Qalamdas әдеби сыйлығының үшінші маусымы басталды

Бөлісу:

08.10.2024 320

Алматылық Ашық Әдебиет Мектебі мен қазақстандық «Дактиль» әдеби онлайн журналы EZ Solutions ивент-агенттігінің қолдауымен «Мусагет» қоғамдық қорының негізін қалаушы Ольга Маркованы еске алуға арналған Qalamdas әдеби сыйлығының үшінші маусымын өткізіп отыр.

Әдеби сыйлықтың байқауы екі тілде бес номинация бойынша өткізіледі. Олар: «Поэзия», «Проза», «Балалар әдебиеті», «Әдеби сын» және «Көркем аударма». Байқауға қазақ немесе орыс тілінде жазатын Қазақстанның азаматтары мен резиденттері қатыса алады.

Өтінім қабылдау 2024 жылдың 10 қыркүйегінде басталып, 9 желтоқсанына дейін жалғасады. 

Qalamdas әдеби сыйлығының қазақтілді және орыстілді жеңімпаздарының есімдері әр номинацияда 2025 жылдың мамыр айының ортасында өтетін марапаттау рәсімінде жария етіледі.

Әдеби сыйлықтың жүлде қоры 2 млн теңгені құрайды.

Ережесі, өткізілу тәртібі мен командасы туралы ақпаратпен әдеби сыйлықтың парақшасында танысуға болады:

https://litshkola.kz/qalamdaskaz/ 

Әдеби сыйлық қазақ және орыс тілдерінде жазатын дарынды қазақстандық авторларды қолдап қана қоймай, олардың басын қосып, алдағы бірлесіп өркендеуі үшін ортақ шығармашылық кеңістікті қалыптастыруды мақсат етеді. Әдеби сыйлықтың тағы бір мақсаты – Қазақстанда көркем аударма мен әдеби сынды қолдау және дамыту.

Бөлісу:

Көп оқылғандар