Бердібек Соқпақбаевтың  100 жылдығына арналған шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Бөлісу:

15.10.2024 164

Алматы облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен  15 қазан күні сағат 11.00-де көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың  100 жылдығына арналған шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі әрі қаламгердің шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

Шараның негізгі мақсаты – қазақ руханиятының көрнекті өкілі, балалар әдебиетінің классигі, ақын Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын насихаттау, артында қалған әдеби мұраларын жаңғырту, жазушы есімін болашаққа жеткізу жолындағы рухани жұмыстарды жалғастыру. Республикалық байқау 2024 жылдың 10 ақпанында басталып, конкурстық жұмыстар 31 наурызға дейін қабылданды. Байқауға еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық 5-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, ерекше белсенділік танытты.

Бұл байқау кез келген жас автордың шығармашылық дамуына, дүниетанымы мен рухани білімін жетілдіруге тамаша мүмкіндік берері сөзсіз.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер мен әдебиетшілер, қоғам қайраткерлері, облыстардан үздік шыққан оқушылар, ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты. 

Сонымен, қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың ғасырлық тойына арналған шығармашылық байқаудың нәтижелері мынандай болды:

Ынталандыру сыйлығымен Алматы қаласы С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Арын Айғаным Жарасқызы марапатталды.

3-орынды Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылынан келген Ясмин Нұржанқызына жеңіп алды.

Тағы бір 3-орын Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаттың оқушысы Нұрғали Нұрайым Жасұланқызына бұйырды. 

Соңғы 3-орынды Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылының оқушысы Абдиманап Аясын Бақытжанұлы жеңіп алды. 

2-орынды Ақмола облысының оқушысы Еркеназ Серікқызы жеңіп алды. 

2-орынды Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, 125 Hing School оқушысы Амир Арсыланұлы жеңіп алды. 

1-орын Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің оқушысы Жәдігер Ернар Айбекұлына бұйрса, Бас жүлдені Ақмола облысының оқушысы Нұртас Сьезұлы жеңіп алды. 

Бөлісу:

Көп оқылғандар