Қаламгерлер аллеясында қалықтаған жыр

Бөлісу:

20.06.2021 3778

Байқоңыр ауданы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының бірлесіп, Қаламгерлер аллеясында «Ашық аспан астындағы кітапхана» шарасын өткізуде.

Қаламгерлердің оқырмандармен кездесу кешін бірінші болып, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Даулеткерей Кәпұлы бастаған болатын.

Өз кезегінде Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев қала тұрғындарының рухани, мәдени сұранысын өтеуге бағытталған осынау шараларды ұйымдастыруға қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізген.

Естен кетпес екінші кездесудің құрметті қонағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, Халықаралық «Шабыт»2006ж шығармашыл жастар фестивалінде «Әдебиет» аталымы бойынша Гран-При және Президент Кубогін иеленген, бүгінде «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің «Әдебиет және өнер бөлімінің» меңгерушісі, «Киелі түндердің дұғасы», ««Егіз кітап» («Twinbook»)», «Хауас», «Үміт жырлары» атты жыр жинақтарының авторы Ерлан Жүніс болды. Кездесуді ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Даулеткерей Кәпұлы жүргізді.

Шара барысында белгілі журналист, спорт комментаторы, бірнеше кітаптың авторы, ақын Есей Жеңісұлы сөз алып, Ерлан ақынның шығармашылығына тоқталып, өлең оқыды. Елордалық студентттер ақынға өз сауалдарын қойып, арнау жырларын оқып, қолтаңбасын алып тарқасты.

Бөлісу:

Көп оқылғандар