«Адамзаттың ардақтысы – Пайғамбарым Мұхаммед» республикалық әдеби байқауының ережесі
Бөлісу:
09.12.2014
4184
«Адамзаттың ардақтысы – Пайғамбарым» атты байқау (ары қарай – Байқау) ашық Республикалық байқау болып саналады.
Байқау туралы ақпарат www.ummet.kz сайтында (Бұдан ары – Сайт) 2014 жылдың қыркүйек айының 15-ші жұлдызынан бастап жарияланады.
Жеңімпаздарға сыйлықтар мен жүлделерді тағайындауды байқаудың комиссия мүшелері шешеді және жеңімпаздар үшін жүлделер мен сыйлықтар қалалық Мәуліт мерекесі қарсаңында тапсырылады.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
1.Әлемдік тарихта өшпес із қалдырған, күллі әлем үшін рахмет болып жіберілген, екі дүние Сардары, адамзаттың Асыл Тәжі – Мұхаммед (ғ.с.) Пайғамбардың ғибратқа толы өмірін, көркем ахлағын өскелең ұрпақ арасында насихаттау;
2.Жалпы адами құндылықтарды, гуманизмді және толеранттылықты насихаттау;
2.Талантты жас дарындарды анықтау, жастар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалануларына көмектесу.
Байқауға қатысу талаптары:
1.Республикалық байқауға еліміздегі барлық студенттер мен мектеп оқушылары қатыса алады;
2.Байқауға қатысу ерікті түрде жүргізіледі және байқауға қатысушылардың саны шектелмеген;
3.Байқауға қатысатын шығарма «Екі дүние сардары, адамзаттың Асыл Тәжі – Мұхаммед Пайғамбар өмірі – біз үшін өнеге» атты қағида аясында мына тақырыптардың біреуіне жазылуы керек:
- «Мұхаммед (ғ.с.) Пайғамбар – жетімдер қамқоршысы»;
- «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»;
- «Көрші ақысы – Тәңір ақысы».
Дара бір қатысушы байқауға бір ғана шығарма ұсына алады;
Байқауға қатысу арнайы мәтіндегі толтырылған тапсырыс-анкетасын және жазылған шығарманы ummet-kz@mail.ru атты электронды поштаға жіберумен іске асады;
Байқауға мәтіні күмәнді болған, ұлтаралық және дінаралық қатынастарға сыза түсіретін, адам құқықтарын таптайтын, ҚР Заңдарына қарсы келетін шығармалар қатыстырылмайды және қарастырылмайды;
Байқауға сондай-ақ авторы белгісіз болған немесе 2-3 адамнан құралған топтық жұмыстар қатыстырылмайды.;
Байқауға ұсынылған материалдар адағы уақытта ҚМДБ-ның кез-келген БАҚ ресурстары арқылы жарияланып, қажет жағдайда редакцияланып, өңделеді.
Байқауға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар:
1.Байқауға шығарма жіберген адам сол шығарманың авторы болуы керек;
2.Шығарма арнайы байқауға арналып жазылған және бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек;
3.Байқауға жіберілген шығармалар қазақ немесе орыс тілінде болуы керек;
4.Ұсынылған қағида аясында тақырыпқа сай болу;
5.Шығарма көлемі 3 беттен кем болмау және 7 беттен аспау;
Байқауға жолданған шығарма төмендегі талаптарға сай болу керек:
- Word форматында, Times New Roman әріп таспасында, әріп көлемі 12 пункт;
- Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін шығармалар ұйымдастыру комитетінде қаралмайды.
Байқауды өткізу тәртібі:
Байқауды өткізу екі кезеңде іске асырылады:
І кезең (15 қыркүйек – 25 желтоқсан аралығы): байқауға қатысушыларды тіркеу, шығармаларды қабылдау, іріктеу турынан өткен шығармаларды Сайтқа көрермендер назарына ұсыну, онлайн режимінде көрермендер тарапынан дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтау;
ІІ кезең (25-30 желтоқсан): Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінwww.ummet.kzсайтында жариялау.
Байқаудың жүлделері:
Байқау қорытындысы бойынша қазақ тілі және орыс тілінде жіберілген шығармалар жеңімпаздарының жүлделері:
- Бас жүлде - Ұмра қажылы;
- 1-ші орынға – Samsung Galaxy S5;
- 2-ші орынға – Samsung Galaxy S3;
- 3-ші орынға – 50 000 теңге (Екі адамға)
adebiportal.kz
Бөлісу: