VI ЕУРАЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ «Eurasian Book Fair — 2023»
Бөлісу:
2023 жылдың 19 мен 23 сәуірі аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында «Eurasian Book Fair – 2023» VI Еуразиялық халықаралық кітап-жәрмеңкесі өтеді. Шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
Іс-шараның негізгі мақсаттары: кітап оқуды насихаттау; оқу мәдениетін қалыптастыру; әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің заманауи үздік ассортиментін, кітап шығару жəне полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну; дүниежүзілік кітап басып шығару және полиграфия индустриясының тәжірибесін зерделеу; байланыс орнату және баспа саласындағы жетістіктерді көрсету.
Қазіргі таңда көрме-жәрмеңкеге қатысуға Қазақстан, Ресей, Түркия және Қытайдың баспа, кітап сату, ғылыми, білім беру және полиграфиялық компанияларының өкілдері болып табылатын 70-ке жуық компания өтінім берді.
«Eurasian Book Fair-2023» Еуразиялық халықаралық кітап-жәрмеңкесі ересектер үшін де, балалар үшін де бірдей қызықты болатын бес күндік ауқымды мәдени және іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрмеге қатысушыларды қазақстандық және шетелдік жетекші баспалардың балалар, көркем, оқу жəне ғылыми-көпшілік әдебиетінің жаңалықтарының тұсаукесері, белгілі жазушылармен, ақындармен қолтаңба сессиялары, кітап шығарудың өзекті мәселелері талқыланатын дөңгелек үстелдер күтілуде. Көрменің барлық 5 күнінде балалар алаңында кітап оқулары, тасқа сурет салу, кітаптарға бетбелгі жасау және т.б. бойынша шеберлік сабақтары өтеді.
Көрме аясында «Жылдың үздік кітабы» байқауы өтеді. Үміткерлер келесі номинациялар бойынша жеңіске таласады: үздік оқу құралы; балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап; үздік өлкетану басылымы; Мәдениет және өнер; ғылым және инновация; гран-при. Сондай-ақ, көрме барысында бағалы сыйлықтар ұтысы мен иллюстраторлар байқауы өтеді.
«Eurasian Book Fair-2023» көрмесінің құрметті қонағы – Абай ауданы көрмеге қатысу үшін ауқымды мәдени-іскерлік бағдарлама дайындауда. Көрменің барлық күндерінде облыс стендінде және Форумда жазушылармен кездесулер, әртістермен театр актерлерімен қойылымдары, мәдени бағдарламалардың тұсаукесері өтеді. Абай өлкесінің бір игілігі – аса көне жəне сирек кездесетін кітап ескерткіштері, XVIII ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың басындағы өлкетану басылымдары, бай кітап қоры бар бірегей кітапхана.
Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, жазушылар, шет мемлекеттердің елшілері шақырылды. Ашылу салтанаты 19 сәуір күні сағат 11:00-де Мәңгілік Ел даңғылы 53/1 мекен-жайы бойынша «EXPO» ХКО фойесінде өтеді.
2023 жылдың 12 сәуірінде сағат 11:00-де көрме-жәрмеңке аясында белгілі қоғам қайраткерлері мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өкілдерінің қатысуымен Қазмедиа орталығында баспасөз мәслихаты да жоспарланған.
Баяндамашылар: Алмаз Мырзахмет, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Баспа ісі басқармасының басшысы; ақын Ақберен Елгезек, ақын, журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Turkistan» халықаралық саяси газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы; белгілі теле-радио жүргізушісі Айкерім Есенәлі.
Баспасөз мәслихаты барысында келесі тақырыптар талқыланады:
Қазіргі кезеңде кітап көрмелерін өткізудің маңызы, өзектілігі;
Қазақ тіліндегі кітап шығару: қазақ тіліндегі оқудың проблемалары, шешімдері, перспективалары және кеңінен насихаттау мәселелері;
Интернет кеңістігіндегі тым көп ақпараттың болуы. Сізге кітап оқу керек пе? Немесе қысқаша Кітап және 21 ғасыр адамдары;
Өскелең ұрпаққа оқуға тиісті кітаптар;
Әдебиеттегі өзгерістер: жастарға көркем әдебиет қызық па әлде нон-фикшн;
Кітаптар гаджеттерге қарсы. Ересектер мен балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалай тәрбиелеуге болады?;
Электрондық және қағаз кітаптар. Неге артықшылық беру керек?;
Азаматтық-патриоттық ұстанымның қалыптасуына әдебиеттің әсері;
Отандық/ұлттық әдебиеттерді оқудың мақсаттылығы.
Көрменің өтетін орны:
«EXPOә ХКО, МәңгілікЕл даңғылы 53/1,Д залы
Көрменің жұмыс уақыты:
19 сәуірден 22 сәуірге дейін: 10:00-19:30
23 сәуір: 10:00-16:00
КІРУІ ТЕГІН
Бөлісу: