Қазақстандағы интернет әдебиетінің дамуы
Бөлісу:
5-ші сәуір күні Ғазиза Құдайберген басшылық ететін ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың Әбіш Кекілбайұлы атындағы оқу залында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын 2022-2024 жылдар аралығындағы ғылыми жоба аясында «Қазіргі Қазақстан әдебиеті: интернеттегі даму болашағы» («Современная литература Казахстана: перспективы развития в интернете») атты семинар өтті. Жоба жетекшісі ‒ PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының постдокторанты, Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Америкадағы Дж. Вашингтон университетінде тағылымдамадан өткен ғалым Сабирова Дина Алтайқызы. Шараны Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының оқытушысы, жазушы-драматург, әдебиеттанушы Әлібек Байбол жүргізді. Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының докторанты, Германия, Польша, Литва, Түркия, АҚШ университеттерінде білімін жетілдірген әдебиеттанушы Мадина Молдағали «Интернет әдебиеті ұғымына әдеби әрі теориялық талдау» атты баяндама жасады. Шара қонақтары ‒ ақын, әдебиеттанушы, PhD Ақерке Асан, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Әсел Ерсайын, балалар жазушысы, сценарист Зәуре Төрехан, жазушы-драматург, ақын, аудармашы Жантас Еркін ұйымдастырушылар әзірлеген сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, жиынға № 164 мектеп-гимназиясының, № 53 мектеп-гимназиясының, Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің (KOPIS) студенттері мен ұстаздары қатысты.
Бөлісу: