ӘДЕБИ АЗИЯ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бөлісу:

05.03.2022 5833

"Әдебиетте шекара жоқ" деген ұғым бар. Иә, әдебиетте, өнерде шеккара болмайды. Болуға да тиіс емес. Рухани құндылықтарды сезіну, түйсіну, оның сұлулығына тамсану - барша адамзат баласына ортақ қасиет. Тек қана, оны сезініп, түсіне білу деңгейі әркімде әрқилы болуы мүмкін. Әдебиет - әралуан тіл, мәдениет, өркениет өкілдерін өзара байланыстыратын күшке ие рухани әлем.

Әдебиеттің адамдар арасындағы рухани байланысы, өзара ықпалдастық, түсіністік тұрғысындағы әлеуеті мен рөлі қашанда биік болып келген. Күллі адамзатты үш жыл бойына сарсаңға салып, сан жылдар, тіпті ғасырлар бойы қалыптасқан байланыстарға тұсау салған короновирус індеті адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты саябырсытып тастағаны белгілі. Бұл - руханият әлеміне де қатты әсер етті. Көршілес немесе алыс жатқан мемлекеттер арасында жүріліп жататын әдепкі әдеби, мәдени қарым-қатынас, барыс-келістер тоқтады. Дегенмен, бұл кезеңде ақпараттық технологиялардың қазіргі кезеңдегі дамуының нәтижесі - онлайн түріндегі форматтарға көбірек басымдық беріле бастады. Бұл да - жоқтан қарағанда бар үрдіс. Кейбір өңірлік, отандық, халықаралық деңгейдегі әдеби байқаулар өзінің белгіленген мерзімінде онлайн өткізілгенмен, олардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін тікелей жүргізу мүмкін болмаған еді. Пандемияны біртіндеп еңсерудің арқасында бұған да мүмкіндік туып отыр. Пандемия уақытында көптеген атаулы мерекелер мен айтулы даталардың мерзімі өткені белгілі.

2021 жылы Алтын Орданың 750 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әдеби Азия» («Литературная Азия») I Халықаралық әдеби байқауы өтті. 2021 жылғы екі үлкен мерейтойлық тақырып та алғаш рет халықаралық әдеби ортада көтерілуіп отыр. Байқауды «Халық дипломатиясының Халықаралық достастығы» (ХДХД) қоғамдық бірлестігі мен «AVANGARD» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырды. Әдеби байқаудың қорытындысы шығарылып, наурыздың төрті күні Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Бәйтерек" монументінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы мен "Астана-Бәйтерек" монументінің қолдауымен өткен марапаттау рәсіміне елордалық жеңімпаздар мен жүлдегерлер жиналды.

Ұйымдастырушылардың атап көрсетуінше, байқау шетелдік оқырмандар мен әдебиетшілерді Қазақстанның кеңбайтақ жерімен, мемлекет құраушы ұлт қазақ халқымен және онда мекендейтін өзге де диаспоралар арасында салтанат құрған тату-тәтті өмір-тіршілікпен таныстыруға бағытталған еткен. Және сондай-ақ Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінің ежелгі тарихымен, ғасырлар бойы қалыптасқан менталитетімен, ұлттық мәдениетімен таныстыруда бұл байқау үлкен маңызға ие болып табылады. Байқауға қатысу үшін Германия, Болғария, Израиль, Словения, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей Федерациясының Қалмақия, Кабардино-Балкария, Дағыстан, Татарстан, Молдавиялық Приднестровье, және басқа да елдерден екі жүзге жуық шығармашылық жұмыс келіп түскен.

Байқау қазақ, орыс және басқа да тілдерде көркем және публицистикалық әдеби туындылар жаратушы авторларды анықтау болды. Байқау Алтын Орданың 750 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында, еліміздің мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, шығармашылықты дәріптеу, халықтар достығын насихаттау мақсатында жүрілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасын ауқымды халықаралық әдеби мәдениет аумағы ретінде таныту мақсаты да көзделген байқау үш аталым бойынша өткізілді.

«Әдеби Азия» – Қазақстанның қазақ және орыс тілді әдебиетшілерінің Ресей, Украина, Беларусь және басқа да шетелдердің шығармашылық иелерінің өзара шығармашылық және достық байланыстарын нығайту үшін жасалған игі шара болды. «Әдеби Азия» I Халықаралық байқауының қазақстандық қазылар алқасының мүшесі, ақын, жазушы Дина Ораздың атап көрсеткеніндей, келіп түскен шығармалардың тақырыбы тарих пен мәдениет және халықтар өміріндегі сан түрлі жағымды, тартымды оқиғалармен байланысты болуы тиіс еді.

«Байқауға қатысушылар қазақ немесе орыс тіліндегі шығармаларын, түрлі жанрлар бойынша бір-бір жұмыстан: жалпы көлемі екі бетке дейінгі өлеңдер, шағын проза – жалпы көлемі 5-7 бет болатындай туындыларын ұсынған екен. Байқауға арналған жұмыстар көрсетілген мерзімге дейін электронды түрде қабылданған. Қазылар алқасының мүшелері байқауға келіп түскен шығармаларды 5 балдық жүйе бойынша бағалады. Байқауға жолданған жұмыстарды байқауға жауапты ұйымдастырушылар арнайы тіркеген және қазылар алқасына автордың қатысынсыз тіркеу нөмірлері берілді. Жұмыстарды бағалауды қазылар алқасы әр жанр бойынша және әр жас санатында жеке-жеке жүзеге асырды. Конкурсқа плагиат, анық айтылған нормативтік емес лексикасы бар, сондай-ақ ұлтаралық дүрдараздықты қоздыратын және Қазақстан Республикасының түррі заңдарына қайшы келетін туындылар жіберлген жоқ, - деп атап өтті Дина Ораз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысу тегін болған. Байқауға келіп түскен жұмыстарды іріктеу 2021 жылдың 16 қазанынан 2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін өткен. Бағалау: конкурстық жұмыстарды зерделеу және бағалау – 2021 жылғы 30 қараша мен 15 желтоқсан аралығында болды. Түрлі себептерге байланысты марапаттау рәсімі 2022 жылы 5 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жүрілді. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, "байқаудың бас жүлдесімен" марапатталды. Байқаудың барлық қатысушыларына «Алғыс хаттар» тапсырылды.

Байқауға келіп түскен туындыларды сараптайтын қазылар алқасы әр тілдер бойынша құрамдалған. Украин тілді жазушылардың байқау жұмыстары бойынша қазыл аралқасының құрамы:

1. Бақыт Рүстемов, қазылар алқасының төрағасы. Қазақстан.

2. Елена Гешко-Максимюк, Қазылар алқасы төрағасының орынбасары, Халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты, «Sun sity» журналының бас редакторы.

3. Виктор Васильчук – балалар жазушысы, Бүкіл Украиналық және халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты, Украинаның еңбек сіңірген журналисі.

4. Надежда Семена – Украинаның танымал жазушысы, Халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты. Соныменен аталған құрам украин тілінде келіп түскен жұмыстарды електей отырып, қазылар алқасы мынадай таңдау жасаған екен.

ПОЭЗИЯ жанры бойынша:

1 және 2 орындарға лайықты туынды келіп түспеуіне байланысты ешкімге бұл орныдарды тағайындамау бермеу туралы шешім қабылданған.

3 орын – Елена Сазонова, Зоя Мищук.

ПРОЗА жанры бойынша:

1 орын – Наталья Харив.

2 орын – Дмитрий Мандрабура.

3 орын – Илья Дорогостайский.

Галина Бокоч, Мария Папаш – қатысқаны үшін алғыс.

Қырғыз тілінде туындылар жолдаған ақын-жазушыларының байқау жұмыстары бойынша қазылар алқасының құрамы:

1. Бақыт Рүстемов, қазылар алқасының төрағасы. Қазақстан.

2. Бурулкан Карагулова ақын, қазылар алқасы төрағасының орынбасары, Қырғызстан.

3. Манат Бопекова ақын, журналист, Қырғызстан.

4. Құндызбу Маматова ақын, әдеби байқаулардың лауреаты, Қырғызстан.

Қырғыз тілінде ұсынылған туындылар бойынша, байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпаздары төменде көрсетілді:

ПОЭЗИЯ жанры бойынша:

БАС ЖҮЛДЕ: Ысмайыл Қадыров.

1-ОРЫН:

1. Әшірбаев Тайыр Саитқұлұлы.

2. Жузубалиева Сонунбибі.

3. Жолболды Сұлтанбекұлы.

2-ОРЫН:

1. Бечелова Миргүл.

2. Тешебаева Рысбибі.

3. Абдылдаева Кенже.

3-ОРЫН:

1. Айдарәліқызы Шынар.

2. Қасымова Бақтыгүл.

3. Әшірбекова Алтынай.

Өзбек тілінде жолданған туындыларды сараптап, байқаудың қорытындысын шығару үшін мынадай құрамдағы қазылар алқасы жұмыс атқарды:

1. Бақыт Рүстемов, қазылар алқасының төрағасы.

2. Гүлнар Хаматова

3. Бурулкан Карагулова

Өзбек тіліндегі туындыларды сараптау бойынша жүлдегерлер қатарынан орын алған -ақын-жазушылар мыналар:

ПОЭЗИЯ жанры бойынша.

1 орын (I дәрежелі диплом)

Шоира Давлатова.

2 орын (II дәрежелі Диплом)

Жахонгир Намозов.

3 орын (III дәрежелі Диплом)

Сауодат Құрбонова.

Қазақ тіліндегі туындыларды сараптау бойынша қазылар алқасының құрамы.

1. Бақыт Рүстемов – қазыларалқасының төрағасы. Қазақстан.

2. Серік Оспанов – қазыларалқасы төрағасының орынбасары, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан.

3. Аманкелді Жұмабек – журналист, ақын. Қазақстан.

4. Әбдірейім Әміров, Қазақстанның еңбексіңірген мәдениет қайраткері.

5. Егінбай Әбдірахманов – ақын, халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты.

6. Манарбек Кәрекенов– ақын, әдебисыйлықтардың лауреаты (Қазақстан).

Байқаудың қорытындысы бойынша қазақ тілінде жолданған туындылар төмендегі аталымдардың иелері анықталды:

ПУБЛИЦИСТИКА жанры бойынша:

БАС ЖҮЛДЕ: Нұрмаханов Қанат Жанашұлы.

1 орын (I дәрежелі диплом)

Ақылбеков Азамат Бақтыбайұлы (Азкен Алтай).

2 орын (II дәрежелі диплом)

Жүкенова Айшагүл.

3 орын (III дәрежелі диплом)

Батырхаирова Динара.

ПОЭЗИЯ жанры бойынша:

БАС ЖҮЛДЕ: Ақылбек Шаяхметов.

1 орын (I дәрежелі Диплом)

Есенгелді Сүйінов.

2 орын (II дәрежелі Диплом)

Асқар Дүйсенби.

Марлен Ғылымхан (Семсер).

Өсербай Алеуов.

3 орын (III дәрежелі Диплом)

Әлжамбаев Шаяхмет.

ӘбуЖарқынұлы.

КІШІ ПРОЗА бойынша:

БАС ЖҮЛДЕ: Каугани.

1 орын (I дәрежелі диплом)

Бақыт Мерекенова.

2 орын (II дәрежелі диплом)

АйгүлКемелбаева (Арқалы).

3 орын (III дәрежелі Диплом)

Бүркеншік аты: Изафет.

Нұрбек Нұржанұлы

ДРАМАТУРГИЯ бойынша:

1 орын (I дәрежелі диплом)

Дінмұхаммед Әбжаппаров

Байқауға қатысқан 18 жасқа дейінгі шығармашыл балалардың жолдаған туындыларын сараптау нәтижесінде, олар мынадай орындарды бөлісті:

ПОЭЗИЯ бойынша:

1 орын (I дәрежелі диплом)

Бауыржан Сәлім.

2 орын (II дәрежелі диплом)

Айман Кәріпбаева.

3 орын (III дәрежелі диплом)

Жұмабеков Ашер.

КІШІ ПРОЗА бойынша:

1 орын (I дәрежелі диплом)

Абираким Әсел.

2 орын (II дәрежелі диплом)

Құсайынова Сәуле.

3 орын (III дәрежелі диплом)

Нашен Алина.

Орыс тілінде жолданған туындыларға қазылық ету үшін байқаудың қазылар алқасы тізімі мынадай құрамда түзілді:

1. Бақыт Рүстемов – қазылар алқасының төрағасы. Қазақстан.

2. Александр Раткевич – қазылар алқасы төрағасының орынбасары, ақын, Беларусь «Еуропа Орталығы» халықаралық әдеби байқауының төрағасы, Ресей Еуразия халықтары Ассамблеясының әдеби кеңесінің тең төрағасы.

3. Әсима Ишанова, журналист, әдебиеттанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы, әдеби-көркем аударма конкурсы комиссиясының мүшесі. Қазақстан.

4. Разияханум Ахмедова, әдебиеттанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы. Дағыстан.

5. Екатерина Володина, ПЕН-клуб Дүние жүзілік жазушылар қауымдастығының мүшесі, Еуразия халықтары Ассамблеясының әдеби кеңесінің тең төрағасы, аймақтық әдеби журналдың редакторы. Ресей.

6. Наталья Вареник, журналист, ақын, халықаралық әдебибайқаулардың қазыларалқасының мүшесі, «Руханият шоқжұлдызы» әдеби байқауының төрағасы. Украина.

7. Андрей Чернов, ақын. «Чех күзі» халықаралық әдеби байқауы қазылар алқасының төрағасы. Қырым.

8. Абдукаххор Косимов. Академик, халықаралық көптеген әдеби сыйлықтардың лауреаты, ақын, «Клемент Фест» музыкалық-ақындық байқауының қазылар алқасының төрағасы (Қырым), Еуразия халықтары Ассамблеясының әдеби кеңесінің тең төрағасы (Ресей). Тәжікстан.

9. Валентина Боован. Халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты, ақын. Қалмақия.

10. Тамара Бенгессер. Халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты, афорист, ақын. Украина.

11. Дина Ораз. Халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты, ақын, халықаралық байқаудың қазылар алқасы мүшесі (Қырым). Қазақстан.

12. Андрей Степанов. Ақын. Қазақстан.

Байқауға келіп түскен орыс тіліндегі туындылардың әр жанрлар бойынша сараптау жасай келе мына қатысушылар жүлдеге лайық деп танылды:

ПОЭЗИЯ жанры бойынша:

БАС ЖҮЛДЕ: Терехина Лидия (Рязань қ., Ресей)

1 орын (I дәрежелі диплом)

Щербаков Юрий (Астрахань қ., Ресей)

2 орын (II дәрежелі диплом)

Козлова Алена (Петропавлқаласы, Қазақстан)

Литвинова Наталья (Полоцк қ., Беларусь)

Санжиев Арсланг (Қалмақ Республикасы, Ресей)

Сарбашев Азнор (Кабарды-Балкар Республикасы, Ресей)

3 орын (III дәрежелі Диплом)

Гергенредер Виктор (Франкфурт- на-Майнеқ., Германия).

Ковалева Тамара (Полоцк қаласы, Беларусь).

Шлабович Виталий (Браслав қаласы. Беларусь).

КІШІ ПРОЗА бойынша:

БАС ЖҮЛДЕ: Рябухин Борис (Мәскеу қ., Ресей).

1 орын (I дәрежелі диплом)

Начарова Инна (Велинград қ., Болгария).

2 орын (II дәрежелі диплом)

Зайцев Николай (Талғарқаласы, Қазақстан).

Богданов Асқар (Қазан қ., Ресей).

3 орын (III дәрежелі диплом)

Вертинская Татьяна (Краснодар қ., Ресей)

Воробьева Наталья

Казанцева Надежда (Қарағанды қ., Қазақстан)

Мерекенова Бақыт (Алматы қ., Қазақстан)

Шишко Лидия (Витебск қаласы, Беларусь)

Байқауды ұйымдастыру комитеті мен халықаралық қазылар алқасы аталған әдеби іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға байқауға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, келесі жылдары байқаудың бұдан да ауқымды өтетіндігіне сенім білдірді.

«Бұл байқау бұрынғы тәжірибелі мемлекеттік қызметкер және талантты әдебиетші, халықаралық деңгейдегі танымал көсемсөзші Бақыт Рүстемовтің үлкен күш-жігері арқасында осындай еларалық манымал әдеби үнқатысу болып қалыптасқанын атап өткен жөн болмақ. Байқауға қатысушылар осындай ауқымды халықаралық әдеби іс-шараның бастамашысы мен ұйымдастырушысына ерекше ризашылықтарын, ақжарма алғыстарын білдірді. Бақыт Рүстемов ұзақ жылдар бойы халықаралық әдеби қарым-қатынастар саласында еңбек етіп, шығармашылық аренада Тәуелсіз Қазақстанның беделін арттыру және барынша дәріптеу бойынша жемісті жұмыс жүргізіп келе жатқан туындыгер. «Ол қазақ халқының тарихындағы, түркі халықтарынан, Азия халықтарынан шыққан қаламгерлер арасында көптеген жылдар бойы құрметке ие болып, Ресей, Украина, Беларусь және Қырымда өткен халықаралық әдеби байқаулардың қазылар алқасының мүшесі болып сайланған алғашқы өкіл», – деп атап өтті байқауды ұйымдастырушылар. «Әдеби Азия» алдағы жылдарда да талай-талай таланттардың жолын ашып, бағын жандыруды масқат етіп отыр.

Бөлісу:

Көп оқылғандар