Астанада «МӘДЕНИЕТ: КІТАП. БІЛІМ. ТІЛ» OPENAIR фестивалі өтті
Бөлісу:
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «МӘДЕНИЕТ: КІТАП. БІЛІМ. ТІЛ» OPENAIR фестивалі өтті.
Мақсаты: Мәдениет мен өнер адамдарын, кітапхана саласында қажырлы қызмет жасап жүрген мамандарды қолдау.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Оралов Асхат Раздықұлы өңірлерден келген үздік кітапхана қызметкерлері мен ардагер кітапханашыларын Мәдениет саласының жоғары наградаларымен марапаттады.
Шара аясында «Кітап оқу – жетістік трамплині» атты NetWorking ұйымдастырылды. Оған жазушылар, журналистер, редакторлар мен кинорежиссерлер қатысты. Бағдарлама аясында «BOOKS-TOP» кітапхана мен баспалардың көрме-жәрмеңкесі, антикварлық, қолтаңбалар және жаңа кітаптар көрмесі, Art-шеберлік сағаттары, балалар павильонында түрлі кездесулер, қойылымдар өтті.Ашық диалогта жазушы-баспагерлер ұлттық құндылықтарды арттырудың заманауи тәсілдерін талқыға салды. Тәжірибелі тренерлер кітапханалық медиа жобалар, медиасауаттылық, мобилография және SMM-технологиялары, TikTok контенттерін әзірлеу сынды өзекті тақырыптарды қозғайды. Сала дамуына қатысты маңызды мәселелер «QUIZ» интеллектуалдық алаңында жалғасады. Өңірлерден келген кітапханашылар тәжірибелік кейстерімен бөлісті.
Фестивальге Мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, баспагерлер, қолөнер шеберлері, БАҚ өкілдері, кітапханашылар, оқырмандар қатысты.
Бөлісу: