«Абай» мерейтойлық медалі

Бөлісу:

13.05.2021 3051

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Халықаралық Абай атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қоры бірлесіп «Мәдениет қызметкерлері күні» қарсаңында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ерекше еңбегімен еленген ақын-жазушыларды, мәдениет қызметкерлерін «Абай» мерейтойлық медальдерімен мараппаттады.

Өткен жылы қазақтың ғана емес, бүкіл әлемнің ортақ мақтанышына айналған халқымыздың данышпан перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хәкім Абайдың мерейтойына орай оның өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында көптеген іс-шаралар өткізуді тапсырған болатын. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында арнайы комиссия құрылып, еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Мәдениет қызметкерлері күні» аясындағы іс-шарада Тұрсын Жұртбай, Шәкір Ибраев, Несіпбек Айтұлы, Серік Негимов, Көпен Әмірбек, Дархан Қыдырәлі, Асан Омаров, Майра Ілиясова, Балғынбек Имаш секілді мәдениет және өнердің көрнекті өкілдері «Абай» мадельдерімен мараппатталды.

Бөлісу:

Көп оқылғандар