ояндым, мызғып, тағы ояндым. Нәпсі мені Дафнаға байлады. Түсіндім. Мықтап, шиелеп, арқандап. Бауын шешілмейтіндей етіп түйіп, түйіндеп тастады. Бірақ, күмәнім жоқ, оны шын сүйемін. Ол қасына аунап барғанымда, тізесін түсіріп, аяғын ашты, сосын, қайыра мініп келе жатқан мені жібермей, қатты құшақтады.

Тыста жауын сіркіреп тұр. Құйып өтіп бара жат-қан қара нөсер емес, жауып тұрып алатын қалың жаңбыр. Терезе әйнектеріне тырс-тырс тиеді. Жас кезімнен жақсы көретін дыбыс. Құмығып жетсе де, күркіреп жетсе де, осы бір тырсыл көзден жасырын, көңілден құпия тылсым әлемнен жеткен дыбыстай толғандырады.

– Что будет с нами?

Көлденең сауал көңілдің сазын, ажардың көркін бұзып жібергендей көрінді. Қайта үнсіздік орнады. Үлкен жаңбыр әйнектерді сабалай ұрып, кейде ақырын шертіп, жан-жақтан қоршап, қаумалап келеді. Қара шертіс – тыныштық дыбысы. Тереңдегі бұлқыныс, шерді қозғап, терезені соққан, салған ән, сандалған ой, аласұрған тілек, арпалысқан арман, күдік, үміт, сосын, не сүйеріңді, не күйеріңді білмейтін қысқа ғұмыр, құбылмалы тағдыр, мехнат, бейнет өз алдына, бір күндей шолақ, бір күндік сәуледей ұшқыр өмірдің азабы неге ұзақ-ұзақ, ажалы жақын, тамшы тамып түскендей жылдам, уақыт, жүйрік жылдар, жанымызға дос, жадымызға серік емес, жырада жатқан жау, жар астындағы дұшпан тәрізді, байлығымызды ұрлайды, барымыздан айырады.

– Что будет с нами?

Ойланым жатырмын. Үлкен терезеден бөтен қаланың биік ғимараттары, зәулім үйлері көрінеді. Тоқ бағаналары, желі-желі сымдар, шатырлар, көше шамдары, төмен жақтан баяу қозғалып, бағдаршамдар алдына үйілген автомобильдер, автобус аялдамаларында жиналған бірлі-жарым ел, жалғызаяқ жолмен талмай, толастамай ерсілі-қарсылы қаптап жүрген халық, Дафна, қайдасың, әлемді шарқ ұрып іздеп жүрмін, жаралы рухты ібіліс билейді, тағдыр кешуге, күресуге жарамсыз екенмін.

– Что будет с нами?

– Ештеңе.

– Мне кажется, с нами что-то случится.

Екеуміз ашық жатырмыз. Жауын тоқтапты. Бірақ, жауын тоқтай ма. Шелектеп төгеді, басылады, қайта жауады, жыл мезгіліне байланысты, көңіл күйіне қарай – не ұмытамыз, не есте сақтаймыз, жаз айында жауын-шашын көрмегендей жүреміз, қыс айында боран астында жатамыз, есікті ашқанда ентелеп үйге енген екі арба аяздан басқа ештеңе білмейміз, жыл мезгіліне байланысты, көңіл күйіне қарай, жаңбырдың да өз тағдыры бар.

– То, что должно случиться, уже произошло, – деді ол.

Әйнек тырс-тырс ете қалды. Сосын, тырсылдап кетті. Жас кезімнен жаңбырдың үнін жақсы көремін. Естіген сайын көңілім жадырап, жан дүнием жаңара түседі. Қараңғыда, тіпті, ғажап, түнде құйған жауын, тамған тамшы адам ғұмыры жауып өткен жаңбырдай қысқа екендігін еске салады, періштелер сырт-сырт әрі-бері ұшып жүргендей көрінеді.

– Я жалею об этом.

Мен көзімді жұмып жатып езу тартып күлдім. Өзімнен-өзім қуандым. Періштелер нұрдан жаралған болса, онда қанат неге керек, сәуле қанатсыз-ақ ұша бермей ме, ешкім жете алмайды, ештеңе оза алмайды. Меніңше, сәулелі адамдарды періштелер қоршап жүреді. Бақытын қорғайды. Кемінде, бір жылдық бақытым бар. Қазір үйге қайтамын, сосын, көз ілер алдында Дафнаны ойлаймын. Жаратқан Ие біліп отыр. Пешенеме жазылғаны осы. Бақыттымын. Рас, бақыттымын. Түн ауып барады. Дафна да ұйықтап алатын шығар. Жаратқан Ие біліп отыр. Сырқатпын, Дафна. Күні-түні сені ойлаймын. Науқасымды жамандыққа жорып отыр, сірә, менің де қызығым таусылған секілді.

Он үшінші тарау

Бір кем дүние, несін айтасыз, әрі жалған, әрі баянсыз. Сөз – пәтуасыз, қаракет – берекесіз. Істің тыңғылықты, ойдың түпкілікті, көзқарастың түбегейлі, байламның түйінді, шешімнің орнықтылығын қалайсың. Бірақ, опа бере ме, қайран бар ма?

Өзімді, шіркін, өлімге қимаймын, қаза көлденең келсе, әділетсіз болар-ау деп топшылаймын, өмір сүріп үлгерген жоқпын, бар қызық-қуанышым алда секілді еді, қайдан ғана кесел жолымды кес-кестеді. Бұл – қателік, анық қателік, менің өлмеуім тиіс, қаншама міндеттерім бар, жоспарым көп, жазуым қажет шығармаларым шаш-етектен, алайда, дерт меңдеп, күшейіп келеді, қозғалуым қиын, қимылым бәсең, жүріс-тұрысым ауырлады, көңіл-күйім құлдырады, кейде сай-сүйегім сырқырап, етім ауырып, түні бойы ұйықтамай шығамын, бейнет бірнеше күнге созылады, азап әлденеше уақыт жалғасады, Алла мені неге қинап қойды деп ойланамын.

Бала кезімнен басталды ма, жастық шағымда көл-денең жолықты ма, жалпы, қайдан шықты, не себеп болды, дәрігерлер қауымы жұмбағын шеше алмай, дағдарып отыр.

Түн ортасы. Қыбырлап әлі жүрмін, тән ауруынан азып-тоздым, жаным қажыды, діңкем құрыды, қалжырадым, күллі денем әр жасушасына дейін шар-шаған сияқты, сол кезде кетіп қалғым келеді, бірақ, екінші ойым айтады, Дафнаға жауаптысың, екі күнә арқалама, тап оны, бейбақты бір жылаттың, енді екінші жылатқың келіп отыр ма, мені байлап тұрған Дафна екенін түсіндім, сәждеге жығылдым, Құранға дендедім, бұл әлемнің сырын ұққым келді, ақиқаты неде, жалғандығы ше, әділеттен үлкен кешірім бар, жазадан биік...

Мешітке бардым.

Дафна аруды тапсам, қасірет-қайғы кейін шегінетін тәрізді. Мен жеңіп шығуым керек.

Бұрын, бұлт қуанышым еді, жауын алдында, қара аспан төніп келе жатқанда, асыр салатынбыз, қазір – қайғыма айналды. қара бұлт қаптап, жаңбыр көрінсе, қол-аяғым қақсайды, мазам кетеді, тынышымнан айрыламын.

Күн көзі шыққанша, байыз таппаймын, мені құтқаратын – Күн. Шуағын төксе, жүзіме шұғыла қо-нады, жер мойны қашықтан мені іздеп келе жатқан қуанышты жыға танымасам да, алыстан шырамытамын, алдынан шығып, қарсы аламын, қоштасқанда, таңертең күтемін, себебі, ол таңмен бірге атып, кешпен бірге батады, қуаныштың ізім-қайым жоғалуы мүмкін емес, ол қашанда жол үстінде, көшпелі, бірақ, айнымалы емес, көшіп жүреді, алайда, көштен озып не көштен қалып қоймайды.

Қуаныш – жүрегімізде, қайғы да көкіректе, шат күлкі шерменде көңілге көрші, шердің туысы – шат-тық.

Демек, бақыт қасіретке көрші, пенде сезімінің бәрі жүректе бір-біріне қоңсы отыр. Сондықтан, жақсы көру мен жек көрудің арасы бір тұтам.

Он төртінші тарау

Пенде ғұмырында белгісіздік көп. Бетпақ түзде ирелеңдеп жатқан сілтемесіз жол сияқты. Жөн-жоба жоқ, бағыт-бағдар бұлыңғыр. Ескі сүрлеу адастыруы мүмкін. Кездейсоқ тапқан жаңа соқпақтың жолына сенеді. Бірақ, көне сорап бұл тарапта ел жоқтығын білдіреді әрі қатынастың үзілгендігін аңғартады. Жаңасы не елдің, не жолдың өзгергендігіне куә.

– Қабанбай батыр көшесі қай жақта?

– Төмен.

Мен жазғы алаңда, “Бисквит” деген жазуға қарсы отырмын. Бозбала шағымызда жиі келуші едік. Айнұр, Сәуле, Асқат, Дулат, Қанат, Бағдат, Ирина, Екатерина бар, бәріміз осы кафені жақсы көреміз. Шайдың жемі, балкүлшенің дәмдісі, торт атаулының түр-түрі шыны астында тізіліп тұр. Жаңа піскені де дайын. Меймандары тұрақты, көргенді жұрт. Бейсауат ел келмейді. Қыздар опа-далап жағып, әдемі киініп алады.

Бәрі сұңғақ, Әнел, тіпті, әрі ұзын бойлы, әрі керемет сұлу болатын, сосын, Александра. Оқу бітіре сала бәріміз жан-жаққа шашырадық. Енді Алматыда ешкім жоқ. Бірі Еуропада, бірі АҚШ-та. Мен елде емеспін, бірақ Алматыға келіп тұрамын, одан не пайда, Дафнаны көрсете алмадым. Тағдыр соңынан ере берсең, талай күнің рәсуа болады екен. Жолды білмейтін жөнді білмейді. Жөн – білім, жол – жұмбақ. Құпияның сыры, жұбақтың кілті – ақиқат жайлы түсінік немесе ақиқат жолында келе жатқан шындықтың жеткен межесі.

Әркімнің өз шындығы дегеніміз белгісіздік. Біздің өміріміз тәрізді. Шындық – ақиқаттың бөлшегі. Бөлшектенген ақиқат тұтас ақиқаттың өзі емес, бөлшектер біртұтастанғанда, жаңадан құрылғанда, мәні де, қасиеті де өзгереді.

Біржақты көзқарас – теріс көзқарас, тіпті, екі-жақты, үшжақты, төртжақты түсінген де адасады, сондықтан уақиғаны жан-жақты зерттеу керек. Сонда, айыпты кім?

Мағына өзімен-өзі өмір сүрмейді, ол заттың не құбылыстың бойында өмір сүреді, бірақ, мағына туу үшін немесе өзгеру үшін уақиға керек. Жай емес, құрылымдық өзгерістерге әкелетін уақиға керек.

Иә, уақиға керек. Менің бастан кешкен бейнетім ғұмырымның мәніне айналды.

Мән жүре келе қалыптасады әрі толықтырыла береді деген осы. Ертең таң атқанда, басқа күн туады, жаңа күн – таңдау.

– Құрманғазы қай жақта?

– Жоғары.

Өмірдің өзі бастан кешкен уақиға сияқты, күнде таңертең көзіңді ашып ұйқыдан оянғанда қарсы алдында тізіліп бірнеше тағдыр күтіп тұрады немесе тағдыр жолы сайрап жатады. Таңдаған жолыңмен кетесің, қайда апарады, жете аласың ба, күңгірт, бірақ, екі таңдау жоқ, сондықтан кез келген жолға шыққан адамның сапары – белгісіз сапар, әрине, белгілі нүктеден басталады, алайда белгісіз нүктеде аяқталады.

Мен адасып қалдым. Алдымда төбе көрсетіп ке-меңгер жазушы келе жатқан еді, қасымда – шайыр. Сосын, жан-жағым кілең философтар-тұғын.

– Кешіріңіз, солға бұрылсам, Абылайханға шыға-мын ба?

– Иә.

Кетті де қалды. Дафнаны іздеп жүріп, талай дегдар тұлға, біртуар дос-жаран, ағыл-тегіл жора-жолдастан айрылдым, қол үзгенім де көп, сырт айналғаны да бар, бірақ, мен Дафнаны таппай тыныштала алмаймын. Алдыма міндет қойдым, арпалысып жүрсем де, атқаруым қажет. Оны көрмей маған бақыт жоқ.

– Таңдадыңыз ба?

Даяшы қайта келді.

– Қазір не бар екенін көрейік.

Мен таңдап үлгергенше, қайыра ішке кіріп кетті. Жөн. Ол – менің түзетілуі тиіс қателігім. Сондықтан, іздеп табуға тиістімін. Өмір де өтті, өмірден де өтті. Кеткендер арасында кереметі де, керектері де бар еді, елге де, ерге де. Өмірдің өзі бастан кешкен уақиға сияқты, күнде таңертең көзіңді ашып ұйқыдан оянғанда қарсы алдында тізіліп бірнеше тағдыр күтіп тұрады немесе тағдыр жолы сайрап жатады. Таңдаған жолыңмен кетесің, қайда апарады, жете аласың ба, күңгірт, бірақ, екі таңдау жоқ, сондықтан кез келген жолға шыққан адамның сапары – белгісіз сапар, әрине, белгілі нүктеден басталады, алайда белгісіз нүктеде аяқталады.

– “Бисквит” пе?

– Иә.

Мен адасып қалдым. Алдымда төбе көрсетіп ке-меңгер жазушы келе жатқан еді, қасымда – шайыр. Сосын, жан-жағым кілең философтар-тұғын.

Ренішсіз режиссері де, өкпесіз өнерпазы да, кексіз – топ ішінде, біз – қағанағым қарқ, сағанағым сарқ, бақытты пенде, жаужүрек баһадүр, оқ бойы озық шыққан да жоқпыз, кейіндеп қалмауға да тырыстық, қара үзіп кетпесек те, оқшау қара шоғырланып келе жатқан қалың жиын – біз, көрген ел айтады, қатарымыз тез сиреді, селдіреп қалдық, ойшылдардың өзін толғандырған, дана жұрт үздіксіз топшылаған өлім, ақындай тебіреніп, ақыл-ойы тереңін қопарған, шыңына талпынып, түп мәнін тапқан өмір арасы – бір күндік жол екен, елең-алаң алагеуімге тиіп тұр, таң бозынан тұрған адамның ғұмыры қас қарайғанша, қаракеті қам жегенше, қас-қағым жарық дүние, жарқылдаған нажағай, күркіреген аспан, сәуленің ізіндей, дыбыстың жылдамдығындай, сонда, қалай, бақ құсы қонған бау-бақша іші бос болса, құстың сайрағаны, бұлақтың сылдырап аққаны, хош иісі аңқып, құлпырып, гүлдеп жатқаны кім үшін керек, шат күлкі, арқа-жарқа мінез, емен-жарқын әңгіме ертеңіне ізім-қайым, соған қарағанда, ертеңге сенім жоқ, өмірдің орны (кеңістігі) мен ұзақтығы (уақыты) – тап қазір, тура алдымда, қарға адым жерде өтуін қалаймын, ертегі тыңдап ержетсек те, енді бәрі өзгерді, таным да өсті, таң қалдыратын таңғажайып та басқа, бізге шын өмір қажет.

Шын, шындық – бүтінге тәуелді бөлшек, толыққа байланған жарты, тұтасқа бағынышты мән. Өз алдына дербес емес. Ол – ақиқаттың құрамдас бөлігі, осы тұрғыда ғана шын, жеке алғанда – жалған, себебі, жартылай шындық деген жоқ, тек өтірік қана бүтін күйінде де, бөлшек түрінде де, өзіне-өзі тең.

Кезінде, адамның тамыры жоғары қарай өседі деп жаздық. Бәйтерек, зәулім ағаштар қыбырлаған пенде адамдар тәрізді, өмірінің мәні өмір сүріп жатқанда қалыптасады, өлгенде – қалыптасуы аяқталады, яғни, қазаға ұшырағаны мағынасы толық қалыптасып біткенін білдіреді, сондықтан, тірі адам туралы түбегейлі тұжырым жасай алмайсың, ол қашанда – жүзеге асып келе жатқан жоба.

Он бесінші тарау

Жас даяшы қайта айналып келе жатыр. Жүрісі суда жүзген қаздай, нәшті, сән-салтанаты жарасқан, шашы – карэ. Қасыма тоқтады.

– Ұнағанын таптыңыз ба?

– Жоқ.

– Сіз не ішетін едіңіз: ристретто, эспрессо, гляссе, капуччино, латтэ.

– Қалай ойлайсыз, мүмкін, коладо. Әлде, фредо.

– Енді ас сіздікі.

– Қазір.

– Қажет десеңіз, фрапуччино, фреско, калипсо, мокко, айриш.

– Эспрессо, жарайды, классика.

Даяшы байланып қалды, жанымнан кетер емес, ас мәзірін қарап, бірінен соң бірін ұсынып жатыр.

– Жеткілікті.

– Тегі, дәмдіден көрдіңіз, енді тәттіден. Қараңыз, тирамиссу, бейлис, трюфель торты.

– Түр-түрі бар екен.

– Гауди, карамель торты.

– Бүгін бәрін ішіп-жеп кету міндет емес шығар.

– Әрине.

– Кейін тағы келемін.

– Йогуртқа суфле қосып, карамель желе үстеп, бисквит, муссо, миндаль араластырып, алдыңызға тартсақ, ұсынсақ қайтеді.

– Болады.

– Жалғызсыз ба, біреу келе ме?

– Өзіме.

– Өзіңізге ғана ма?

– Иә.

– Жақсы.

– Дәмешті күтіп... жүрмін. Дафна қалқаны, бірақ, ол шалғайда.

– Әйеліңіз бе?

– Әйелім.

– Онда, келеді.

– Әзір, тирамиссу.

– Түсіндім.

Көзіме жас келді.

– Дафна, мен табамын сені.

– Тамаша. Жөн, қалауыңызды қолдаймын, үлбіре-ген бисквит қамырына ликер мен кофе сіңген, жұпарын бай-қадыңыз ба, арасында маскарпоне ірімшігінен жасалған муссо бар, үстінен какао ұнтақтап, дән үгітіп сепкен.

Бірден бе, біртіндеп пе, жыл өткен сайын бәйтеректер құлайды. Өмір заңдылығы, дәлірек айтқанда, өздері ашқан заңдылық.

Тегі, біз өзімізді өлтіретін құпияны өзіміз ашамыз. Жұмбақтың шешімі – ажал, түйінді байлаған – күрмеуге келмеген өмір.

Тағдыр – жоба емес, нәтижесі.

Ой да тәртіпке бағынады, сөздің құдыреті – дыбыс/таңба емес, ереже. Негізі. Ережеге бағынбаған сөз-сөйлемде ешқандай мағына жоқ. Демек, сөз жиынына мән-мағына беретін – тәртіп. Яғни, ереже ғана еркіндіктен заңдылық жасайды.

Белгі дыбысты түзеп алады, дыбыстың белгісі – тұрақты, өзгермейді.

Өмір басталғанда – қолжазба, аяқталғанда – мәтін. Бірақ, виртуалды әлемде қолжазба жоқ, себебі, шығарма – мәтін, толықтырылып, түзетіліп отырады, алайда, ізсіз. Компьютерлік редакция судағы қайық тәрізді, көз жазып қалсаң, бағытыңнан адасасың, белгі/сіз сапар да қиын, белгі ғана тәртіп орнатады, белгіленген жол, ереже-тәртіпке мойынсынған сапардың бағыт-бағдары айқын.

Біздің де арыстар кетті. Соңынан кеніш қалды. Құнды ма, құнсыз ба, ұрпақ шешеді, бірақ, ұрпақ адаспайды деп кім айтты. Құндылықтар жарысқа түсіп жатқан алмағайып, айнымалы заманда, ата-бабасы артынан қалдырған асыл мұра келер буынға, одан келесі толқынға, жалпы, задынан зәузатына, үрім-бұтағынан үмітіне жалғасып, көшіп кете бере ме, күш-қуаты жете ме, сене аламыз ба, біз құралпылар, қатарлас құрбы-құрдастар да алаңдайтын кез келіпті.

Түпнұсқа қолжазбадан құралады. Нұсқадан нұсқа туады, сосын, нұсқа сайын өзгереді, кемелденеді, тоқ-таған варианты соңғы нұсқа аталады, түпнұсқа емес, қалаған үлгісі. Негізгі үлгісі.

Мәтін соңғы нұсқасына сатылап дамып жетеді.

Қолжазбалар жоқ, демек, бастауы, жаралу тарихы солғын, компьютер жазба сақтамайды, қаншама талпынысым жойылды, талай еңбегім еш болды, есіл бейнет есте бар ма, күңгірт, бұлыңғыр.

Ертеде қолжазба шығарманың ғұмырнамасы еді, басы, аяғы бүтін, ортадағы өзгерістері толық, туындыға енбей қалған әрбір эпизод, мизанцсцена, ситуация көз алдында, кез келген нұсқа – жәдігер, қазына, қазір ұшты-күйлі жоқ, компьютерде идея туады, компьютерде жоспарға енеді, жазылады, өңделеді, кітап қалпына келтіріледі, мұқабасы жасалады, фотосуреті қойылады, түптеледі, сосын, компьютерде оқылады. Бұрынғыдай таралымы белгіленбейді, басылып шықпайды, жер-жерге тасымалданбайды.

Демек, түпнұсқа жоқ, бір ғана нұсқа бар. Кеше түзеткенін алдыңғы күні жазғаныңды біржола жояды, түбегейлі.

Күн ауып барады. Мен Алматыдағы “Бисквит” кафесінде жалғыз өзім ойға шомып, толғанып, тебі-реніп отырмын.

Он алтыншы тарау.

Сырнайлы Исрафил (ғ.с.) періште

Исрафил (ғ.с.), хадистерде жиі аталатын төрт үлкен періштенің бірі, қашанда сырнайынан көз жазбайды, деп сөз бастады хафиз. Оның негізгі міндеті – қиямет- қайым алдында ұлы Жаратушы әмірімен сұр үрлейді. Сырнайдың үні адамзат қауымына жаңа уақытты паш етеді.

Періште Исрафил (ғ.с.) Ибраһим (ғ.с.) пайғамбарға Жаратушы сәби бергенде, адам бейнесінде келіп сүйінші сұраған әрі Алла Тағала аршысын көтергендердің бірі.

Бәдір шайқасында мұсылмандарға қол ұшын соз-ған, жәрдемі тиген періштелердің ішінде бұл да бар еді, дейді Мүснәд, 1/147. Бәлкім, бізге беймәлім, қатардағы пенде біле бермейтін көптеген әмірлерді орындауға да үнемі дайын жүретін шығар, бұл енді бір Аллаға аян, деді қонақ.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен Исрафил (ғ.с.) періш-тенің арасында достық лебі бар еді.

Хафиз жаңа әңгіме бастады.

Бір күні Жәбірейіл (ғ.с.) періштемен бірге Сафа төбешігінде отырған сәтінде, әңгіме арасында Пайғам-барымыз (с.ғ.с.) қанша күннен бері үйінде та-мақ жасауға бір уыс ұн да жоқ екендігі туралы сөз қозғайды.

Осы уақытта көк жүзі күңіреніп қоя береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Қияметтің болуына әмір келді ме?”– деді. Жәбірейіл (ғ.с.): “Сенің әуелгі сөзің көкте естіле салысымен Исрафилдің (ғ.с.) осы жерге келуі әмір етілді”,- деді.

Кенет Исрафил (ғ.с.) періште Алланың сәлемін жеткізеді. Қастарына келіп қонады.

Исрафилға: “Уа, Алланың елшісі! Сенің айтқан-дарыңды Алла Тағала естіді. Сенен: (Сүлеймен (ғ.с.) сияқты) патша пайғамбар болуды қалайсың ба, әлде құл пайғамбар болуды қалайсың ба? деп сұрап жатыр”, – деп сауал тастайды.

Жәбірейіл (ғ.с.) періште: “Раббыңа кішіпейілдік таныт!” деп ишара етеді.

Хайсәми, Мәжмауз Зауаид, 9/18-20; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, 2/231 бойынша Исрафилге (ғ.с.) төмендегідей жауап қайтарған екен.

Алла Елшісі (с.ғ.с.): “Бір күн аш қалып жалбарынған, бір күн тоқ болып шүкір еткен құл пайғамбар болуды қалаймын,” дейді.

Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Исрафил (ғ.с.) періштенің өзге періштелерден үстем екендігін көрсету үшін түнде намаз соңында: “Уа, Раббым! Жәбірейіл, Мекайіл, және Исрафилдің Раббысы. Көк пен жердің Жаратушысы...” деп олардың аттарымен дұға оқығанын Муслим, Мусафирун, 200 жазбасыан байқаймыз.

Рас, деді мейман, Хаққа сүресін есіне түсіріп жатып – он үш, он төрт, он бес, он алтыншы аяттарда келтіріледі, сырнай үрленгенде, Жер мен Тау қозғалып, жоғары көтеріледі, соғылысады, орнына түскенде, қиямет уақиғасы басталады, көк жарылады – босайды.

Екінші мәрте үрленуі – өлген пенденің тірілуден дәмесі.

Ясин сүресі пенденің үкілеген үмітін үзбейді, қайта мүмкіндік ұсынады. Елу бірінші аятында, сұр үрілгенде, олар қабірлерінен тұрып, Раббыларының құзырына жүгінеді, делінеді.

Сырнай үрлейтін Исрафил (ғ.с.) періште екі мәрте үрлеуі арасында қанша уақыт бар екені туралы, сірә, ештеңе айтпаса керек. Себебі, айтса, бір жерде жазбалар қалатын еді.

Хафиз сөзді іліп әкетті, Хадисте бұл жөнінде: Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с), Бухари, К.Тафсир, Нәбә, 78/18, жазбаларында: “Сұрға екі рет үрлейді. Осы екі рет үрлеудің арасында қырық уақыт бар”. – деген екен.

Бірақ, қырық уақыт дегені – күн бе, ай ма, жыл ма, ғасыр ма, мыңжылдық па, мәңгілік пе – бізге бей-мәлім. Он сегіз мың ғаламда өзге де өлшемдер бар. Бәрі бір Аллаға аян.

Бұл періштенің аты тікелей Құранда аталмағанымен, сұр үрлейтін періштенің аты екені хадистер арқылы келіп жеткен. Қиямет күні бұл періште Алланың әмірімен екі рет сұрды үрлейді.

Сұрға (сырнай) байланысты Құранда: “Сырнай үр-ленді, Алланың қалағандарынан тыс жердегі және көктегі барлығы дереу жансыз жерге құлады. Сосын сырнай тағы бір рет үрленген мезетте адамдар қабірлерінен түрегеліп жан-жақтарына шошына қарап қалады”, “Зүмәр” сүресі, 68-аят, “Әнғам” сүресі, 73, “Таһа”, 122-аят; “Ясин” сүресі, 51-аят.

Исрафил (ғ.с.) періште жайында: “Жақын жерден дауыстап шақыратын (Сұр үрленетін) күнге құлақ сал”, дейді “Қаф” сүресі, 41-аят.

Сонда адам баласы қабірде үнсіз жатып бір дыбыс естиді. Бұл – пенделердің қайта тірілуіне ишара білдірген Исрафилдің (ғ.с.) сұр дыбысы.

Құранда бар, “Қамар” сүресі, 6-7-аяттар: “Ендеше, олардан бет бұр. Әлбетте бір күні шақырушы (Исрафил ғ.с.) барлығын еш көрмеген таңқаларлық ақиқатқа (қабірдегі адамдарды Мақшар алаңына жиналуы үшін сұр үрлеп) шақырады. Олар үрейленіп, айналаны бірден шегіртке қаптап кеткендей қабірлерінен шығады”

Мына хадисте сұр жайында былай делінеді:

Абдуллаһ ибн Әмір ибн әл-Астың риуаяты бойынша, бірде бәдәуидің бірі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп:

“Сұр деген не?” деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Үрленетін сырнай”, Әбу Дәуд, Сүннет, 24; Тирмизи, Қиямет, 9; Ахмад ибн Ханбал, ІІ/196, біз үшін беймәлім, яғни қияметтің хабарын беру үшін үрленген кезде дыбыс шығаратын құрал, деп жауап берген еді.

Басқа бір жерде екі дүние Рақымы (с.ғ.с.): “Исрафил сұрды қолына ұстап, үрлеу үшін әмір күтіп тұр, Табәри, әл-Жамиул Бәйан, ҮІІ/211; Ибн Кәсир, Тафсирул Қуран, ІІІ/276, дейді.

Исрафил (ғ.с.) періште Алланың рұқсатымен сұрды алғаш рет үрлегенде қиямет – қайым орнап, жер мен көктегі бүкіл жанды тіршілік өледі. Екінші рет үрлегенде бүкіл жанды тіршілік қайта тіріледі де ақырет өмірі басталады. Исрафил (ғ.с.) періштеге сұр үрлегендіктен, “Сұр үрлейтін періште” дейді.

Исрафил (ғ.с.) періштенің алғаш рет сұр үрлегендегі жағдайды Құран: “Сұр үрілген күні Алла қалаған біреулерден басқа көктерде болғандар да, жерде болғандар да үрейленеді. Сондай-ақ, барлығы Аллаһтың алдына сүмірейіп келеді”,“Нәміл” сүресі, 87-аят.

Он жетінші тарау

Бірде, түн қатып, есігін тықылдаттым. Терезесінен шамды көріп, ұйықтамаған шығар деп ойладым. Екі-үш рет қана тықылдатып едім, тез оянды, күршегін ашып жатып:

– Хафиз, сен бе, – деп сұрады.

– Иә.

– Қайдан жүрсің, – деді.

– Сағынып кеттім.

Босағада тұрып екеуміз құшақтастық. Еріндері қатты ұнайтын. Үлбіреген, әдемі – түріңкі ерін. Ішкиімін көтеріп, омырауынан ұзақ сүйдім. Жауырынымен қабырға іргесіне тірелді. Мен лыпасын төмен түсіріп жібердім. Қарсы тақап келдім.

– Не здесь, – деді ол.

Екеуміз қайта сүйістік. Мен оны көтеріп алдым.

– Есік, – деді ол.

Қолын созып, күршекті ілді.

– Я, кажется, беременна, – деді.

Сөзіне мән берген жоқпын. Есіл-дертім ерінде, омырауда, сосын, аппақ санында. Жайылып тұрған диванға құлай кеттік.

– Сладкий.

Бұл сөзді естіп алып, тіпті, қозып, күшейіп кеттім. Үстін сыпырып, жерге тастадым. Ол жалаңаш қалды. Жүкті болса, тіпті, сұлу болатын шығар деп топшыладым. Көрпені шетінен тартып, көтеріп, астына кірдім.

– Можно медленно, – деді Дафна, – болят.

– Неге?

– Кто виноват, – деп күлді ол.

– Әйтеуір бәріне кінәлі мен, хорошая жизнь.

Оның көзі бақырайып кетті. Маған тесіле қарап жатыр.

– Больно, но приятно, – деді.

– Дауысы жай шықты. Кенет ышқынып кетті.

– Не могу...

– Не болды?

– Очень приятно.

– Тоже.

– Сильнее.

– Хорошо.

– Не могу...

– Тоже.

– Төбеге қарап жатырмыз.

– Ты не понял.

– Нет, понял.

– О чем?

– О том, что надо сильнее.

– Это уже было, я говорю о последствиях.

– Беременна?

– Да.

– Үнсізбіз.

– Кажется, давно.

– Может, ошибка.

– Может.

– Күтейік.

– Иә.

– Егер рас болса ше?

– Туамын.

– Үнсіздік орнады. Жауабым дайын емес. Ойланбаппын. Тым дандайсып кеткендеймін. Дүниеге бала келсе, Алматы жоқ, немесе, бірге алып барасың, оқуға. Иә, Хафиз, неге үндемейсің. Әжемнің сөзі есіме түсті. Қызығын көріп, қиындығынан қалай қашамын. Жауапкершілікті мойныммен көтеруім керек. Баланы да, әйелді де жылата алмайсың.

- Я не принуждаю, – деді Дафна, – могу сама воспитать, но аборт не сделаю.

Тағы үндей алмай қалдым. Көңілсіз.

– Я не уверена в тебе.

– Верь, я не брошу.

– Только по любви.

– Я обожаю... и люблю тебя.

Ақырын сыңсып жылады. Қараңғыда отырып, көзінен тамған тамшыны байқадым. Қуаныштан, уайымнан ба, білмедім, бірақ, көңілінде бір алаң бар.

– Ты и вправду любишь?

– Не знаю как сказать, любое подтверждающее слово звучит пафосно и потому фальшиво.

– Не беспокойся, мы под Богом?

– Как?

– Бог подал знак об отвественности и мы готовы к новым испытаниям.

– Ты веришь в Бога?

– Да.

– В какого Бога?

– Он один, един и всеобъемлющ.

– Молишься?

– Дұға... читаю.

– Я думал, что ты крещеная.

– У меня отец казах, просвещенный, эрудирован, большой интеллектуал.

– Мама?

– Русская.

– Наверно, красивая?

– Очень.

– Как хорошо.

– Вправду хорошо.

– Біз қайта сүйістік.

– Можно медленно.

– Да.

Он сегізінші тарау

Дафнаға қазақ ауылы ұнады. Әсіресе, жазғытұрым. Қаңтар-ақпан жол бітеліп, байланыс үзілуші еді. Сақара қар жамылып, елді мекенді аяз қысып, мал қорадан шықпайтын. Қыстың соңы боран жиілейтін. Күндердің күнінде, сақара жұртын үйге қамаған қыс қаһарын, ауыл-аймақты жолда, сапарда тізеден қалтыратып, қатты ызғардың бетін көктен құлаған нұр сындыратын. Көктем ерте туды. Наурызда күн жылынды, жыл құстары келді, сере қардың іргесі сөгілді. Әр тұсынан ойылып, желініп, ойдым-ойдым жатқан алып күртік қар үйінділерінің көлемі кішірейе түсті. Тоң жібіп, мұз еріді. Қызыл су жүріп, сең бұзылды. Ала қанат қыр етегіне жиналған, іркілген су Жарлы өзеніне құйылды. Баяу ағысы күшейді. Тасқындап ақты. Өзен су толып, көтеріле бастады. Арнасына сыймай, ернеуінен асты. Жағадан шығып, жылтырап жан-жағына жайылды. ауылға кірді, үйге, қораға жетті.

Әуелі екеуміз көзге түсе қоймадық. Сергек, абай болуға тырыстық. Мен үйіне түнделетіп барушы едім. Қызыл іңір көше жағалап, ымырт жабылғанша, сыныптастарыма еріп, ұзын ауылды екі-үш мәрте кезіп шығатынбыз.

Қарды сықыр-сықыр таптап, мен бір кезде Дафнаға қарай бара жататынмын. Күн суық, түн ызғар, жол жабық. Қалың тон, түлкі тымақ, қара пима киіп, асығыс басып, жан-жағыма ұрлана қарап, баспалап, ешкіммен кездеспеуге тырысып, тез жетіп алатынмын.

– Дафна! Дафна!

Әйнекті ақырын тықылдатып, күбір-күбір етемін. Әр дыбысты аңдып отырған Дафна жарық жиі-жиі сөнген күндері қолына балауыз шам ұстап терезеге тақайтын. Қырау-қырау әйнектің ар жағынан төңіректі тінтіп қарап, жіті бақылап, мені көріп, қолында әлсіз, өлмеусіреп жанған шырақ бар, жалыны демінен екі жағына жалп-жалп құлап, ақырын күлімсірейтін, сол кезде өте қатты әдемі боп кететін. Біреу жүрегімді аялап алақанымен ұстағандай, ішіме от тастап жібергендей әсер етуші еді.

– Хафиз! Хафиз!

Ол тағы күлетін. Кейін, жылдар өтіп, бір-бірімізден айырылғанда, жалғыздықтың бейнетін кешіп, ғашық-тық дерті жаныма батқанда, қырау-қырау терезеден үңіліп қараған Дафнаның аяулы бейнесі көз алдымнан кетпей қоятын болады.

– Сәулетай!

Табалдырықтан үйге аттап кірген бетте, есікті күршегінен ілейін деп босағада іш киімшең күтіп тұрған Дафнаны қапсыра құшақтай алатынмын.

– Сағындым, – дейді ол.

– Жаным, – дейтінмін.

Омырауын ашып жіберіп, жұпар аңқыған төсінен, тамағынан аймалай жөнелетінмін. Ол толқып, екі иінінен терең демалып тұратын.

– Болды. Үйге кірейік.

Төсекте қайыра құшақтасатын едік. Сосын, жып-жылы болып кететін. Бір нәрсе жетектеп, жақсы бір күйге ұшыратып, асықтырып, еліктіріп, табандап жылжып келе жатқан таңғажайып хал-ахуал күрт, тосын, шырқау шегіне жетіп, құлдилаған әндей, төмен сорғалап, жылдам үзілуші еді, тіпті, кейде, бітпей, таусылмай, ұзаққа созылып, кернеп тұрып алатын. Сол кезде бір-бірімізді шексіз жақсы көріп кететінбіз.

– Дафна.

– Иә.

– Сонда, сен ешқашан, ешқашан...

– Рас, ешқашан, ешқашан.

– Қандай бақытты жанмын.

– Уәде.

– Рақмет.

– Сен ше?

– Мен де адал боламын.

– Так хочется жить.

Мен тұнық көздеріне қарап тұрып, ернінен сүйетінмін. Сол кезде, алакөлеңке бөлме, ескі үй, өлмеусіреген жарық, көне дүние-мүлік, кешеден келе жатқан жиһаз, Қаратал-Тегісшілдік, екі арнаға жарылып, ауылдың қос қапталынан қатар аққан Жарлы өзені, мектеп, жергілікті тұрғындар, Қарқаралы таулары, әжем, туған-туысым, Дафна, бәрі-бәрі көңілімді жадыратып, тарқамас қуанышқа бөлейтін.

Өмірім, қоршаған ортам, атам, әкем, аяулы анам, тете ағам, апа-қарындастарым, дос-жаран, жора-жол-дас нұрланып, сәулеленіп, тіршілік шұғылаға толып, мен өзімді бақытты сезінетінмін.

Жалғанда ауру-сырқау, қайғы-қасірет, аштық, апат, жоқшылық, өлім-жітім бар деп ойламайтынмын. Осы сәт, бұл жағдай мәңгі тұратын, мәңгі сақталатын тәрізді көрінетін.

Ғұмырды сүйген, елде тұрған, жерлес ағайын-туыс жүзінен шат күлкі көрген қандай бақыт деп тебіреніп-толғанатынмын.

Дафна, Дафна, – деуші едім, – өмірге келген, өмір сүрген қандай бақыт.

Енді қазір жаным жабырқап, көңіліме қаяу түсіп, шерменде бейбақтың күйін кешіп жүрмін.

Қызыл іңір кеште, үлкен қалаларда қарауытып көлік тоқтатып жатып, ауылда көше-көшені түн қатып кезіп келе жатып, жан-жағыма елегзи қарап, көкірегім қарс айырылады, қайдасың, Дафна, қайдасың, деп айқай салғым келеді, көп жаңғырықтың бірі құлағына жете ме деп үміттенемін, егер әлемде сиқыр орнап, қарсы алдымнан тосын Дафна шыға келсе, енді айрылмайтындай етіп құшақтап алар едім деп армандаймын. Менің көксегенім Құдайға жетсе ғана орындалатынын анық білемін, сондықтан, Жасаған Иеге жағуым керек, еткен еңбегім, жасаған іс-әркетім Тәңірдің көңілінен шығуы тиіс.

Тоғызыншы тарау

Дафна есімнен кетпей қойды. Үйленбей жүріп алдым. Отыздан асқанда, кездейсоқ тойда танысқан бір сұлу бикешпен бас құрап, үш жылдан астам уақыт отастық, бірге тұрдық, алайда, бөлек жүрдік, ұдайы, тоқтамай өтірік айтушы еді, алдап тұрғанда, беті бір бүлк етпейтін, үнемі шынын жасырып, айласын асырып, елді сергелдеңге түсіріп, зар жылатып жүретін, қулығына құрық бойламайтын биші келіншек үйге қонбай, бейсауат той қыдырып, ізін таппай, көз жазып қала берген соң, ажырасып кеттік. Жалған сөз адам жанын былғап, тұнығын лайлайды екен. Дафна айтқандай, я брезгаю ложь. И мне неприятно ее присутствие. Күні-түні бітпейтін бір концерт. Сосын, қоңырау. Таң алды ма, ымырт арты ма, түс әлеті ме, түн ортасы ма, қарамайды, безілдей жөнеледі, дамыл жоқ. Соңыра жүріс-тұрысы күмәнді көрінді. Кейін, Дафна, мен оны шалғай бір шағын қаладан тауып алғанда, осы биші әйел туралы сұрайтын болады, сонда, мен жауап бере алмай қалған едім.

Өмірімде бір-ақ адамға жасаған опасыздығым үнемі мазамды алды да тұрды. Жиі түс көремін. Тү-сімде қапастан босатып, апаттан құтқарып жатамын. Қалайда айыбымды өтеп, жанын, жүрегін ауырт-қан қылығым үшін кешірім сұрағым келеді. Оның кешіргенін қалаймын. Дафна айтты:

– Мен бұ дүниеде жоқпын, келесі әлемде жүрмін.

– Тағы ұшуым керек пе?

– Иә.

Дауыс шыққан жаққа төтелей салдым.

– Енді ешқайда бұрылма, – деді ол.

– Бұрылмаймын.

Бір кеңістік екінші бір кеңістік әлеміне қарақұрдым арқылы жалғанады. Стивен Хокингтен білеміз. Қо-ңырау шалсам, көтере ме, жоқ, әйелі жауап бере ме? Өткен шақ өлмейді, сол күйі тұрады, кейін адамзат жаңа даму биігіне жеткенде, алға да кете алады, кері де жүре алады, біз алапат жарылыстан бір-ақ шығамыз, әрі қарай жол жоқ, себебі, уақыт бітеді, оның ұлы дүмпуден басталатыны есімізде.

– Сингуляр аймағына енгенде, қорықпа, қарақұрдым жұтып қояды, алайда, келесі әлемнің кіреберісінде мен күтіп тұрамын.

– Жиегіне лақтырып тастай ма?

– Иә.

– Ауа бар ма?

– Жоқ.

– Сонда қалай?

– Сұйық ауа. Күллі дүкенде кілең ауа сатылады.

– Шайдың орнына ма?

Күлдім.

– Сен қайдан сөйлеп тұрсың?

– Біздің тәніміз жоқ.

– Онда, сені қалай танимын?

– Дауысымнан.

– Дауыс денеде өмір сүрмей ме?

– Иә, денеде өмір сүреді.

– Түк түсінсем, бұйырмасын.

– Біздің денеміз іркілген судан тұрады, кез келген формаға ауыса аламыз.

– Неге кетіп қалдың?

– Бұл жақта адам кісі бағасын біледі, су, топырақ қадіріне жеткен, ең бастысы, жалған сөз жоқ, әділет-сіздік те.

– Пенде емес пе?

– Жоқ, пенде түсінігі басқа, бұл жан иелері – жа-ратылыстың формасыз күйі, шынтуайтында, біз идеяға айналамыз, немесе идеяда өмір сүреміз.

– Жер бетіне қайыра жібере ме?

– Білмеймін.

– Қорқайын дедім.

– Қорықпа, перзентіңді көресің, идея күйінде.

– Міне, қызық.

– Біз – идеяға қайта оралғандармыз.

– Перзентімді?

– Иә.

– Болды ма?

– Болған жоқ. Құдайдың идеясы болды.

– Рас па?

– Екеумізді сөйлестіріп көрді, сірә, біз талаптан шыға алмадық.

– Онда, тез жетейін.

– Жақсы.

Дауыс жойылып кетті. Мен ұшып келемін. Ұшқан неге жорғалаған жәндіктен, шапқан жануардан, кө-лігіне мініп, жылдамдығын үдете зымыраған адамнан, бәрібір, биік.

– Әлемнің өзі – жұлдыздар ұшып жүрген кеңістік.

– Дафна?

– Әу.

– Естіп қойдың ба?

– Иә.

– Құлағың түрік екен.

– Ұзын.

Асықпай ұшып келемін.

– Көрдің бе?

– Кімді, нені?

– Мені...

Дафна ұшып келе жатты. Жайлап қанат қағып, ауада көлге шомылып жүргендей, ақырын қимылдайды, баяу жүзеді. Теңіз жағасына қайтып келе жатқан жал-жал толқын тәрізді бүрме көйлегі соңынан кең жайылып, ұзынынан шұбатылады. Тау басынан күркіреп құлаған, сарқырап аққан өзендей қым-қуыт асфальт жолдар бетімен түрлі автобустар, жүк машиналары өкіре қозғалады. Төменде –Алматы. Жеңіл автомобильдер шаттық жетегінде, жалғызілікті мәтсекілдер шалқар жаз аясында, топ-топ белсебедтер қуаныш үстінде. Көлік жүргізушілердің жүзінен жайма-шуақ күлкі кетпейді. Жарқын-жарқын дауыс естілетін маусым, дүркін-дүркін дүбір жететін шілде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – қыр астынан шыққан дабыс. Ергеуден көктеу, көктеуден мезгеу, мезгеуден көзгеу туады, көкжиектің босағасына Сүмбіле байланады, көзден жасырынады, дүние дүрбелеңі, пенденің тыныс-тіршілігі, өмір шеңбері әрі қарай айналады, бірі келеді, бірі кетеді, тоқтамайды, аялдамайды, дамылдамайды, көзгеуден шілдеу, шілдеуден тамызық, тамызықтан дәндеу, қаңтарылған Сүмбіле етектен көтеріліп, су суиды, қара жаңбыр басталады, шіліңгір жаз жайылымын, жайлауын айырбастап, жұртқа тастап, күзектің отына көшкен әлсіз дыбысы – селеу шөпті бырт-бырт үзіп жұлып жеген төрт түлік өрісі. Дәндеуден мизам, мизамнан соқтау, соқтаудан күйек, күйектен қауыс, қауыстан ықтырғы, ықтырғыдан ығыс, ығыстан қаңтар, қаңтардан ақпан. Ол Республика сарайы жақтан көрінді. Құшағында бір құшақ гүлі бар. Сырғып бері ұшты. Абай даңғылы бойымен келе жатыр. Пушкин, Шоқан Уәлиханов, Нұрсұлтан Назарбаев, Мұқан Төлебаев, Күләш Бәйсейітова, Абылайхан, Желтоқсан, Наурызбай батыр, Сәкен Сейфуллин, Тарас Шевченко, Құрманғазыдан өтті. Мен Шагабутдиновта айнала ұшып күтіп жүрмін.

– Хафиз, – деді ол, – Хафиз.

– Дафна!

– Қайда ұшамыз?

– Достықпен жоғары, тау-тас, шың-құздарға қарай, көк аспан төрінде қалықтаймыз.

– Тауға шықсақ, ғарышқа енеміз.

– Қиып аламыз ба?

– Иә.

– Ахмет Байтұрсынұлы, Қаныш Сәтбаев, Достық, Оқушылар сарайы үстінен ұшып бара жатырмыз.

– Тамаша.

– Жан қалқа!

– Әу.

– Алысқа ұшайықшы.

– Қай жақ алыс?

– Амстердам.

– Париж, Рұм, Лондон.

– Жоқ, Испанияға.

– Братиславаға соғуым керек.

– Брно ше?

– Брноға да.

– Барселона.

Мен оянып кеттім. Оянғаныма өкініп жаттым.

Жиырмасыншы тарау

Бірде, Құныпия, Қарағанды көшелерінің бірінен Дафнаны көрдім, деп келді. Киім дүкенінде көйлек қарап тұр екен. Жоқ, көрмеген. Маған Асқар айтты, Асқарға – Салтанат, Салтанатқа Қанат, Қанатқа Ғафу жеткізіпті.

Меніңше, жалған. Оны біздің ауылдың кісілері көруі мүмкін емес. Дафна елден тыс, Ресейде не Еуропада жүр. Құныпия, құлағына жеткен жұмбақты қаладан ауылға, ауылдан қалаға қатынап жүріп ше-шіп отырады. Бір әңгімені қалт жібермейді. Жиып-теріп маған жеткізіп тұрады. Бірақ, көбісі жарамсыз. Шындығынан қауесеті, байқағанынан байыптағаны көп. Елге барғанда, естіген құпия тағы бір хабарымен бөлісті: Дафна – сырқат. Өлім аузында жатыр, депті, емханаға өз аяғымен жете алмаған соң, жедел жәрдем шақыртыпты, Новосибирск ауруханасына жөнелтілген көрінеді. Қалың орман ішінде орналасқан ғимараттан қысы-жазы бір аттап ешқайда шықпайды екен, жатқанына жылдан асса керек, сірә, айықпас дертке ұшыраған, тіс жарып тілдеспейді, тіл қатып сөйлеспейді. Енді бір суыт хабар, тіпті, жаман, ол қазаға ұшырады, көп қабатты үйден созылмалы құсаға шыдай алмай, бәріне нүкте қойып, азап-мехнаттан құтылу үшін, түн ортасынан ауғанда, (әлде таң алдында, мүмкін, түс әлетінде) ешкім көрмейтін, білмейтін, құлағы шалмайтын уақытта, терезе жақтауына шығып, ең биіктен шексіз түнге, мәңгілік түнек әлемге, көз байлаған қараңғылық айқындалып келе жатқан
алагеуімде қарғып кеткен көрінеді.

Әлқисса, ерте оянған, кейбір ұйқысы сергек көр-шілер, үстіден төмен қарай жүйтки құлдилаған бақытты бір адамды байқап қалыпты, төбеден еркін құлап келе жатқан, бойжеткен қыз ба, жас келіншек пе, көз алдарынан сырғып өте бере, езу тартып күлген екен дейді, тіпті, бұл күлкіні маңайдағы терезелері ашық үйлердің тұрғындары, аулада елең-алаң ит қыдыртып жүрген кәрі-жас түгел естіпті.

Сыңғырлап күлген әсем күлкісі – жетісі, қырқы, жылы өтсе де, қалың ел қауырт жиналып, ардақтап, арулап қойса да, жаназасын шығарып, Құраннан сүрелер, аяттар оқыса да, қалың дұға бағыштаса да – ешқайсысының есінен кетпей қойған екен, соған қарағанда, артына жалтақтаған, соңына алаңдаған, қайта айналып оралуға талпынған бір гәп бары сөзсіз.

Күлкі түн жарды.

Түн тыныштығын жарып шыққан күлкіден бақытты күйі, кеудесіне сыймаған қуанышы белгі берсе керек, азаптан арылады, пәледен құтылады.

Жұрт таң қалған екен. Бұрын естімеген күлкі. Сән-салтанаты асқан, мауқын басқан шаттық үні тәрізді. Жанына батқан сағынышы жоғалды, көңіліне жақпаған жағдайы оңалды. Әрі алабөтен, әрі жайдары күлкі. Қысқа өмірінің ең қысқа мезетінде, өлімге мерекеге бара жатқандай асығыпты. Шашы желбіреп, жүрегі елжіреп, бүкіл қылмыс-қиянат жасаған қан-дықол қарақшыларын тегіс кешіріп, бір бойында қуаныш қана қалдырып, ол қысқа жолды төтелеп қиып алған, ең қатты жылдамдықпен қозғалып, зымырандай зымыраған асқақ, абыройлы, әйбат қалпында, көзді ашып-жұмғанша өте шығыпты.

Сонда, қарға адым жерді еңсеріп, сана шам тәрізді жалп етіп сөнер сәті алдында, кенет тасқындап төгіліп, арқырап құйылып, құдыреті күшті дұғалар қай тілде естіліп, періштелер қай жақтан ұшып келді екен, аккад-шумердің балшық тақталарына таңбаланған жазбалары ма, әуезді эллин тілінде айлап-жылдап жырлайтын көне грек дастандарынан үзінділер ме, діни латын ба, Құдай сөзін белгілеген киелі араб лексикасы ма, құлағына бірінші не жетті екен, шіркін, десеңші.

Бұл бақытын көрген мезеті еді. Қуаныш дыбыстан соң тарқады, ғұмыры шалт тоқтады, жарық дүние жоқ, ақырзаман, бір адамның ақырзаманы.

Бірақ, жаманатқа қимадым. Дафна тірі. Ол мені күтіп жүр. Қайыра іздестіре бастадым. Ғаламторда іздейтін бұрыш көп. Әлеуметтік желілерге тіркелдім, гуглдан тапқым келді, Новосибирск қаласына қайта сапарға шықтым.

Астанадан ұштым. Үш-төрт сағатта жеттім. Көлік алып, ескі мекенжайына тарттым.

Жиырма бірінші тарау

Дафна. Енді сені көрмей өтемін. Адамның бір-бірінен адасуы оңай екен. Жеті милиардқа жетіп жығылатын құжынаған жұрт, қалың ел арасынан аса қажет бір адамды табу қиынның қиыны. Іздеп көрдім. Түрлі елдерге бардым, телеарналар хабарларына қатыстым. Аты-жөніңді жарияладым, ғаламторға салдым.

Жоқ.

Менің ғұмырым, Дафна, бір кездері жіберген қа-теліктері үшін тиесілі зауалын тартқан пенде адамның ғұмырнамасы.

Білмей, байқамай жасаған қылмыстың жазасы қылмыс жасап жатқан шақта маңдайында жазылып тұрады екен. Адам тағдырын оқи білмейді. Жалған дүние – қараңғы, ақиқат қана жарық, алакөлеңке жолы – күңгірт, іздеушілер, әркім өз үйінен, ұстаған ағашына алау байлап шығады.

От ұстағандар – сөз ұстағандар. Сөз дыбыс қана емес, белгі. Келіп түсіп жатқан мәтіндер ақиқаттың қырларын таңбалайды, әр таңбаның сөзі бар, кез келген дыбыс – түсінікті.

Қыр – жазық дала, сонымен қатар, қасиеттің өз алдына дербес бір төбесі.

Дафна, бұл әлемде әр нәрсенің сыңары бар, тақтың өзі жұп болады, бірдің екеуі қос, оңға сол, құзға шатқал, құзғынға жемтік, азғынға есті, биікке аласа, бейбітке соғыс, қалауға еріксіздік, алауға қоламта, қараға ақ, жарыққа түнек, шындыққа өтірік, жалғанға – ақиқат. Қарсыға – жақ!

Егізден – ертең, қосақтан күн мен түн ауысуы туады.

Қызыл іңірдің соңы, көз байлаған қараңғылықта, екі кештің арасында, жүз жылдық жалғыздық кешкен Габриэль Гарсиа Маркестің кейіпкеріне айналамын. Ол құйма алтындардан қайта балық құйып күнін өткізеді, мен бір сөйлемді бірнеше рет жазып уақыт өлтіремін, екінші сөйлем үнемі көкейімде тұрады, қолданып жатсам, дереу келесі сөйлемді құрастыра жөнелемін, әйтпесе іс-әрекетсіз уақыт тоқтап қалатындай көрінеді. Мен – уақыттың күзетшісімін.

Кейде, түні бойы ұйықтамай шығамын. Сенделіп таң атқанша жүремін. Ұйықтамаған – қызық. Өткен өміріңді еске аласың. Өзінен өзі жадыңа орала береді.

Көз алдыңнан кезең-кезеңімен кесе-көлденең өтеді. Балалық шақ, бозбалалық кез, жас уақ.

Шаршап барып ұйықтайтынды шығардым. Кейде таң ата көз ілемін. Үйдің төменгі қабатында, төселген кілемдер үстінде, алакөлеңке бөлмелерді ары-бері ұзақ аралап, бірден жүзге дейін санап, қайта-қайта ұялы телефонда көрсетілген сағатыма қарап, қарауытып теңселіп жүремін. Үш-төрт айналғанда есебім түгел, мөлшері жүз болады, қайыра бастаймын, түн ортасында санақтан басқа серігім жоқ, екеуміз бірге уақыт шығындаймыз.

Жұмсамаған уақыт текке күйеді, босқа рәсуа болады, осы шақта ғана маңызды, ертең мен кешенің ауысатын жері – осы шақ, уақытты жұмсамаса, осы шақтың мүмкіндігі өледі, жоба жүзеге аспай жойылады.

Бірақ, қарай берген уақыт өтпейді, ұмытқанда – тездейді.

Әредік, терезеден ай сәулесі түседі, ай сәулесі аймаласып жатқан арудың аяулы жүзіндей, кіршіксіз, эмоцияға толы, ашық. Жүріп шаршаған мезет қаланып тұрған кітаптарымды ақтарамын. Кітап көп, үйіліп жатыр, астын үстіне, үстін астына қопарамын. Компьютер – жазуға, кітап оқуға жақсы. Бұл кітаптар жас кезімде менімен бірге пәтерден пәтерге көшіп еді. Талай үйді көрді, талай қиындықты бастан кешті. Сапары студенттік жатақханадан басталды. Бөлмеден бөлмеге ауысты, қолдан қолға өтті, бірақ, қайтадан қожайынына қайтып келіп жүрді. Кітап тапшы, өзінде жоқты өзгеден сұрайтындар көп еді. Әдетте, сұрап алғандар қайтармайды, уақытын созып, үздік-создық ұмыттырып жібереді, іздегенде есіне түседі, алайда, кеш, ол астанаға көшіп кетеді не еліне қайтады, кітабыңды соңыра, кейін қонақта шалқып-тасып отырған шаңырақтан табасың, әуелі сөреде тұрған таныс мұқабаға қайта-қайта елегізіп қарай бересің, көзіңе оттай басылады, үзілісте, еттен бұрын, үлкен ас алдында, шынысын сырғытып ашып, қолыңа ұстап, көресің, жүрегің алып-ұшып дүрсілдеп қоя береді, тебіреніп кетесің, айна-қатесіз, анық сенікі, тапқаныңды, өзіндікін даулайсың, дәлелің бар, аты-жөнің жазылып тұр, еріксіз қайтарады, өстіп жүріп, тағы бір қонақта тағы бір кітабыңмен табысасың, кездеспей кетіп еді, көлденең жолықты, қарсы ұшырасты, бірақ, не дейсің, енді несі қажет, кітап оқитын жастан астың, мезгілі өтті, үйренетін уақытың артта қалды, енді естелік жазатын мерзім туды, қайдағы кітап оқу, ой түйіндейтін, опық жейтін емес, қорытынды жасайтын кезеңге келдің, қапылыс, тосын өнеге көрсетер, өсиет айтар жасқа жеттің, бірақ, кітаптарыңды қимайсың, басқаға ұстатып жіберуге обал, қаншама тасыдың, қаладың, жинадың, сүйдің, ұрпағыңа мұра, алайда, аса қымбат жәдігер көзің кеткен соң, елге, ағайын-туысқа шашылады, кездейсоқ бас сұққан жолаушыға таратылады, кезіндегі асыл қазына, бай кітапханаң әркімге бір үлестіріліп, талан-таражға түседі, орнында үйіліп бір арба қоқыс қалады.

Мұқабасы көзге ыстық, жақсы таныс бұл кітаптар көргенде қашан, қай жерде, кімнің үйінде оқығанымды есіме түсіреді. Ешқашан ұмытқан емеспін. Қай парағы қандай жағдайда жыртылғанына дейін білемін, жамаған кітаптарым да бар, желімдеп, бүтіндегенім де арасында.

Кітапхана – менің мұңым. Өлгенде қайда жіберемін, қайтіп сақтаймын деп ойланамын. Қай ұрпағыма аманат, кімнің қолына тапсырамын, тапсырған адамым қастерлей ала ма, мен тәрізді қадіріне жете ме, қасиетін түсіне ме, бағасын біле ме, қайран, заман-ай, кітапханамнан бақ тайғалы, басынан ырыс-құт ауғалы тұр екен, бұ дүниеде опа бар ма өзі.

Бауыр басқан жарамайды екен, дүниеге жармасқан, туыс көрген, қимаған – күнәнің үлкені. Рухани немесе материалдық игілік қызметін атқарып, парыз-міндетін өтеген соң, басқаның қолына өтуі керек шығар, осыған дейін бойға сіңбеген нәрсе қырықтан асып, елуді еңсерген соң, бәрібір, пайдаға аспайды, кітапты жас кезіңде оқуың керек, әсіресе классиканы, қартайғанда оқыған кітап қаламыңа да, санаңа да әсер етпейді.

Рас, кейбір түндері ұйықтай алмай, өткен өмірімді көз алдыма елестетіп жатамын.

Есіңде, таң қалды, жанары – тұнық, тостаған, меруерт көз мөлдіреп, тесіле қарап тұр. Туғанда, көргенде, екеуі бір-біріне ұзақ қарады. Кірпіктері ұзын, қасы, сірә, қарлығаштың қанатындай, әдемі. Өскенде – куә.

Қолдары – нәзік, жүзі аппақ еді. Езу тартып күлді. Бүкіл әлем күлгендей болды. Қайта – күлді. Күлкісінен жаны жадырады. Кіршіксіз періште, төңірегі де періште, ұшып өткенде, қанат сыбдырынан ән қалғандай көрінеді, құлақ түбіне бір әуен келеді, жүрек қылын шертеді.

Дүниеге адам келді. Перзенті – періштедей. Қы-лаудай қиянаты жоқ, түйірдей күнәсі бар ма, сәби – пәк. Әлемнің жарығы. Пейіштің нұрындай, пенденің ұрпағы, кісіліктің алды, екі мейірімнің түйіні.

Өмір қуанышы. Балалық шақтан басталады, кәрі-лік жасында аяқталады. Бірақ, ән тарқамайды. Қаптап ұшқан періштелер қанатынан ән төгіледі. Қанатын қағып-қағып жібергенде, қапталынан сырғып құйылып келе жатқан қобыздың үні естіледі.

Періштелер қанатымен қобыз тартады.

Бала дүниеге таңырқай қарайды. Ертең бар өмі-рі таңырқаумен өтеді. Бірақ, таңырқап кететінін білмейді.

Қазір – тостаған көзінде ақыл-ес, тоқ көңілінде сана-сезім жоқ. Көрмейді, түсінбейді, танымайды. Тауып алған нүктесіне қадалады. Тесіле ме, телміре ме, белгісіз. Тұтқасын таптым деп ойлайтын болса керек. Кірген есігі жабық, шығатын жолы қашанда ашық.

Сүт иісі анасы қасында екенін білдіреді, алыстағанда бейтаныс, жат әлемде жалғыз қалып қойғандай қобал-жи бастайды, жылап тіл қатады. Омыраудан аңқыған жұпарды аңсайды. Төсін іздейді – баланы бұ дүниеге ана сүті байлап тұр. Сүт – асы да, асылы да, асмары да.

Қатты жыласа, қайта тақайды, сөйлегенде – кет-пейді. Не сөйлеп жатқаны бір өзіне ғана мәлім, өзге білмейді. Бірақ, әлімсақтан тылсым сырын ашып келе жатқан данышпан – жаңа туған нәресте. Туған сайын ашады. Ұлы сезімдер жас ұрпақпен қайта туады. Бұл да тіл. Сөздің, білімнің бастауы. Кенет, кездейсоқ күбірі үнге айналып, қатты шықса, өз дауысынан өзі шошып кетеді.

Жылағаны – күлгендей бақыт. Күлгені – дәулет. Бала – ырыс. Байлық, әмір иесі. Тәнге дауа, жанға емші.

Дүниені танығанда, тілі шығады. Тілі шыққанда, жан-жағын айнала қоршаған затқа, көрініс тапқан құбылысқа ат қояды, атау – түсініктің нәтижесі, таным жемісі.

Жүргенде, кеңістігі ұлғайып еді. Көлікке мінгенде, жылдамдықты аңғарады. Бала танымы күннен күнге өсті. Күніне жиып-тергені жылына оқып-тоқығандай болды.

Күн қозғалысынан уақытты байқады. Көлеңке көлемі, ұзынды-қысқалығы мезгілді көрсетті. Ең үлкен көлеңке – түн, ең көп қозғалатыны – адам. Бейнеті асқан адамның тіршілігі де тынымсыз.

Адам – көшпелі көлеңке.

Түнде тіршілік тоқтай ма, жоқ па, түнгі жұлдыз-дарға қарап білді. Ғарышта тізіліп меруерттей жар-қырап тұрды. Ол екінші өлшемге шықты. Әлемде Жердегі тіршіліктен басқа, мүлдем басқа өмір бар екенін көрді.

Қуыршақтай еді, құрбыдай болды. Түсінігі қалып-тасты, танымы кеңіді, қуанышы көбейді. Көбейген қуаныш жылдар өте келе азая беретін көрінеді.

Қайғы көбейгенде, жас та ұлғаяды. Кәрілік аңдып жүріп, қай жағыңнан шыға келгенін білмей де қа-ласың.

Қыз атанғанда, махаббаты оянды. Біреуді жақсы көретін болды. Біреу оны жақсы көретін болды.

Жиырма екінші тарау

Ойлап жүрген, өзге жанға аманат ретінде тапсырған, бірақ, мойнына жүктеп, алдына тартқан, парыз ба, міндет бе, борыш па, атауы көп, орындалатынына күмәнім бар, өлген адам өмірде жоқ, тән мен жанды бойына байлаған дене өмір сүруін тоқтата ма, белгісіз, жабық есік, Камю, Достоевский, жауапкершілік қадағалаусыз, ренішін білдіруге мүмкіндік, саңылау, ойық, терезе қалдырмаған, бітеу, байланыс үзілген, біз кеткенде, жүздеспейміз, екі дүниеде кездесе алмай, торыққан пенде топыраққа, топырақ жерге, жер ғарышқа айналып барады.

Жылдан-жылға қалыңдайды, шаң-тозаң көбейіп, ұшып та жатыр, қонып та жатыр, Дафна, қайда екен, біз, космостың жентек-жентек, түйдек-түйдек, кеше жаратқан, ертең қайта қауышатын балшық, сазынан жаратылғанбыз. Саздың сыңар атауы – музыка.

Әлемнің музыкадан басқа құндылығы жоқ. Дүние музыкадан жаралған, адам оның құлағы, Тәңірі ақыр-заманда жаратылысты сақтап қаламын десе, онда, мүмкін, ғаламды сол музыка үшін сақтап қалуға бұйырады.

Музыка – әлемнің жұмбағы. Адамға қайдан берді, пендеге қайдан келді. Өз басын әзер сүйреп жүрген адам баласы бойына Құдай бақ қондырды. Бұл – Құдайдың адамға деген ең үлкен марапаты.

Кейде маған бүкіл әлем ән салып тұрғандай көрінеді. Құдай адамды музыкадан жаратқан. Құдай адамды махаббат музыкасынан жаратқан. Әннен жасаған.

Жасаған Иенің мейірімі – музыка. Пенденің пейілі – музыка. Өмірдің қозғалысы – музыка. Әлемде қоз-ғалыссыз объект жоқ. Тыныштық салыстырмалы, тынысы – демі, демі жүрегі, жүрегі – өмірі.

Тоқтамайтын, аялдамайтын, кідірмейтін музыка.

Әрі ойлап, бері ойлап, Дафна туралы роман жазуға отырдым. Ішімдегі өрт, жалын атқан қайғы-шерді басудың анық жолы осы секілді көрінді.

Бастапқы тарауларын тез жазып тастадым. Бала кезім, жастық шағым, Дафна жайлы бөліктері тұтас-тұтас оңай жазылды. Сосын, қаламым тоқтады да қалды. Не жазарымды білмеймін. Ішім толы сағыныш. Қалқатайды аңсаймын, роман тек сағыныштан тұруы мүмкін бе, ақыры Дафна туралы не ойлаймын, соны қағаз бетіне түсіре бастадым.

Бұл ұтымды шешім болды, екі аптаның ішінде айтамын деген жайттарды бірін қалдырмай түгел жазып шықтым.

Бірақ, қайтара оқығанда, жазғаным өзіме ұнамай қалды. Кедір-бұдыр сияқты көрінді. Тым сезімтал, қайғы, налу көп. Мен шығармада мұң шаққым келмеді, ешкімді кінәлағым да келмеді, біреуден жәрдем сұра-ғым келмеді. Қаһарман образ сомдағым келді.

Компьютерден өшірдім де тастадым.

Енді жаза алмай қалдым. Өшіріп тастағаныма өкіндім.

Жиырма үшінші тарау

Үстел басында күні ұзақ отырамын, алайда, қала-мым (клавиатура) жүрмейді. Мүмкін, қызығы өтті ме, маңыздылығы жойылды ма, сағынышым басылды ма, әлде айтатын ештеңем жоқ па деп ойладым.

Таң ата тұрып та көрдім, түнде жазып та байқадым. Әлде, шаршадым ба екен, адамның өмірде бәрінен шаршайтын кезі болады екен. Ештеңеге зауқың соқпайды, ештеңе де алаңдатпайды, бірде, елге барғанда Қайрат айтты:

– Хафиз, неге үйленбей жүрсің?

– Дафнаға ма?

– Жоқ.

– Енді кімге?

– Жалпы.

– Мен Дафнаға үйленемін, оны, бәрібір, бір күні іздеп табамын.

– Бір күні іздеп тауып, қабірі үстінен шықсаң ше?

Үнсіз қалдым. Сілтідей тыныштық орнады, ауылға кірген машинаның дүрілі естілді, орталық жолдан түсті, көшеге бұрылды, жарық қосты, мен оның бетіне қарадым:

– Онда ешқашан үйленбеймін, – дедім.

Енді ол үнсіз тұр. Көзімен жаңағы машинаны із-дейді.

– Тез үйленіп ал, әйтпесе бірдеңеге ұшырайсың.

– Оны қайдан білесің?

– Рас. Білемін.

– Көреміз.

– Әйелі жоқтың жортуылы көп болады.

– Жастық шақтың, сән-салтанатының жалғасы.

– Енді жалғыз жүргенін жараспайды.

– Тағы бір-екі жыл іздеп көремін, сосын, тағдырын Құдайға тапсырдым.

– Ішпейсің бе?

– Ішемін.

– Доғар. Мына жағдайыңда сені орға жығады.

– Жарайды.

– Бәсе, түрің бұзылып кетіпті.

– Иә.

– Дафна жақсы еді, тапқаныңша ізде, кеудесінде жан болса, ол сені күтетініне мен кәміл сенемін.

– Құдай жар болсын!

– Қашан қайтасың?

– Ертең.

– Онда жүр, Дафна тұрған ескі үйдің орнын көріп қайтайық.

– Шам бар ма?

– Иә, үй жоқ, бағаншам тұр. Төңірегі жап-жарық.

Біз ауылды аралап, қараңғыға сіңіп бара жаттық. Қараңғыда күбір-күбір дауысымыз ғана естіледі. Күндіз Дафнаның құлаған үйі төмпешік болып алыстан көрініп жатады. Біз сылбыр аяңдап, тақап келдік, жанған шам жарығын соққан жел ақырын қозғап тұр. Топырақ арасынан көшенің аты мен үйдің нөмері каллиграфиялық әріптермен жазылған тақтаны тауып алдық. Жартылай көмілген қаңылтырды бір жағынан тартып қалып едік, тұтас суырылып шыға келді. Ескі диванды көрдік. Көзіме оттай басылды. Шаң-тозаң астында жатыр. Үйіндіні қазса, Дафна қолданған біраз тұрмыстық заттар шығатын сияқты.

– Жүрегің ауыра ма?

– Иә.

– Қиын.

Менің тамағым түйіртпектеліп кетті.

– Біртүрлі күй кешесің.

– Сағыныштан. Кәнизак еді, текті қыз болатын.

– Рас.

– Еһ, Хафиз, Хафиз,

– Бағалай алмадым.

– Бағалай алмадық.

– Иә.

– Екеуіңнің үйленгендеріңді қалаған едім.

– Бүкіл ауыл жақсы көрді.

– Неге хабарласпай қойдың?

– Білмеймін.

– Сүйесің бе?

Мен Қайратқа қарадым. Ол маған қарады. Екеуміз бір-бірімізге қарап тұрдық,

– Өкінішке қарай – сұмдық жақсы көремін.

– Тарықпа.

– Иә.

– Егер, мен білетін Дафна болса, ол сені күтіп жүр.

– Шын айтасың ба?

– Шын.

– Онда, тағы іздеп барамын.

– Ізде.

– Іздеймін.

– Ол іздеп өтуге лайықты адам.

Кейде, қай қалада жүргенімді ұмытып қалатынды шығардым. Түнде қарауыл қараймын, күндіз босаға күзетемін.

Жиырма төртінші тарау

Ел жын шалған жоқ па деп, күдіктене бастады. Санамдағы дүние өзгерді, ғалам пішіні бұзылды, жаңа үлгісі қалыптасты, әлем төңкерілді. Мен бірде жиын-тойда:

– Ағайын, ғылыми ізденістер табыстан табысқа жетіп, техникалық мүмкіндіктер ұлғайды, – дедім.

Қонақта отырған жұрт аң-таң,

– Бұрын өлшеуге көнбеген ұзындықтардың, кесін-ділердің, сәулелердің хал-ахуалын, жай-күйін жазып алу жолдары, амалдары жаңа технологиялық биіктерге жетті, есебі жүргізілмеген шет-қиыры жоқ шексіздіктер, кеңістіктер, күрделі жұмбақтар, терең құпиялар тезге тартыла бастады.

– Хафиз, төрлет, жоғары отыр.

– Жан салмағын өлшеп көрдік, әлемнің көлемін анықтауға ұмтылдық, құдыреті күштінің ұлылылығын байқап үлгердік, иман әсерін тіркеп алуға тырыстық, бірте-бірте Алла тағала ықпалын аңғартуға, аңғарғанды сездіруге, сездіргенді көлденең, көлденеңді тура тар-туға көштік, жоқтың бар екеніне көз жеткіздік. Сонда, аңдап қалдық, Құдай ықпалын көрсек те, ізін таппаймыз, бар десек те, жоғына куәміз.

– Қонақтардың мазасын алма, Хафиз, – деді біреу, – қымыз ал, ет келді, тізе бүк.

– Рухани күштің өлшемі жоқ екен. Өзін көрдік дегеніміз Өзі емес, сөзі, сөзінің өзі тікелей емес, жанама жеткен өсиет.

– Рас, ақиқаты тура, алайда, айтпағына дүйім елге түсіндіріп тәптіштеп беретін ақылшы керек.

– Дәнекер – Пайғамбарымыз, салл(A)ллаһу әлейһи уә сәлләм.

– Иә.

– Бойына қасиет қонған тәуіптер жайына айтарым: Жасаған Ие дерт берсе, дауасы да қоса жүреді. Бір жерде, бір күйде,бір жолда (амалда).

– Жалпы, емшінің ем-домы – ықыласында. Ықы-ласы түссе, бәріне ем табады. Сондықтан, Құдайдың ықыла-сын күтеміз. Жағынамыз. Сосын, жазыламыз. Көп ретте.

– Рас, пендешілік жолдан әулиелік жолға ерте бұ-рылады. Әрине, көріпкелдік Алла ықтиярымен, Құдай тағала қақымен, емші өзін қарапайым дәнекер көреді. Тә-ңірдің тілегін жеткізуші, науқастың жанға батқан сырқатына ем-дом сұраушы. Екі арадағы дәнекер...

– Тілектің орындалуы тілеуқордың жолы ақты-ғында, бес намазы түгел де түген екендігінде, – деді бір қонақ, – әрбірден соң, ниетінде. Қазақ жерінде, алаштың әр тауында, Әулие үңгір бар, қасиеті ашылған, сол бір жайма-шуақ жазда не қыста, таңғажайып дүниелер жұрттың көз алдынан өткен, қызық-қуанышқа толы, жомарт ғасырда, ұсақ шоқылы Арқа жерінде тағы бір қасиетті нүкте пайда болады.

– Бүгінде, қырда қымтанып жатқан тау аталар мен елді мекендер арасы – қара жол. Сапар толастамайды, көлік тоқтамайды, сырқатының емін сырттан іздеген, халық емінен көрген бейбақтар қысы-жазы тау маңайынан табылады.

– Әдетте, бақсы-балгер емшілік жолын Түркіс-тандағы қасиетті кесенелер, киелі орындарды аралаудан, аруақтарға зиярат етуден бастайды. Алыстан күмбездері жарқырап көрінген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тақап қалған көштің, жиһангер елдің жан сарайына нұр құйып, санасын сәулелендіреді. Арыстан баб шуағына көміліп қайтады. Сапар Қорқыт, Қойлыбай атаға ұласады. Бұл өңір бодандықтан бой тартқан Абылайхан балалары күресімен де атақты: Қасым сұлтан, Саржан, Есенгелді, Ержан сұлтандар, Кенесары хан, Сыздық төре, бәрі қазақ үшін алысты, алаш тәуелсізідігі жолында шейіт болды. Бұл өлкеге келген адам қанаттанып оралады. Емші – оқыған-тоқыған адам. Тұлға. Ең әуелі, Құран білгірі. Ел тарихын құлағына құйып өскен кешегі зерек шәкірт, ерек немесе ерен тұлға, бүгінгі сергек ұстаз.

– Қалт жібермейді. Сұрағанға жауабы әзір, өзінің де сауалы көп ізденімпаз діндарман.

– Жаратқан Құдай туралы, періштелер жайлы, аруақтарға деген құрмет-ізет хақында талай-талай дәріс оқыған, әңгіме шерткен, шежірені діни санаға, ақыл-есті тылсымға байлаған сұңғыла.

Жұрт ұйып тыңдады. Мен сыртқа шығып кеттім. Есалаң құсап... Дафна тұрған үйге қарай жүрдім. Сол баяғы қираған қалпы. Терезе жақтаулары көзсіз, үй қисайғанда әйнектері шытынап сынып кеткен. Езіліп, бүктетіліп, шашылып...

Жиырма бесінші тарау

Сырлы көк бояуы оңып, жиырылып, сынып, жаң-қаланып түсіп жатыр.

Әлбетте, пенденің қалағаны – ризық. Ризық бейнет жолында, мехнаттың түбі – ризық. Ырыстың алды – еңбек. Еңбекті азапқа айналдыратындар, шын мәнінде, оның бақыт екенін, қуаныш екенін, құт екенін білмейтіндер.

Себебі бар: еңбек дегеніміз адамға аса қажет, кісі шексіз тәуелді, рухты көтеріп алып жүретін әрекет, күш, дәстүр. Күштің өзі рух!

Ар-ождан, есті сана, сағыныш пен жұбаныш атаулы дене бойында емес, дене бойында туатын бір сәттік, үнемі өзгеріп, қайталанып тұратын, рухани құбылыстар, сана жарықтықта тоғысатын, көрінетін, әсерін байқататын бүтіндер, немесе, бәлкім, дәлірек, психикалық тумалар, өмір дегеніміз тірілік, импульс-толқындар, тірлік/тіршілік – екінші төмен саты, салдары.

Импульс-толқындар самалдан басталады. Жайлап соғады, қозғалтады, қажетінде қопарады, керегінде әлсіз өтеді. Құйын да, тыныштық та бола алады.

Өзін-өзі қозғап тұрмаған күштің тыныш жағдайда өмір сүретін қуаты жоқ. Кез келген объект өз уақытымен келе жатса да, жылдамдығын абсолюттік тұрғыдан тани алмайсыз, оның лездігі салыстырмалы түрде ғана беріледі, айқындалады.

Демек, осы ой-толғаныстарды сараптап көрсек, бір тамаша тұжырымға тоқталамыз; өмір дегеніміз дем.

Құдайдың үрлейтіні есіңізде ме, сыңғырлап кепкен, қаңсыған топырақтан адам жасап, дем береді. Бұл дем жүз жылға, тіпті, сан ғасырға созылуы мүмкін.

Адам дәм-тұзы таусылған соң емес, демі біткенде дүние салады. Өлім аузындағы пендеге дем салудың мағынасы да сол: өз демімен бөлісіп, өлімді тежей тұруы керек. Даты бар!

Атау-кере – бір ажалдың аяғы, бір ажалдың басы. Екі түрлі ажал. Бірі ақырын айқындайды, бірі қайнарын белгілейді. Адамның ақыры ақырын келеді. Демі ішінде, ол – өлейін деп немесе біртіндеп өліп бара жатқан пенденің демін бірсін-бірсін жұтып, тұншықтыра бастайды. Бірақ, бұл тұншықтырудың жөні басқа: адам тұншықпайды, оның демі үзіледі. Бұ дүниеде тұншығады, о дүниеге аттап, аттанып келе жатқанда тынысы тоқтайды.

Құдай берген дем – ғұмыр. Көпке жетеді. Пенде оны көп жұмсайды. Бір деммен салмақ та көтереді, жүк те артады, ауыртпашылық та теңгереді. Құдайдың демі естілмейді. Кісі алқынғанда, демді көп сұрайды. Сабыр – демнің үнемшісі.

Дем жаратылыс бойында өмір сүреді, жаратылғанда кіреді, жаратып мөлшеріне жеткенде, жаратылыс бойынан шығады. Демнің қуаты таусылғанда, Құдайға қайтады, пенде бойында қалып қоймайды, сондықтан біз жанды көрмейміз. Жан – демнің көрінбейтін көрінісі. Тірісінде, жан дем алып тұрады, өлісінде – білмейміз, о дүниеде қандай сапар күтіп тұр, біз оны білмейміз.

Сондықтан, емшілер үшкіріп емдегенде Тәңір құдыретіне (Алла) еліктейді, бірақ, ем қона ма, жоқ па, Жасаған Ие қолында, ем-дом деген сөздің өзінде дем ұғымы жатқан сияқты көрінеді.

Дүниеде артық дем жоқ, демнің бәрі өлшеулі. Өл-шеусіз дем Алла тағалада ғана.

Тегінде, дем бар жерде ғана өмір бар. Деміміз таусылмасын.

О дүние де, бұ дүние де шексіз.

Дем – күш. Демнің әлсізі – құйындай шығар, кім білсін. Бірақ, дем тыныш қалпында да қуатты. Тыныш жағдайдағы күштің күші – орасан зор. Орасан зор да емес, шексіз орасан зор.

Бүкіл әлемде, ғарышта, тіпті, ғаламның түрлі ке-ңістігінде (ірі масштабты физика мен кванттық физика) күш бар. Бәрі күшке бағынған. Біз қайда барсақ та, алдымыздан күш шығады.

Бірде, дем күйінде, бірде, қуат түрінде. Екеуі де шексіз... алайда біздің қарамағымыздағы, қол жететін дүниенің бәрі шектеулі, демсіз. Демді Құдай береді. Бізді Құдай ғана демейді. Де, деме – дем еді, демеді...

Мен кері қайттым. Келе жатып құладым. Есімді жиғанда, төсекте жатырмын, бәрі күбірлеп сөйлеседі. Бір келіншек тіршілік белгісін білдіре бастаған мені байқап орнынан тұрды.

Жиырма алтыншы тарау

Қападар жүзіне босағадан жарық түседі, түскен шақта көзінде – нұр. Көңілінде – жеті түн, тылсым, жұлдыз, сосын, шексіз аспан.

Тор бөлме іші – алакөлеңке, білте шам сығырайып жанып тұр. Өлеусіреген көмескі жарық жан-жағына әлсіз тарайды. Емшінің қолы жылдам, алдына еңкейіп, төсек тартып жатқан мені әрі-бері аударыстырып, аяқ-қолымды шығарып алып, бірде жоғары, бірде тө-мен, кейде өзіне тартады. Сырқатым күшейген мені аунатып-қунатып алғанда, қайыра аяқ-қолымды бауырыма жинап, қозғалмай қаламын. Кейде сандырақтап кетемін.

Шипагер қолына құтыдан май құйып, кө-мектесіп тұрған жас тәлімгер ұстазына болысып, ауыр науқас-танған мені ту сыртымнан, мойын омыртқамнан бастап өкшеме дейін түгел майлап шығады, сосын, бар күшін салып қайта ысқылайды. Буын-буыныма келгенде ауырсынған дыбыс шығарамын, қиналғаныма қарап жатқан жас емші жоқ, араб тілінде, қазақ тілінде сүрелер оқып, аяттар айтып, бір Тәңірден көмек сұрап, төңірегіне құптап қарап-қарап қояды.

– Апа, қойдың терісі дайын, әкеле берейік пе дейді.

Үнсіз.

– Дерті асқынып кетіпті.

Пештен қу ағаштың сытырлап жанғаны естіледі. Әредік, шырпы атады, сосын, бір-біріне ілініп тұрған отын сау етіп төмен құлайды. Жас тәлімгер отынды үстемелеп қояды. Қуықтай үй – торғайдың ұясындай, оқшау тұрған жеке жай, шағын лашық. Ниет ақ болсын, бүгін шипа қонатын күн, Алла қаласа, төсектен тұрып, жүріп, сауығып ке-туім тиіс.

– Кіргізсін.

Хан үкіміндей үні баяу шықты, әр сөзін аңдып жүрген жұрт лезде сапырылысып кетті, есік ашылып-жабылды, білте шам көбейді, жалыны жанынан жылдам өткен жұріс-тұрыстан, белсенді қозғалыстан жан-жағына жалп-жалп құлайды. Ел шапшаң, ыдыс-аяқ ағылып-төгіліп келіп жатыр, табақта есеп жоқ, кісі де толған, бәрі жанашыры, қамқор, алаң жұрт, шағын үстелді көздеп сорпа, жас саумал, ақырған қымыз, жал-жая, қазы-қарта, шұжық, қуырдақтың түр-түрі кезек-кезегімен тасылып, тасымалданып жатқанына қарап, бала жігіт мен танырқап, тамақпен емдей ме, деп ойлап қоямын. Өз ойыма өзім күлемін. Кенет ішіндегі ең әлдісі, балуаны мені көтеріп алды, емші бұйырып тұр, нұсқауы қысқа-қысқа, науқасты қой терісіне тыр жалаңаш жатқыз, деді, үсті-басын тағы жылылады, асты бергізбеді, соңыра, әйтпесе дәретке тұра береді.

– Қалқажан, сен оқи ғой.

– Жақсы.

Тегіс дастарқан басында. Ет үстінде әңгіме тиегі ағытылды, аймақтың тарихындағы барлық тәуіп еске түсірілді, жекелеген әулиелердің тылсым дүниелері, әрекеттері, ем түрлері айтылды.

– Қалайсың, жақсысың ба, – емші ақы-рын күлді.

– Терлеп жатырмын.

– Қазір тұзы кетеді.

– Суығанда ауыстыра ма?

– Жоқ, суымай тұрып.

Ол алаңдап қалды. Ауыстыратын киімі дайын ба екен, жылы ма екен, күзетте кім.

– Cізге рақмет, – дедім.

Емші қайта күлді.

– Тәуір боп кетесің.

– Кәдімгідей ме?

– Кәдімгідей.

Кенет көңілім көтеріліп қалды. Емші орнынан тұрып еді, қарбалас қайта басталды. Тіпті, адамнан бастап жансыз заттарға дейін қозғалысқа келді. Бәрі асығыс, байсалды, үнсіз. Артық ауыз сөз жоқ. Мәселеге байланысты ғана дауыстар шығады. Бұйрық түрінде түседі, түскен бетте орындалады. Жүздері қараңғы, жүгіріп жүрген кезінде жарықтан бірін бірі көлегейлейді.

От жанып жатыр. Қу ағаштар қозып жанады. Біреуі отқа жауапты. Пеш алдында от аңдып отыр. Ертең таң ата, елең-алаң мезгілде науқасты, мені Күнге қарата, сәлем бергізіп, тізе бүкітіріп, бас игізеді.

– Армысыз, Күн!

Күн күтеді.

– Ару Күн, армысыз, – деймін тағы.

Күн де амандасады. Солқ етіп түсіп кете жаздайды. Қалт тұра қалады да, аспанға өрлейді. Түстен кешікпей, тас төбеде тұруы керек. Оның қолы бос емес, жүретін жолы ұзақ, сапары қашық, кешігіп жеткені көрініп тұрады. Қашанда ел арасында, халық ішінде.

Ойладым мен осы Тәңір жарықтық Күнге айналып кетті ғой деймін. Сабырлы болса, онда нақты Күн, жүзі нұрлы болса да, сол. Сәулелі құдай тек Тәңірі ғана. Хақ Алла қадым заманнан көрінбейді, көзге түсетін – жаны ашитын, шипасын жіберген біз-дің Тәңірі.

Тәңірге Алла жар болсын!

Мен жартылай жалаңаш омырауымды Күн нұрына тосып, жалаңаяқ шалғын кешіп келе жаттым. Қасымда – емші, жас тәлімгер, сосын, түні бойы от көсеп шыққан қойшының бейнетқор баласы.

Ем болсын, десті бәрі.

Мен жүгіре жөнелдім. Көкжиектен рауандап атып келе жатқан қызыл Күн астынан көріндім. Күн – үлкен. Діттеген жеріне тез жеткеніне сенбей, әрі қарай, тоқтамай, біраз шапқылап, көз ұшында қарайып ұзап бара жаттым. Тіпті, қазір Күн астына кіріп, жоғалып кететін тәріздімін. Күнге жеттім. Жан-жағымнан шұғылаға көмілдім. Кенет Күннің өзі алдымнан бетпе-бет қарсы жолықты. Қырқаны аса беріп, тағы нұр шашып көрінді.

Бір жағында – қыр гүлдеріне толы жыра-сай, жылға-жүлгені жағалап өскен қалың қау, көк шалғын, биік, бітік, екінші жағында дария көл жатыр екен, деймін. Төңірегі... тау-орман, кең жазира өлке, шалқар дала, күркіреген өзен, қабақты, ұзын, ағысты.

Жиырма жетінші тарау

– Оян, түс көрдің, болды, далаға қара – бұның бәрі...

– Бұның бәрі – сен үшін.

Мен қайта ұйықтап кеттім. Түсімде Тәңірді көрдім. Бірінші рет.

– Армысыз!

– Қайырлы таң!

Көп нәрсе айтқым келіп еді, қапелімде есіме ештеңе түспей қойды. Тәңірі жоқ болды.

Жарқ етіп келді, жарқ етіп кетті.

Айтатынымды қойшы, сұрайтыныма – обал. Бұ дүниеге қажет о дүние бар ма екен өзі? Әлем – жұптық ұстынға тәуелді. Екі-екіден өмір сүреді. Қосарланып. Жұптың бірі жақ, бірі қарсы. Екі тақ – бір жұп.

Тақ сан – Құдай ғана.

– Күн жалғыз емес, – дедім мен, – бір жақта Айы бар.

Мен кері жүгіріп, Күн астынан шықтым. Тәңір де сыңарлы. Бәрі бір Алланың қолында.

Түсіме, жалбарынып жатырмын. Жерде, топырақта тізерлеп отырмын. Тәңірім! Оның түркі аты мәңгілік болсын. Әулетін көлігіне тиеп, көсемі алдыңғы түйені бұйдасынан жетелеп, керуен тізбегіне өрелі кілем жауып, түлігін қаптатып табындап өргізіп, Батыстан Шығысқа қарай салқар көш түзегенде, көк теңбіл биіктен ару Күн шұғыла шашып, қарсы алдынан жолықсын. Қолын төбедегі күмбез аспанға қаратып жайған көк бөрі заузаты қолдау тапсын сенен, Күн. Елдің түркі аты өшпесін.

Біз сақарада Құдайдың белгілерін көрген ескі заманда өмір сүрген жоқпыз, бірақ, иманды таныдық. Таң іргеден атқанда, Тәңір көрінді, кеш батқанда, көзден тасаланды. Бала кезінде адамзат барлық күшке табынды, алайда, сол құдырет көп жұрттың арасында жүр еді, уақыты келген жоқ, жаңа низам, терең сенім өз тура жолында, түпкі мақсат образында біздің дәуірге келе жатты.

Ұлыға иланған кез еді. Көшеге пайғамбарлар шық-ты, бірақ, көштің бағыты өзгерген жоқ. Он сегіз мың ғаламды жүз жиырма төрт абыз басқарды. Тәңірдің сөзі таңбаланды, тағдырдың пешенеге жазғанын адамзат екі ғасырдан астам уақыт үңіліп оқып келеді, мүмкін, үш, төрт, бас ғасыр, кім біледі, танық кезең таныс мезгілден әлдеқайда көп.

Бетпақ түздің Тәңірден Аллаға қараған мерзімі туды. Тәңірлік ұғым-түсініктер бойымызда қалды, ойымызда тұрды, архетипке айналды, рухани негіздің үстіне ислам нұры қонды, сәулесі түркі ұлыстарына, қыпшақ даласына шашырады, оғыз Хазар теңізін айналып, Анадолы өлкесіне, Византия жеріне жетіп, Константинополь түбіне шатыр тіккенде, қаптаған жорық күркелері маңдайшасында, найза бойы, көк байрақтарға жасыл жалаулар араласып, желмен сытырлап, желбіреп тұр еді.

Жиырмы сегізінші тарау

Ұлы дала перзенті, Шыңғыс хан немересі, Жо-шының үшінші ұлы, Бату ханның туған бауыры, Алтын Орданың айбарлы билеушісі, Бейбарыс сұлтанның одақтасы, Берке хан сақарадғы тұңғыш мұсылман еді, бағынышты елдер ислам, шариғат талаптарына мойынсынды.

Тұран өңірі Тәңірден Аллаға өткен өткел – Шыңғыс хан жорықтары, шапқыншылық жолдарында жатыр, өзге діндегі ұлыстар, өз пұттарына табынған тайпалар бірте-бірте мұсылман үмбетін құрады.

Сайыпқыран қаған немересінен басталды, әкесінен жұқты, атасынан аруақ бітті, жын-шайтанды жеңді.

Ұлы Тәңірдің уақыты өтті, бірақ, мәні қалды. Бойымызда рухы, санамызда мағынасы, жөн-жоралғыда мазмұны тұр. Ғасырлар бойы көшпелі жұртқа сүйеу болды, жаңа асыл дін келгенде, қарсыласпады, қай-шыласпады, санадан ауысып, түпсанаға көшті, рухымызға тереңдеп сіңді, жанымызды ислам әлдиледі, тәнімізді тәңірлік дәстүр үш күн үйге қондырып, отбасымен қоштасуға ерік берді, қара жерге арулап қойды, басына тас орнатты, төрт құлақ бейітін көтерді, марқұммен байланыс үзілген жоқ, жеті күн аза тұтты, қырық күн ойын-сауық тоқтады, малға қара белгі тағып, сырыққа қара жолақ байлады, жылқыдан құрбандық атап, жал-құйрығын қырықты, шыныға алаша ілінді, айнаға кілем жапты, өлік шыққан үйден ешқайда соқпай, тура өз үйіне тартты, өлім әкелуге, қаза таратуға болмайды, жылында тағы көрісті, асында қара шешілді, арнаулы мал сойылды, қайғы тарқады, әулет шерден айықты, жоқтау іште, жаназа сыртта, жамбасы жерге тиген соң, Құран аяттары үздіксіз бірінен соң бірі оқылды, жылдың өтуі қазаны жеңілдетті, ағайын-туыс қайғыны бөлісті, сауын айтып дүйім жұртты шақырған ағыл-тегіл асы қаралы күндерді аяқтады, енді қапаға орын жоқ, жарты толды, ауыл-аймақ, сынық жазылды, үзік жалғанды, жыртық жамалды, десті, ойсыраған, үңірейген, өмір заңы, бауыры бүтін ел бар ма, жаратылысы осы, адам табиғатынан асып қайда барады, бүгін туды, ертең өлді, елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан.

Байыған Күннің бетін жасырып, ай жарығында қара домбырасын ұстаған қазақтың қоңыр мінезді табиғатын түн ашады. Қазақты мақпал шымылдық жамылған түн баласында көр, әдетке сіңген салт-дәстүрі қоныс аударған, тегі, көш тоқтатқан мезгілде нақты мән-мағынасын, анық мазмұнын табады. Киіз үйдің түнде жаны кіреді. Құсжолындағы шоқ жұлдыздар шаңырақтан моншақтай үзіліп көшпелі қыздың уысына төгіледі, әсемденіп жіпке тізіліп білегіне байланады, мойнына тағылады. Қиық ай – әшекей сырғаның бедерінде, көкжиектерді қосқан күмбез шатырлы түпсіз ғарыш киіз үйдің өзін береді. Қазақ тіршіліктің қайнар көзі – болмысты – киіз үйдің ішіне жинайды. Болмыс дегеніміз – киіз үйдің көрнекті нұсқасы, үлгісі.

Түркі дүниесі. Көшпелі жұрттың бар болмысы – тілінде. Мәдениеті не жыраудың толғауында, не жылқының бітімінде. Жылқы ұстау өнері – көшпелі мәдениеті. Жылқы – қазақтың символы.

Наурызда басталған көш қараша қаздар қайтқанда аяқталады. Қыста көшпелі қазақ отырықшыға айналады. Қыстауды қай жерден қиып аласың, сол жер сенің атақ-дәрежеңді аңғартады. Суы мол қоныстың сұрапыл қатты боран соққанда паналатар ықтасын қырат-қырқасы, жота-жоны, қалқасы болуы керек. Жел ауылға соқпауы қажет, ұйтқыған қар үйге табалдырықтан кеулеп енсе, ауылдың теріс қонғаны анық. Ауылдың бақан тіреп, шаңырақ көтеріп, кереге керетін, киіз үй тігетін орнын жайылған мал көрсетеді. Қай тұсқа иіріліп жатады, сол тұсқа қазығыңды қақ.

Көшпелі тұрмыс иесі – жанкешті. Қазақ ауылы көш тартуға да, майдандасуға да, қонақ күтуге де қолайлы. Белсенді күн кешуге бүкіл жағдай бар, таңертең майданға шық, түсте мейманыңды қарсы ал, кешке тынық Таң мен аласұрған Танайға дейін көшіп кет. Көшпелілік – жауынгерлік мәдениет.

Өмір де, өлім де – көшпелі сана ағыны, көшпелі ой арнасында – басқа межеде өлшенеді және қос ұғым-түсінік бетпақтың шет-қиыры жоқ аумағын шексіз ауқымдайды. Ажал табан астында жатқан топырақта емес, бұйрық – киіз үйдің сыртына – аспан белтүстігіне шығып, аруақтар әлеміне көтерілу тәрізді.

Жиырмы тоғызыншы тарау

Қазақ әлемді киіз үйдей көреді. Ол үшке бөлінеді: жеті қабат жердің асты, дала – киіз үй, сосын алты қабат аспандағы жұлдыздар немесе аруақтар мұхиты. Тік шаншылған құрық бойы бәрінен жоғары тұрған – Тәңірі, көктегі Тәңірісі. Әр адамның аспанда өз жұлдызы болады. Көшпелі – өз жұлдызының жер бетіндегі көлеңкесі. Қазақ “жұлдызы жанды” деп табысқа жеткен адамды айтады. Бірбірін жақтырмайтын өш жандарды “жұлдызы қарсы” деп жатады. Айырылысқан ерлі-зайыпты “жұлдызы жараспағандықтан” бірге тұра алмады. Жұлдыздың сәулелер арқылы жазықтыққа түскен кескіні, проекциясы – далалық. Ағып түскен жұлдызды көріп қазақ жақсы адамның дүниеден озғанына қамығады. Абай – қазақ халқының маңдайына біткен “жарық жұлдызы”. Жұлдызға қарап, уақытты анықтаймыз, олар “жамырай” жанады, қонып отырған ауыл сияқты. Жұлдыз бір тәуліктегі өмір емес, тұтас бір жылдың, бір дәуірдің шаруасына, қаракетіне араласады. Көшпелі Сүмбіле туған соң, суға түспейді, енді малдың жайылымын, отын ауыстырған жөн, көшіңді түзеп, жолға шық, киіз туырлықты қазақ. Шолпан жұлдыз туғанша... ұзақ күткен жақсылық пешенемізге жазылса, түбінде алдыңнан шығар. Жұлдыз, сірә, аруақтың өзі шығар. Өйткені, “аруақтың функциясы” мен “жұлдыздың қызметі” қатар аталса да, ұқсас. Сондықтан, біз екеуін ортақ әлем тұрғысында, бірге, тұтас қарастырғанымыз қателік емес. Жерге көмілген түздік, көшпелі – кейін аруаққа айналып, көкке ұшып шығады. Ол жұлдыз болып, жерге сәулесін түсіреді. Әкем жарықтық менің жұлдызым ба, кім білсін. Қорғай жүр, әкемнің жұлдызды аруағы, мен – сенің көлеңкеңмін. Көшпелі қазақ дүние салғанда, үш тәулік үйіне қондырады. Үйімен қоштассын, оның үйімен біз де қоштасайық. Үш күннен соң жер қойнына береміз, жетінші күні жанына сау-сәлемет айтамыз, қош бол. Қырық күн өткізіп, ол бізге рух күйінде, аруақ қалпында ортамызға қайтып келеді. Рақмет саған, Тәңірім. Тәнін жеті қабат жердің астына тастап шыққан Жаны басқа, жаңа сапаға иелік құрады, ол қасиеті – аруақ.

Өлікті жөнелту – өнер, халықтық өнер, зады, елдің танымын айқындайды, ескілігін білдіреді, бұл рәсімде халықтың таным-түсінігі жатыр, өмір/өлім қарсылығы мен бірлігі жұмбағын шешкен, түйінін тарқатқан ой/қағида бар.

Кез келген әдет-ғұрыптың өмір сүретін мезгілі – осы шақ. Тәңірі – осы шақтың құдайы.

Себебі, пенде қызығын да, қылмысын да бұ дүниеде жасайды, бұ дүниеде алғысына бөленеді, бұ дүниеде зауалын да тартады.

Қарғыс жібермейді, обал алдыңнан шығады. Жетім-жесірдің дүниесіне қызықпа, қол сұқпа, ырысы талан-таражға түспесін, берекесін қашырма, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпесін, әлсізге күш көрсетпе, жақсыға күйе жақпа, зорлық-зомбылық жасама, тізең батпасын, табаныңа салмасын, жалған сөйлеме, ақиқаттан адаспа, шындықтан көз жазып қалма, бейбақты қорлама, белгісіздіктен қашпа, өзіңді айыпқа бұйырма, өзгені қиянатқа байлама, басқаны бауырыңа бас, жатты сыйла, бөтенді сүй, бір Тәңірдің балалары.

О дүниеде жаза жоқ. Бәрі – иманды болғыр, бәріне – қара жер хабар бермесін, бәрі – жарықтық.

Тәңір қабілет берсе, еліңе жұмса, еңбегіңді бұлдама, қайырымыңды қарызға жасама, жәрдеміңді жария қылма, көмегіңді айтып істеме.

Бойыңда қасиет бар ма, емде. Бала – жан емшісі. Ұрпағың көп болсын. Жалғыздық дауасы, құса дә-рігері.

Суықтың да, ыстықтың да қайтарымы – жақсының күші. Аялы алақан ақырын сипаса, ем қонады, пейіл жайлап сөйлесе, дерт кетеді. Сырқат – көңілдің бұзылғаны, науқас – ниеттің бұзылғаны, түзелгені – тілеуқор тәуіптің жылы сөзі.

Жылы сөз, жылы көңіл – ем-дом. Түсі жылыдан түңілмейді, жылы қабақ танытқан көңілдегі мұзды ерітеді.

Қазақта дерт екеу: көз тиген немесе суық тиген. Бұл – анық белгі. Көз тигенді ұшықтайды (төбесінен қорғасын құяды, үстінен құстың қанын ағызады), суық тигенді ыстықтатады (жаңа сойған малдың терісіне орайды, қайнаған адыраспанға салады, алдына ыстық сорпа, салқын қымыз қояды, қазы-қартасы мол бір табақ ет тартады).

Көл жағасын батпақтап, балшық қазып, көміліп жататын да ем болады. Сордың тұзын байлайтындар да бар. Қарға тамырлы қазақтың барлық амалы да – шипа. Бәрі тәңірлік таным-түсінікпен тығыз байланысты. Тәңір адамзатқа ауруды емін қосып, жұптап жібереді. Яғни, сырқаты болса, сыры да анық. Бар. Ізде. Әдетте, іздеген табады. Еңбек, бейнетқорлық – Тәңірдің сүйген ісі, сондықтан, көшпелі тұрмыстың ауыр өмірі, қиямет-қайым тіршілігі қазақ жұртына салмақ болған емес. Қазақ – еңбексүйгіш халық, бір Тәңірдің балалары. Еңбектің өзі – дертке шипа.

Бірақ, дерттің тағы бір түрі бар – сөз тиген, әлбетте, сөздің ауыры төсекке таңады, тәбетін қашырады, уайым-шерге көміп, қайғы-мұңға қамайды, ақыры – ауыртады, тәнді қинағанды емдеу оңай, жанға батқаннан айығу – азап.

Қаралы салт егізінің сыңары – жарқын дәстүр. Бірақ, тәңірлік наным-сенім – жасампаз да жарқын дүниетаным. Тәңірлік ғалам пішіні – дүниеге деген жайдарман көзқарас. Тәңірлік ұғым-түсінік аясында өмір сүрген көшпелі жұрт ұрпағы – бақытты ел. Бұл – жақсылыққа құрылған, ізгілікке ұмтылған пейіл-ниет. Шапағат, пенде несібесі. Тәңірі – қуаныш көзі, шаттық жолы.

Дін емес, мүмкін, бала дін. Бала қалпында қалған, сәби шағында жүрген ой-сана.

Алла әмірімен біз мұсылман үмбетіне кірдік. Бірақ, кешегі өткен өміріміз есімізден кетпейді. Қазақтың көрген бейнеті көп, кітаби халықтар бастан кешкен қиын-қыстау күндердің қасіретінен бір кем емес, бәлкім, пайғамбар туғанда... қазақ дін тудыратын ел еді.

Отызыншы тарау

Әнім едің, ғазиз жарым, қайран Хафиз, неге мені ұмыттың, қалай ғана дәтің барды, жұт жеті ағайынды – Тәңірі бір басыма бүкіл қасірет-қайғысын үйіп-төкті, көз аша алмадық, сүйіспеншілігіміз сүйеніш емес, арқаға батқан ауыр жүк болды, қызықтың соңы қырғынға айналды, асыл сезім масыл ма, таң қалдым, қашқаныңа қарным ашты, қалаған өзің едің, балаған да сен, сонда, бас тартып, айнып шыға келгенің не, ойын ба, сауық па, ермек пе, опасыздық па, сатқындық па, айт, үкіміңді естіп, есімді жиып, шешім бе, кесім бе, кегім бе, тегінде, сен де тыңда, мен жеткізгелі отырмын.

Не естімедім, көрмегенім не. Басынғаның ба, әлде. Бағамызды Құдай береді, сосын, пейілі – қазір тар, ертең кең – артымызда ажал тұр, бәріміз де өлеміз, алайда, мәңгілік сірі жанды пенде, мәңгі тірі жады адамзат ұмыта қоя ма, еш өзгермейтін құжат бар, тарих өшпейді, талқыдан өтпесе де, тағдырдан кетпейді, ғұмырнамада жазылады.

Тасқа басылады. Махаббат – әділет заңы. Сүйгенді сүйеді. Іздегенді іздейді. Бір жақты махаббат – бір шақты махаббат.

Түнде қарауыл, күндіз күзетінде. Түсімде мұң шақты, ағыл-тегіл, бірде томаға-тұйық, бірде арқа-жарқа, енгені кеше, ертеңіне шығар есік, жарма қақпаны іздеп, аласұрды. Жағдайы ұйқы-тұйқы, жаны астан-кестең.

Апыл-тапыл жүрді, апыр-топыр болды. Неден қо-рықты, қайда қашпақ, құмарына – қарным ашты, бі-рақ, үрейі – кім.

– Тегі, жөніңді айтшы, барсың ба, жоқсың ба, Дафна? Неге мені жетелеп, белгісіз бір жақтарға дүркірете сүйрей жөнелесің, ел көшкендей дүбірлімін, керуенбасыдай тұғырлы болсам да.

– Жаз жайлауында жатқандай жадырай алмаймын, қыс қыстауында қымтанғандай бой жылыта алмаймын, көштен адастым ба, жұртта қалдым ба, заманым озды ма, залалым тиді ме, әйтеуір бір нәрсе болды,

– Соңыра – жоқ. Ұшты-күйлі. Опық жедік, ойланып үлгермедік. Көліктерді жарып, жол тауып келе жатқан едік – көз жазып қалдым. Көңілім алаң, көкейімде – сен.

– Мен?

– Біреу көрші ауылдан көрдік, деді, көшіп барған елдің үйіне түскеніңді теріс санады, телміріп, көзіңді сатып, сүйек-шатыс жамағайын жұрттан не ұттың, сауалдың сауабы қулық сауғандай, айтшы, сойы-тегі бір ағайын-туысың анадан бір туғандай ма екен, атау-кере асын жәрдеміндей ұғып, жақсылығын қарызға жасап, қайсымызды алдамақ, шын мәнінде, жақын маңда жүргенің жалған, қарға адым жерде қоныс тепкенің күмәнді, сен, меніңше, алысқа, біздің қолымыз жетпейтіндей тым-тым алысқа кеттің.

– Хафиз.

– Есімде, тиген соққы тегеуріні қатты, соңғы күндері ұйықтай алмай қалдың. Мазақ па, қорлық па, қасірет пе, оң-солыңды айыратын қабілетің жоғалды. Саған не болды, басыңа не күн туды, Дафна.

– Емеуріні – езгі ме.

Әлде елеңдегені, мүмкін, елегзігені – бір адмның тепкісі ме, не де болса, айт, қолында өлейік.

– Мына жүрісің қауіпті, орға жығады, шыңырауға түсіреді, құз-шатқалдан құлатады.

– Сені жықты. Бірақ, құлатуға күші жетпеді. Рас, жанына жара салды, көңіліне – қаяу, сезіміне – сызат.

– Менін бе?

– Иә, сен өміріңді аямадың, ендігі тіршілігің мағы-насыздай көрінді.

Отыз бірінші тарау

Түсімде жүрмін. Әлем – жанары төңкеріліп қараған сұлуға – қадалады: мен, сен, ол.

Қайыра жалғыз қаламын. Қасымда есіл-дертімнен айырып, қайта-қайта елеңдеткен образ жоқ. Қарға адым жерде тұр еді, енді алыстан сұлбасы көрінеді. Бейнесі бірде анық, бірде – көмескі, бірақ, жүзі жылы, ажары ашық, жүрісі жай. Әлде – жарқын, жойқын, ыстық.

Етегі толқып, көңілі толқып, қайта айналып келе жатыр. Иегі жоғары, еңсесі тік, бойы биік. Сен. Көздеріңе қарадым – әдемі, киіміңе қарадым – әде-мі, автомобиліңе қарадым – әдемі. Шілде. Жазғы көшеден, қыздардың мойнына байлаған жібек орамалдан сені көремін, төбесіне түйіп қойған шашынан аңғарамын, жаңбырдан соң шешіп алған жеңіл cулығынан байқаймын.

Қалқа, сен. Дәл өзің, шырамытқан жоқпын, шырақты адаспай таныдым, қайда шықтың, елдің шырқын бұзып, құлпырып, құрбысына еріп ұзап бара жатыр, жоқ, алыстан андағайлап ойымен алысқан анау тәрізді, әлде, мықыны мықты мынау ма, сен, көшеде қаптап кетіпсің, жалт қарағанда, көзінің құйрығын серпе тастайтын сақара қызындай, шие ерін, шырайлы жүз, сүйрік саусақ, толық білек, қыр мұрын, қаз омырау, тоқ балтыр, лұһлу иек, сұңғақ бойлы – сен.

Көктем – жарау. Қар кетіп, жер қарайды – сорғып, құрғап, кеуіп, дегдіп – толарсыды. Топырақ жарып, қылтанақтанып шөп шықты, күллі өсімдік күнге мойнын созды, гүл көкке ұмтылды.

Түз даладан жеткен самал, сен, сақарадан аңқып келген жұпар иіс, сен, қаладан естілген шат күлкі, сен.

Бәрі – сен.

Дафна.

Сұлу бикештер ұстаған шағын сөмкелерден көрі-несің, жүзіндегі жылылық, езуіндегі күлкіден білінесің, бағаншамдарға орнатылған жарнама, сілтеме, өнеге оттары арасынан тесіліп тұрасың.

Күллі жерде – Дафна. Сеңдей соғылысып, судай сапырылысқан жүргіншілердің алдында Дафна, жол бетінде құстай ұшқан автомобильдер салоны артында Дафна.

Дафна, қайран, Дафна. Салған әнім, жырға қосқан сағынышым. Дафнадан соң Дафна.

Сен деп соқты жүрегім. Есімде, жадымда. Мұңымыз – сыр, күніміз бір еді. Енді бүгін – ертеңде жоқпын. Кешеден келдім. Кешігіп, өткен ұстап қалды, кеткен жібермей. Өткен-кеткен – өмірім. Сөзіме ақын куә. Мен – өткен шақпын.

Елегіздім, қазір де елеңдеймін, кейін де алаңдаймын. Екеуміз – от. Тұтанғанда жандық, түтіндегенде өш-тік. Тамызықтан қоламтаға дейін өмір сүрдік. Күл. Іздегеніміз күл ме. Жылап келген күліп кете ме. Күліп жеткен торығып өте ме.

Туғанда күлген бір-ақ адам бар. Заратуштра. Өл-генде күлген кім?

Басы бар, аяғы – мораль. Бастапқы жолдары – поэзия, соңғы шумақтары – пафос.

Ән елтіп, жібек самал жүзімізді желпіп, жүзге келгенше қол ұстасып жүреміз дегеніміз қайда.

Қарақ, тынысым едің, жойылдың, тынышым едің, жоғалдың, соңғы демім үзілгенше, жырлап өтемін, бірақ, жырақта дерт жықты ма, науқас құлатты ма, әнге қосып, әлдилеп, өлең арнап, би билеп, ғашық жар, бақыт кешіп, басыма бақ құсы қона ма деп едім, жоқ, ұшты да кетті, қапелімде үркітіп жібердік, сен дүлдүлден, мен бұлбұлдан айырылдық, жан қалқа.

Сәулетай! Көз алдымнан күлкің кетпейді, айтқан әр сөзің ойымда, жасаған бар қылығың есімде, істегенім мойнымда, қойнымда, ішкі жан дүниемде – өзің, қал-қатай.

Жар!

Сені іздеп сенделемін.

Жар!

Көзің көк, бойың сұңғақ, ойың сұңғыла, қайдан тудың, анаңнан айналайын, кәнизак едің, қадіріңді білмедім, енді жоқсың, өкпең орынды, өкінішке қа-рай, орныңды сыйламадым, маңдайдағы екі шырақ маңайын көрген жоқ, соқыр еді, келешегін кітаптан оқи алмады, тоқыр еді, су қараңғы, тас қараңғы, өзімді кешігіп таныдым, көрген мехнатым – басқаның көз жасы, қарғыс жібермейді, қайғы босатпайды, зауал келеді.

Аяулы. Қаяулы. Дафна.

Отыз екінші тарау.

Жан алушы Әзірейіл (ғ.с.) періште

Содан кейін, ниеті бұзылды. Һарамда өмір сүрді – Әзірейіл періште Жасаған Ие жұмсаған тапсырманы орындайтын кезді күтіп жүрді.

Құранда: “(Мұхаммед) Сендерге уәкіл етілген өлім періштесі жандарыңды алады. Сосын Раббыларыңа қайтасыңдар де,” “Сәжде” сүресі, 11-аят.

Ұлық періште бұйрық түскен сәтте іргесінде қонып отырды. Сүт пісірім уақыттан соң, ол аждаһа кейпінде не шайтан күйінде көз алдына көрінеді. Екі құлағынан от шашып, екі көзінен жалын алаулап, аузынан ыстық жел соғып, күйдіріп барып, азапта қинап жанын суырып алады.

Көктен екінші хабар келді. Әзірейіл екі жерден бой берді. Бір ардақты кенет бірнеше періштеге бөлініп, жан-жаққа шашылып түсті. Жүздеген жолақ сәулеге айналды. Нұрлы сәуле жер-жаһанды аралап кетті. Үшінші, төртінші... бесінші жарлық – тапсырма мың-дап үйілді.

Тегінде, Әзірейіл (ғ.с.) Алла тағала әмірлерін қанша көп болса да, уақытында орындауға үлгереді.

Әзірейіл (ғ.с.) періштенің көмекшілері де іске кірісті. Олар Алланың әмірлеріне бас иді. Құранда бұған ишарат ретінде: “...Біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз жанын алады әрі еш кемістік етпейді”, “Әнғам” сүресі, 61-аят, дейді.

Бір періштелер бозбала жас жігіттің жанын гүлсебет тәрізді аялап көтеріп, жоғары кетіп барады. Ізгі амалы көп, жүрегі таза, десті періштелер.

Өлім аузында жатқан пендеге Әзірейіл (ғ.с.) және оның көмекшілері ниетіне қарай, қандай ғұмыр кешкеніне байланысты көрінеді. Негізінде, Әзірейіл (ғ.с.) періштенің әрбір адамға әйтеуір бір көрінері хақ, деді мейман, адам баласы қалай өмір сүрген болса, солай жан тапсырады. Ал қалай жан тапсырған болса, солай қайта тірілтіледі.

Өлім мен өмірді берген – Алла Тағала, қорытынды жасады хафиз. Демек, Әзірейіл (ғ.с.) мен өзге пе-ріштелер тек дәнекер ғана.

Бір күні Әзірейіл (ғ.с.) періште Ұлы Жаратушыға: “Мен өз міндетімді орындап, пенделердің жанын алам, ал адамдар мені осыған бола жек көруде,”– деп мұңын төгіпті.

Сонда Алла Тағала: “Өз міндетіңді орындау үшін мен олардың ажал құшуына түрлі себеп жаратамын. Осылайша адамдар ажалды сенен емес, сол себептерден көретін болады” деп мәселенің мәнін ашып, айқындап береді, Әбу Нуайм, Хилиәтул Әулия, 5/51; Суюти, әд-Дуррул-Мансур, 6/543.

Расында да, адам біреудің дүние салғанын естісе, дереу “Неден қайтыс болыпты?” деп бірден себебін сұрап жатады.

Әңгіме көркем шығарма түрінде жазылды. Кітап-тармен қатар, ғаламторға жүктелген деректер де пайдаланылды.

Отыз үшінші тарау

Новосибирск қаласына екінші мәрте барғанымда, үй қожайыны есікті өзі ашты. Күліп қарсы алды. Жалғыз екен. Ептеп қызып алған.

– Бүгін туған күнім, – деді ол, – бірақ, қасымда ешкім жоқ.

– Екеуміз атап өтеміз, –дедім мен.

Күлімсіреді, сосын күрсінді.

– Кір.

– Рақмет.

Сырт киімімді шештім. Төрге өтіп, дастарқан басына отырдық.

– Құяйын ба?

– Иә.

– Жете ме?

– Жетеді.

– Қуанышымды бөліскеніңізге рақмет.

– Туған күніңізбен!

Екеуміз ішіп салдық. Кермек дәмді виски тама-ғымды жыртып, өңешімнен өтті де, бойымды қыздыра жөнелді.

– Сүйген қандай жақсы, – деді ол.

Мен үзілді-кесілді басымды шайқадым, Марина танырқай қарады.

– Мехнат, – дедім.

– Неге?

– Бейнеттің бейнеті.

Ол тағы құйып қойды.

– Жалғыздықтан гөрі осы жақсы емес пе?

– Жақсы емес.

– Қайтіп?

– Дафна екі аяғынан айрылды.

– Иә.

– Мен жынданып кете жаздадым.

– Сен?

– Иә, мен.

– Не болды?

– Бақсы-балгерлер емдеп алып қалды.

– Қалай?

Қолын созды. Вискиден фужерге орталап құйды.

– Есімнен айрылып келе жатқанда, Дафнадан хабар келді. Өзінен емес. Көрген кісіден, Дафна арбада, өз бетімен жүріп тұра алмайды, көлік көп қатынамайтын алыс қыстақтың бірінде тұрып жатыр, сүйек-шатыс ағайынының қолында, келіп алып кетпесең, құсадан өледі. Дереу жолға шықтым.

Марина бетін жауып, еңкілдеп жылап отыр,

– А, ты знаешь об этом.

– Знаю. И потому направляюсь туда,

– Она в беде.

– Естідім.

– Она не понимает слов...

– Ескертілді.

– Дело в том, Хафиз, ты прости меня, она ничего не соображает, абсолюто ничего, не могу я это говорить, я не переношу такое, какая девочка была, ах, какая она девочкою была, наша Катрин Денев, такие рождаются один раз на тысячи и тысячи лет.

– Марина!

– Прости, Господи, дай ей шанс еще раз жить.

Вискиіміз тоқтап қалды. Ертең жол ұзақ.

Енді, көремін бе, жоқ па, белгісіз.

Үш жолаушы мініп баратын автомобиль табылды. Бояуы оңған, талайды көріп, жақсы күні өткен ауыл машинасы, әбден тозығы жетіп, шашылғалы тұрған көне техника екен, тіпті, сызат түсіп, жарылып-жарылып, сыры, сыны қашқан дәу қаңқасына қызғылт қоңыр дақ, дат қонып, шет-шетінен тотығып, жан-жағына, төңірегіне жайыла бастаған, кеңес өкіметі кезінен бері келе жатқан көлік сүйегіне әзер ілініп тұрғандай күйге ұшыратады, тежеуішті шұғыл, қатты басқанда, қорабы сырғып, сыпырылып түсіп қалатындай көрінеді.

ЭПИЛОГ

Ескі көлік аудан орталығынан кешеуілдеп шықты. Кеш, бірақ, суыт. Дайын машинаға мініп, жолдан қалмай, ілесіп кете бергенді жөн көрдік. Ойымыз, қараңғылық түспей, елге аман-есен жетіп алу. Ұзақ сапардан шаршап, құлазып, жаурап келемін. Күн суық, қақап тұр, саршұнақ аяз, желге қарсы жүргенде аямай бет қариды, оның үстіне оқтын-оқтын қар ұшқындап, сырма жүреді, күшейгенде ат құлағы көрінбейтін, ақ түтек боранға ұласып барады. Қауырт қимылдаған үшеуміздің тез жиналып, жолға шығып кеткеніміз сол.

Орталықтан шыға бергенде, көлденең орнатылған бағдаршам алдында, ескі көлік жалғыз өзі қарайып біраз тұрды да, істейтініне күмәнданып, жасыл түстің жануын күтпей, орнынан ытқып қозғалып, жанталасып, ілгері ұмтылды. Енді, бірқалыпты баяу жүріп келеді. Әредік қою қара түтініне қақалып, сілкініп-сілкініп, тоқтап қалады, моторын қайта қосқанда орнынан жұлқынады. Жанар-жағар майы нашар ма, таза емес пе, әлде басқа себеп пе, әйтеуір өз басын өзі зорға сүйрейді. Жол үстінде қалқып, біресе жоғары көтеріледі, біресе күрт төмен құлдилайды. Екпіндеп, алға ентелеп, зымырап отыратын тақтайдай тегіс, қарамай асфальт төсеп, жарқыратып қойған биік грейдер жоқ. Боран кабина ішіне бұрқыратып қар шашып, оқта-текте өкпе тұстан, өңірден, қолтықтан үрлеп, бойымызды мұздатады. Жол бітеліп қалмаса игі еді. Қалың шашын алдымызды бөгеп, жолымызды байлап, көлденең көміп тастай береді. Суық сүйегімізден өтеді. Көп саңылау, әр жыртықтан қар үйіріліп кіреді – үйіліп жатады.

– Тонған жоқсыздар ма? – деді жүргізуші.

– Ештеңе етпейді.

– Мақсұт, сонда бұл ағамыз кім болды?

– Жазушы.

– Қазір өзі жазушы қалды ма, бәрі шетінен бизнесмен.

– Қалыпты. Осы. Жалғыз өзі.

Күліп жібердім.

– Есімі – Хафиз.

– Сайлауға не қатысы бар?

– Дафнаға бара жатырмыз.

– Дафнаға?

– Иә.

– Сайлаудың немере қарындасына ма?

– Дәл үстінен түстіңіз.

Сосын, сілтідей тыныштық орнады. Бәрі үнсіз. Тіп-ті, боран да тоқтап қалғандай.

– Е, Дафнаға деңіз, – жүргізушінің ашық қоңыр дауысы анық шықты, қайта тыныштықты бұзды.

– Иә, Дафнаға.

– Бұрын, жаз айларында, осында келіп-кетіп жүр-генде, жас кезі, ажары, сымбаты қандай еді, шіркін!

– Дафна ма?

– Иә.

– Қазір қандай, – Мақсұттың дауысы жарық-шақтанып ақырын естілді.

– Бағы ашылмай қойды.

– Бағалай алмадық.

– Бағалағанда, үйленетін бе едің? Мақсұт, сен де қызықсың, қатырасың-ай, ә.

– Пенде баласы арман-мұратынан айрылса, күресе де алмай қалады екен.

– Иә, кім көрінгенге жем боп кетеді дейді.

– Өзін өзі кембағал санап.

– Кем бағалап...

– Жарықтық әкесі жақсы адам еді.

– Мынау анасына тартып кеткен, деседі.

– Хафиздің мақсаты не, сонда?

– Шаңырақ құрмақшы. Дафнаға сөз айтуға бара жатыр.

Жүргізуші аңтарылып қалды. Сосын, бұрылып екеумізге шолып қарады, машина екі бүйірімізден қыспақтап келе жатқан тау-тау, кесек-кесек күртік қарға соғылып қала жаздады.

– Азамат екен!

– Несі азамат, екі жас бір-бірін ұнатты, енді қосы-лады.

– Ол түсінікті, алайда...

– Жастың меселін қайтарма.

– Қайдағы жас, Дафналар отыздан асып, қырықты жағалап қалды.

– Бар өмірі алда.

– Енді, Дафна, қалай айтсам екен, арбада отыр ғой, естіп пе едіңіз.

Басымды изей салдым. Күдіктеніп келе жатқан едім. Үмітім де үкілі. Көз алдым күңгірттеніп, санам тұманданып кетті. Отырған орнымнан құлап қала жаздадым. О, сұмдық! Сонда, тараған қауесет, жұрт айтқан өсек-аяң рас екен-ау. Селк ете түстім. Жүрегіме шаншу қадалды, не істедім мен, әбден құртқан екенмін.

– Білсеңіз, азамат екенсіз.

– Рақмет.

– Дафна бақытқа лайықты.

– Ауылға да тақап қалдық.

– Жолайырықта түсіріп кетейін бе?

– Иә.

– Ел-жұртқа, ауылға соқпайсыңдар ма?

– Жоқ.

– Онда, жолдарың болсын.

– Соғымың шүйгін болсын!

Біз қар омбылап келеміз. Алдымыздан қарайып қоржын үй көрінді. Қос мұрын жай – кешегі социализмнен естелік. Қатар-қатар қоралар қара шо-ғырланып қарауытады. Жылқы жайылып жүр. Соңы-мыздан шұбатылып қалып жатқан ізімізді сырма жел бұрқыратып қар айдап қолма-қол көміп тастап отырады, аяз шынылтыр, бет-аузымызды жұлмалайды. Боран күшейген сайын аяз әлсірей түседі.

Теміржол бекеті үстінен түтіні будақтап пойыз өтіп барады, айнала бетпақ түз, ми дала, қар жамылған шексіз дүние, қашықтан қараған адамға – асыға адымдап, көлеңкесі қар бетінде аунаған, жылдамдатып келе жатқан екі қара ноқат дақтан басқа – ештеңе көрінбейді, күртік қар ақсақ ойылып, тізеден байлайды, жүрісіміз маңдымай қойды, жанымдағы серігім сәл кейіндеп, соңымнан ере, сөйлеп келеді:

– Алла жар! Алла жар!

– Тондыңыз ба?

– Жоқ.

– Түзде күн суық екен.

– Хафизжан, ораза кезі, айлардың сұлтаны, қуа-нышқа көрінді, бұл боран – ырыс-береке, жақсылық нышаны, қоңырау шала алмасақ та, үстінен түсетін болдық.

– Сіз анық осы үйде отыр деп ойлайсыз ба?

– Отырғанда қандай!

Сан мәрте алдандым, нысаналы жерге айшылық алыс жолдан шаршап жетіп, бар көрген азап-мехнатым артымда қалды-ау деп шүкіршілік етіп, дәм бұйырған дастарқан басынан ас ішіп отырғанымда, бес-он жыл бұрынғы уақиғаны айта бастайды.

Бұрқасын күшейіп барады. Қар толастар емес. Бір-екі күнде қайта алмайтын түріміз бар: жол ашылғанша қай заман.

– Жүрегім сезеді, – деді ол ентіге сөйлеп, – Дапына дәл қазір дастарқан басында отыр, кеше құмалақ салдық, бәрі келіп тұр, Құдай тағала екеумізді қуаныш-қа тура бастап келеді.

Біз сықырлап, сүрініп-қабынып үйге де жетіп қалдық. Бізге қарсы күркіреп орнынан екі-үш алабай көтерілді. Есік алдына қожайын шықты. Біз қол беріп амандастық.

– Дапына үйде ме, – деді салған жерден жолсерігім Мақсұт.

– Мақсұт, саған не болды асығып, амандық-саулық жоқ?

– Мына азамат екеуміз Дапынаға келдік.

– Үйде ол.

– Алматыдан келе жатыр.

Мені көтере сөйледі. Мен жайлы айтқан сөздері қалай-қалай әсер етіп жатқанын білгісі келіп, дүркін-дүркін оның бетіне қарап-қарап қояды.

– Жайшылық па?

– Сонау жер мойны қашықтан Дапынаны іздеп келді.

Қожайын маған сынай көз салды.

– Ол өзі ауырыңқырап жүр.

– Қазір тәуір ме?

– Тәуір.

– Үйге кірейік.

– Әрине.

Ол бізді үйге бастап алып жүрді. Босағадан тоқтап, етігімізді шештік.

Қонақүйдің табалдырығынан аттап келе жатқа-нымда, төрде, оң қапталда, арбада кітап оқып отырған Дафнаны көрдім. Ол да мені көрді. Қолындағысы “Анна Каренина” секілді. Екі көзінен мөлт-мөлт етіп жас шықты. Мен де жылдамдата басып келіп, аяғына жығылдым. Жансыз екі тізесін құшақтадым.

– Дафна, Дафна, – дей бердім аузыма басқа сөз түспей.

– Хафиз.

– Кешір мені, кешір.

Ол да әрең шыдап отыр екен, ағыл-тегіл жылады. Бұл сәтті өмір бойы күтіп еді. Қай жерінен қателік жібердім екен деп, бүкіл ғұмырын көз алдынан сан мәрте өткізді. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды. Енді сол Хафиз алдында тұр. Енді сол Дафна алдында тұр.

– Мені алып кетесің бе?

– Жылама.

– Иә.

– Дафна, жылама деймін.

– Я не могу.

– Правда, заберу. Затем и приехал.

– Я одна на всем белом свете.

– Знаю. Теперь вместе. Вдвоем.

– Я одна на всем белом свете.

– И дети будут.

– Так бесконечно приятно, что не могу, чувства, эмоции переполняют меня, но я так долго ждала, я так долго ждала тебя, мой Хафиз.

– Знаю.

– Оказывается, бесконечно долго ждать можно.

Ол қайта жылады. Қалтасынан целофанға ораған, шет-шеті жұлмаланған ескі бір сегіз парақ қағаз алып шықты. Әр беттен бір-бір әрпі ғана оқылатын сегіз сөздің қиындысы.

– Бұл не, – дедім алып жатып, – каллиграфия ма?

Ол басын изеді.

– Түсінген жоқпын, – дедім жорта.

Ол сегіз қағазды рет-ретімен орналастырғанда, әр сөзден жарқырап бір-бір әріп көрінді. Әуелі – I, сосын, L, оның артынан O, өз алдына дербес таңба V, тәуелсіз белгі E, содан соң, жеке-жеке, іркес-тіркес Y, O, U...

Оқыдым. I LOVE YOU, деген сөз шықты.

Бұл – сөз емес, – деді Дафна, – бұл – өмір.

Радиодан Роберт Бернстің сөзіне жазылған Александр Градскийдің әні естілді. Диктордың дауысы анық әрі нық. Орыс тіліне тәржімелеген – Самуил Маршак. Орындайтын – автор:

В полях, под снегом и дождем,

Мой милый друг,

Мой бедный друг,

Тебя укрыл бы я плащом

От зимних вьюг,

От зимних вьюг.

А если мука суждена

Тебе судьбой,

Тебе судьбой,

Готов я скорбь твою до дна

Делить с тобой,

Делить с тобой.

(21.04.2020 – 07.05.2020)

Бөлісу:

Көп оқылғандар