«Патша көңілім, не дейсің?!.» комедиясының тұсаукесері болады
Бөлісу:
2023 жылдың 27-28 желтоқсан күндері сағат 19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Патша көңілім, не дейсің?!.» комедиясының премьерасы өтеді. Туынды авторы – Қуаныш Жиенбай. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов. Қоюшы суретшісі – Тимур Қоесов. Композитор – Қайрат Тоқымбетов.
Жаңа спектакльге екі құрамда танымал театр және кино артистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақыш Омар, Лейло Бекназар, Боранбай Молдабаев, «Құрмет» орденінің иегері Майра Омар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Асылбек Қапаев, Жанқалдыбек Төленбаев, Алтынай Нөгербек, Сырым Қашқабаев, Ерлан Малаев, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Ботагөз Мақсұтова, Дастан Әлімов, Самат Байыров және театрдың жас артистері қатысады.
Ана рөліндегі актриса, «Құрмет» орденінің иегері Майра Омар: «Спектакльде ауылдағы өмір, әкенің, жалпы ер азаматтардың қоғамдағы орнының мәні, қарашаңырақтан, ата-анасынан алыстап кеткен балалардың өмірі мен қазіргі таңда қызу талқыда жүрген мәселелер көтеріледі. Қазіргі қоғамдағы әкелердің, қариялардың дәрежесі көтерілсе, бәлкім, отбасыға деген қарым-қатынас басқаша болар ма екен. Сөзге тоқтам болатын қазақ азаматтарына, болашағымызға қажет тақырыптар қозғалады».
Бөлісу: