Өлеңмен өмір сүрген ақынның жыр кеші өтеді
Бөлісу:
Ақпанның 28 жұлдызында С. Сейфуллин атындағы облыстық драма театрда Қарағанды "Болашақ" маңызды білім беру колледжінің ұйымдастыруымен, қазақ поэзиясының жарқын өкілі, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, бар-жоғы 52 жыл өмір сүріп, жыр дүлдүлі атанған ақын Дәуітәлі Стамбековтың туғанына 70 жыл толуына орай туған топырағы ақынды еске алып, «Уақыт сөз беріп тұр маған бүгін» атты әдеби-сазды жыр кешін өткізеді.
Кешке ақынның қаламдас достары Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулет, Тұрсын Жұртбай, Роза Мұқанова, Жанболат Аупбаев, Серік Ақсұңқарұлы, Абзал Бөкен бастаған қаламгерлер мен «Тоқырауын толқындары» ансамблі, белгілі әншілер Дәуренбек Әркенов, Гүлдана Мақшонова, Әлия Түсіпбаевалар қатысады.
Өлең десе жоқ біздің сабырымыз.
Өлең, өлең, о, өлең, тағы да өлең,
Өліп кетсек өзіңсің – қабіріміз! – деп өлеңге адал күйінде өткен ақынның жыр кешіне келіңіз!
Өтетін орны:
Қарағанды қаласы, С.Сейфуллин атындағы дарама театры;
28.02.2017
Бөлісу: