Soyle.pro мобильді қосымшасы іске қосылды
Бөлісу:
Қазақстан халқының тілдері күні Soyle.pro – қазақ тілін үйренуге арналған заманауи онлайн-платформа және мобильді қосымшасын іске қостық. Ресурс әлемдегі ең үздік тіл үйрену қосымшаларына ұқсас жасалған. Пайдаланушыларымызға ыңғайлы болу үшін ойын мен оқу процесінің элементтерін біріктіретін инновациялық тәсілді алға тарттық.
Soyle.pro мобильді қосымшасы iOS пен Android жүйелерінде қолжетімді. Бұл тіл үйренуді кез келген уақытта және кез келген жерде ыңғайлы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Платформа 10-15 минуттық 20-30 тапсырмадан тұратынсабақтарды ұсынады. Пайдаланушылар «тәжірибе ұпайларын» жинап, оларды жетістік белгілеріне айырбастау арқылы сөздік қорларын байыта алады.
Soyle.pro мобильді қосымшасының артықшылықтары:
* Мобильді құрылғылар арқылы қол жетімділік.
* Сабақтар туралы тұрақты push-хабарламалар.
* Конверсияны арттыру және дерек жинау мүмкіндіктері қызмет сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Платформа пайдалануға дайын, қазақ тілін меңгергісі келген адамдар Soyle.pro арқылы оқуларын бастай алады.
Soyle.pro “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен әзірленді."
Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі
Бөлісу: