«Қызай ана» қоғамдық қоры жыр мүшәйрасын жариялады

Бөлісу:

21.02.2017 6343

«Қызай ана» қоғамдық қоры 6 жылдан бері Алматы облысы Талғар ауданы Өстемір ауылында Наурыз мерекесін өткізіп келеді. Биыл мереке аясында Алаш Орданың 100 жылдығына орай «Айбынды Алашым» атты жыр мүшәйрасын өткізеді.

edf9a6b1662eb663b2d18eb65de18f51.jpg

Мүшайраның мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін ұлықтаумен бірге бүгінгі жастарымызға Алаш рухын дәріптеу. Қызай ананың тұлғалық, кісілік келбетін айшықтап, жастарға өнегесін көрсету.

Мүшайраның шарты:

1. Алашорда үкіметі туралы патриоттық өлең;
2. Қызай ананың кемеңгерлік тағлымды өмірі мен ана болмысына арналған өлең;
3. Еркін тақырыптағы өлең.
4. Қатысушылардың жас мөлшері 35-тен аспауы қажет.
Ақындардың өлеңдері «Әдебиет порталында» жарияланады. Оқырман пікірін ескере отырып, әділ қазылар жүлдегерлерді анықтап, ақпарат құралдарында жариялайды. Жеңімпаздар 23 Наурыз күні сағат 11-де Алматы облысы, Талғар ауданы, Өстемір ауылында өтетін Наурыз мерекесінде ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өлеңдерді 15 наурызға дейін «Әдебиет порталының» электронды поштасына өзінің мекен-жайын, телефон нөмірін қосып жіберуі керек.

Ескерту: Жеңімпаздардың жол шығыны өз есебінен болады.

Электронды пошта: adebiportal@gmail.com

Телефон: +7 (7172) 79 82 12, 8 775 126 34 46

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар